Абай – ақын, ағартушы, философ, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болған, өз елінің беделді адамы. Шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз әңгімелерді айтып, халықтың ауыз әдебиетімен таныстырып отырған. Молдадан 3-4 жыл оқығанда, зеректігі байқалып, әкесі оны Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға жібереді. Медреседе ол 4 жыл оқығанда, араб, иран, Орта Азия классиктерінің шығармаларымен танысқан. Әкесі Абайды ел басқару ісіне бейімдеу үшін оқудан қайтарып алады. Семейде жүргенде Абай орыс тілін үйрену үшін 3 ай орыс мектебінде оқиды. Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршы, әнші-күйшілерімен жиі кездесетін, өз халқының рухани мәдениетімен танысады. Өзі де билер үлгісінде шешен сөйлеуге жаттығады.
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы:Қазақтың бас ақыны М. Әуезов «Бала Абай» Оқу мақсаттары: 3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру; 3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану. Сабақ мақсаттары: Барлық: мәтінді түсініп оқиды, мазмұнын түсінеді. Көптеген оқушылар: мәтін мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастырады, мәтін мазмұнын айтуда сурет нұсқасын қолданады; Кейбір оқушылар: бағалауға, шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды және жауап береді, мәтінге сүйеніп диалог құрастырады..............
Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа! Сабақтың тақырыбы: Абай – ақылдың ақыны Оқу бағдарламасына сілтеме: 6.2.4.1.- әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады: Шығармада көтерілген мәселені анықтайды, хат құрылымын сақтап жазады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармада көтерілген мәселені анықтап, көзқарасын білдіреді. Хат құрылымын сақтап жазады. Кейбір оқушылар орындай алады: Шығармада көтерілген мәселені анықтап, көзқарасын білдіреді. Көркемдегіш құралдарды қолданып, хат құрылымын сақтап жазады....
О жолдастар, жолдастар! Асыл тастан шығады, Ақыл жастан шығады. Әділдіктің түрлері, Әдемі заман гүлдеді, Сталин соққан бесіктен Өрбіп өскен кіл жастар. .....
«Қарасаздан ұшқан қарлығаш» деген өлеңінде: «Мен өзім жайында мынаны айтам: мен XXI – ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да ...» деп жазған екен.
Иә, Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Ауыл орта....
Орта ғасырда өмір сүріп, артына өшпестей мұра қалдырған шығыс поэзиясы алыптарының бірі, азербайжан халқының ұлы ақыны - Мухаммед Физули. Шығыстан жарқырап туған ғажайып жыр жұлдыздары қатарында азербайжан халқының ұлы ақыны Физули есімі де тұр. Қазақ халқына Фердауси, Рудаки, Низами Омар Хайям, Хожа Хафис, Жәми, Сағди, Набон есімдерімен бірге Физули атыда баяғыдан таныс. Өйткені, Таяу және Орта Шығыс әдебиетінің тарихында аса айтулы құбылыс болып саналған Физули поэзиясының қазақ халқының әдебиеті мен рухани өміріне біраз әсер-ықпалы тигені даусыз. Ол (шамамен 1448 жылы туып, 1556 жылы өлген) араб Ирагының Кербале (қазақ ұғымында кер бала) дейтін қаласында, өзінің оқымыстылығымен аты шыққан Сүлейменнің семьясында дүниеге келген. « Физули » - білімдар, өз тілді, орақ ауызды деген мағынаны білдіретін сөз болса керек. Ақынның бүкіл табиғаты бұл есімнің дәл табылғанын, барынша лайық есім екенін айғақтайды. Ол соншалық көп білетін, оқымысты, ойшыл адам болған. Физули жас кезінде-ақ поэзия сипаттары мен шарттарына кәнігі жетіккен араб, парсы, түркі тілдерін үйреніп алған. Ақынның әкесі Сүлеймен Бағдадқа азербайжаннның Арша округінен көшіп барған көрінеді. Оны кейбір зерттеушілер муфти болған деседі. Бірақ Физули өз шығармаларында әкесінің кім болғандығы туралы ештеңе айтпайды. Физули әуелі Кербаледегі мектепте, кейін Бағдадтағы медреседе оқиды. Ол мектепте оқып жүрген кезден бастап-ақ махаббат жайында қысқа-қысқа өлеңдер жаза бастайды. Бірақ ғылымсыз поэзия бос сөз екенін түсінген ақын өз поэзиясында философиялық ойларға да ерекше мән берді. Физули шығармалары өзінің көзі тірісінде және кейінде қол жазба күйінде тараған. Сондықтан да оны халық « біздің білімпаз »деп атап кеткен. Шынында да Физули өз кезінде көп нәрседен хабары бар өз заманының озық идеяларын берік ұстанғанында, ізгілік үшін күреске бел буып түскенін де жақсы білеміз. Оның бүкіл поэзиясы адамгершілік уағызына толы. Ақын әманды адам еркімен ар-ожданын қорғауға шақырды: қарапайым бейнет кештердің мүддесін орындауға жан сала кіріседі, зорлық пен қанау ауыртпалығынан жаны күйіп, белі бүгілген, қабырғасы қайысқан қалың бұқараға қайсарлықпен ара түсіп отырады. Ол байлық пен әкімдіктен, аз күнгі « өткінші рахаттан » бас тартып, кішіпейілділік пен қарапайымдылықты қадір тұтады, қан төгер қатал соғыспен әділетсіздікке, әлеуметтік езгімен теңсіздікке қарсы тұрады. Өз замандастарын төзімділікке шақыра отырып, ол болашаққа үлкен үміт артып сеніммен қарайды. Физули творчествосы сезімді баурап алатын шыншылдығымен, шынайы адамгершілік қасиеттерімен дараланды. Физули шығармаларында суфизмге тән қарамақайшылықтармен пантеизм идеясы да бар. Ол азербайжан, араб, парсы тілін жақсы білген және сол тілдерде көркем шығармалар жазған. Сондықтан да ол өз шығармаларында Абу Новастың, Хасанның, Хаганидің, Низамидің, Әлішер Науаидің, Ахмеди Шейхының аттарын жиі атап, шығыс мұсылмандарының әдеби өмірімен таныс екенін аңғартып отырады. ....
КІРІСПЕ Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады. Жоспарлы жүйе жағдайында қалыптасқан еңбек ақыны төлеу мен еңбекті ынталандыру жүйесі жұмысшы күшінің тауарлық сипатын мойындамауға негізделді, ал жұмыскер жалпы халықтық әлеуметтік меншіктің иесі деп қарастырылды. Сол себептен осы кезеңде еңбек ақы жұмыскердің жұмсаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес оған бөлінетін ұлттық табыстың бір бөлігі ретінде қарастырылды. Нарықтық экономика жағдайында жұмысшы күші ерекше тауар ретінде қарастырылады. Ол еңбек нарығында сатып алынады және сатылады, оның құны мен бағасы қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс негізінде анықталады. Осыған сәйкес, сұраныс пен ұсыныс еңбек ақының мөлшерін дифференциациялаудың анықтаушы факторлары болып табылады.....
Кіріспе Бұл жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикамызда өткізіліп жатқан нарықтық реформалар, тек экономикалық дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін орасан зор маңызы бар екендігін Республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстары көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтиды. Қазақстан экономикасының дамуын бақылау барысында көптеген өзгерістерді көруге болады: жекешелендіруге, бәсекелестікті қолдауға бағытталған реформалар жүргізілді, республикамыздың стратегиясын анықтайтын заңдар мен қаулылар қабылданды, көптеген басқару функциялары тікелей кәсіпорындармен ұйымдарға берілді. Еңбекақыны ұйымдастыруға қатысты саясатта осындай сипатта болады. Президентіміздің Қазақстан халқына 2005 жылғы жолдауында әлеуметтік саладағы бірінші кезекте мәселе етіп еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесін құру мәселесін қойды. Оның негізінде еңбекақының ең төменгі шегі емес, кедейшілік пен күн көріс минимумы жатуы қажет.....
Кіріспе Еңбекақы - бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл - ауқатын деңгейін жоғарлататын құрал болып саналады. Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар. Қызметкерлерге ақша өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма, еңбекақы төлеудегі ең басты нысандарының бірі болып саналады. Еңбекақының заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлейтін мұндай нысан ақша айналымының бұзылу кезінде, экономикалық тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз. Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың тетігі жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. ....
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған жолдар жолдар қарастырылған. Соңғы 2005 жылы Қазақстан Рспубликасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында да еңбек етушілердің еңбек жалақысын өсіруге де көп мән беріліп, ол жүзеге асу үшін біраз жұмыстар жасалуда. Жолдауда 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласының қызметкерлерінің жалақысын 32 пайызға көтеру, ал 2007 жылдан бастап 30 пайызға көтеру көзделген. Сонымен қатар жалақы мемлекеттік ғана емес жекеменшік секторларда да өсуге тиіс. Осыған орай 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 9 200 теңгеге дейін көтеру көзделген. Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 10 желтоқсанындағы N493-1 “Қазақстан Республикасындағы еңбек” туралы заңы 1999 жылғы 10 желтоқсанындағы сәйкес 2000 жылдың N494-1 заңына сәйкес 2000 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген. Осы заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына Конституциялық құқығын іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын реттейді. Еңбек пен еңбекақы есебінің міндеттері: 1. Өндірілетін өнімдер мен істелінетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленілетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау. 2. Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау. 3. Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау. 4. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау. 5. Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу. 6. Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу. ....