Шүршітпай деген кедей қазақ бір Мансұр деген сартқа ашуланып, бұдан өш алмақшы болып жүріпті. Шүршітпай байғыз деген құсты ұстап алып, бұған әрең-мәрең дегенде «Білемін», «Солай» деген екі сөзді үйретті. Агар да Шүршітпай байғыздың қанатынан тартса, байғыз «Білемін» дейтін болып, агар да құйрығынан тартса, «Солай» деп сөйлейтін болды. Шүршітпай байғызды алып, пайдакүнем сарт тұратын шаһарға келді. Сарттың үйіне жақындағанда терезесіне қараса, еркектері отыратын үйінде ешкім жоқ екен. Ұрғашылары отыратын үйінде Мансұрдың жас қатыны бір жас жігітпен ойнап отыр екен. – Мансұр келе жатыр! – деп, Шүршітпай айқай салды. Мансұрдың қатыны мен жігіт орындарынан секіріп түрекеліп, не қыларын білмей, сасқанынан қорқып, Шүршітпайға: – Бізді құтқар, – деп жалынып, қос уыс ділдә берді. Шүршітпай бергенін алып, жігітке: «Тырдай жалаңаш шешініп, сандықтың артына жасырын», – деп, бұйрық қылды. Жігіт бір сөз айтпастан, Шүршітпайдың бұйрығынша қылды. Біраз уақыт өткен соң лапкеден Мансұрдың өзі келді. Қатынының үйінде отырғанын көріп, Шүршітпайды ұра жаздады. – Үйден шық, кет! – деп, бұйрық қылды. – Тоқтай тұр! – деп, [Шүршітпай] айқай салды......
Қазақстанды күллі әлемге танытып жүрген Димаш Құдайбергеннің "Қайран елім" атты әніне түсірілген бейнебаяны желіде жарық көрді деп хабарлайды nur.kz порталы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10-тамыз Абай күні деп белгіленді.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:....
Ертеде бір Момынбай деген кісі бар екен. Бұл Момынбай асқан жуас, өтірік сөйлемейтін, қаріп-қасыр, жетім-жесірге рақымды, жақсы адам екен. Сол себепті Құдай тағала бұл Момынбайға аямай үлкен дәулет беріп, мұның төрт түлік малының, алтын-күміс қазынасының қисабы жоқ үлкен бай екен. Ол заманда бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін алып, дүнияны құртқан һәм ұрлық-қарлық, залымдықпенен жеті қарақшы атанған бір жеті қу бар екен. Күндерде бір күн бұ қарақшылар өзді-өзі сөйлеседі. Момынбай һешбір кәсіп қылмайды, құр малын баққаннан басқа. Сөйтсе де, оның дәулеті күннен күнге арта береді. Біз қанша азаптанып, тырыссақ та, Құдайым біздің дәулетімізді арттырмайды. – Қой, не қылсақ та, амалдап, осы Момынбайды құртып, дәулетін олжа қылайық, – деседі. Осылайша уағда қылысып, жөні келсе, алдап, жөні келмесе, ұрлап, екі-үш жылдың ішінде-ақ қарақшылар Момынбайдың қисапсыз дәулетін қор қып, тәмам қылады. Момынбай дәулеттен айрылған соң бұрынғы дос-жарлары, ағайындары һәм мұның малын бағып, қызметін қылып, күнін көріп отырған көршілері мұның қылған жақсылығын ұмытып, алды-алдына бытырап кетеді. Сөйтіп, Момынбай мырза деп дүнияға даңқы шыққан, дүнияға малы сыймаған бай жеті қарақшының арқасында қисапсыз дәулеттен айрылып, ағайын-туғаннан, дос-жардан айрылып, қара лашық тігіп, жалғыз үй қалады. Лашықтың іші толған жас бала, кемпірі болса, ауру, төрт түлік малдан қалған жалғыз-ақ – көк есек. Күндерде бір күн Момынбай бұрынғы дәулетін ойлап, жұрттың қылған қошеметін ойлап, һәм өзінің бұ күндегі халін ойлап:......
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар Сабақтың тақырыбы: Жануарлар саны неге азаяды? 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.6 адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтау; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау; Сабақтың мақсаты: Оқушылар: жануарлар санының азаюына әсер ететін адам әрекеттері туралы мәлімет алады; Жануарларды қорғау шараларымен танысады. ......
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар Сабақтың тақырыбы: Жануарлар саны неге азаяды? 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.6 адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтау; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау. Сабақтың мақсаты: Адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтайды.......