Түс жору

Алма – күдіктену; жинау – жеңіс;

Алтын – көрімдік алатын болыпсың;

Алтын көрсе – асқан байлыққа тап болмақ;

Апельсин – тыныштық , қуаныш, барлық ісіңіз берекелі;

Түс жору
Толық

Түс жору. Қандай түс көрдіңіз?

Сөздікке жүгінер болсақ, түс дегеніміз – ақиқат әлеміне кең ашылған есіктен бұрын болып кеткен, я болашақта болатын оқиғалардың сол күні бірқатар нышандар арқылы тамашалануы, яғни жалпақ тілмен айтқанда, ұйықтап жатқанда көрінген тылсым белгілер. Екі аяқты, жұмыр басты пенделердің арасында түс көрмегендер қатары жоқ болар, сірә? Шырт ұйқыдан ояна сала, түні бойы көрген түстерімізді жори алмай әбігерге түсіп жатамыз. Ерекше түс көре қалсақ, күні бойы өз-өзімізге келе алмай, айналамыздағыларға қайта–қайта айтумен болып, «Түс – тәңірдің аяны» дегенге сеніп, көрген түсіміздің ненің нышаны екендігін білуге асығамыз. Ал енді біреулеріміз «Түс – түлкінің тезегі» - деп, қолды бір сілтеп, мән берместен жүре де береміз. Дегенмен, ақиқатқа айналып жатқан түстеріміз қаншама? Сондықтан, халқымызға тән салттарға сүйене отырып, сіздердің назарларыңызға түс жорудың бірнеше үлгілерін ұсынуды жөн көрдік.

Егер адам түсінде:

Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
Жақсы көйлек кисе - кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.
Өзінің өліп қалғанын көрсе - онда өңінде ұзақ жасайды.
Кісі әйелдің қойнында жатса......

Кеңестер
Толық

Балабақша ойындары | Қимылдық ойындар

Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана....
kz
Толық

Сегізаяқ - Абай Құнанбаев

 Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағына жетіп қайырған-
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең.... 

Өлеңдер
Толық

Құқық | Алаяқтық құрамының негізгі белгілері

Қылмыстың объектісі мен затын дұрыс анықтау – кінәлі әрекеттерінің орындалуы үшін, оның қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтау және жасалғанның дұрыс саралануы үшін қажет.
Қылмыстық құқық теориясында, объект ретінде әдетте қылмыстық заңнамамен қорғалатын қоғамдық қатынастар жиынтығы түсініледі.
Алаяқтықтың объектісі ретінде, қолданыстағы заңнамаға сүйенсек, меншік қатынастары болады.
Әдебиетте меншік 3 нысанда қарастырылады: меншік – экономикалық категория ретінде, меншік – құқықтық категория ретінде және меншік – меншік құқығы ретінде.
Экономикалық әдебиеттерде қабылданған көзқарас бойынша, меншікке материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастары кіреді. Демек, бұл қылмыстың тектік объектісі, құқық нормаларының жүйесімен реттеліп бекітілген, жеке тұтынуға арналған материалдық игіліктерді өндіру, бөлу және айырбастау бойынша қоғамдық қатынастар. Міне, осындай меншік қатынастарына қол сұға отырып, кінәлі оларға кіретін қоғамдық қатынастарының әр тобына залал келтіреді.
Өмірлік күнделікті жағдайларда қылмыс объектісін анықтау қиынға соғуы мүмкін. Мысалы, азамат мемлекеттік ұйымға мүлікті сақтауға берген кезде, мүлік азаматтың жеке меншігінде қалады. Дегенмен де, осы мүлік талан-тараждалса, бұл мемлекеттік меншікке қол сұғушылық деп саралану керек. Себебі, ұйым оған сақтауға берген мүлік үшін материалық жауапкершілікті көтереді.
Қылмыс объектісін зерттей келе, біз, тікелей объект түсінігіне тап боламыз. Бұл түсінік бойынша ортақ пікір жоқ. Мысалы, В.А.Владимиров ойынша тікелей объект бір уақытта объект болады. ....
Рефераттар
Толық

Бір орында қос аяқпен секіру

Мақсаты: Бір орында қос аяқпен секіруге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Жалауша
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, орындау.
Мотивациялық іс-әрекет
Ұйымдастыру кезені
1.Арнаулы жаттығулар:
2Жалпы арнаулы жаттығулар:
Екі топқа бөліп «Кім жылдам» ойыны.
Қорытынды: Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бір,екі, үш
Бойға жинап күш.
Шынығамыз біз бүгін.
-Аяқты көтеріп жүру
- Аяқтын сыртқы, ішкі жағымен жүру.
-Қоян ұқсап секіру.
-Аю ұқсап жүру.

-Қол белде басты оңға, солға ию.
-Қол иықта, иығымызды алға,а ртқа айналдыру.
-Қолды алға қойып, қайшы жасау.
-Қол белде, белімізді оңға,солға айналдырамыз.
-Отырып тұру жаттығуын жасау.
-Қолды белге қойып жалаушаға дейін екі аяқпен секіру.
-Жылан жолын жасау арқылы екі аяқпен жалаушаға дейін секіру.

-Балалар біз бүгін не істедік?
-Жарыста кім женді?
-Сабақ сендерге ұнады ма? Баланың іс-әрекеті

Балалар қимыл-қозғалыс жасау арқылы айты.

-Балалар жаттығуды шеңбер арқылы жүріп қайталады.



-Балалар тәрбиешінің сонынаң қайталап жаттығу жасайды.

-Жаттығу жасадық, жарысып ойнадық.
-Достық
-Иә, ұнады. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Ұлттық ойын: Таяқ ойнау

«Таяқ ойнау» — ұлттық ойын.

Бұл ойынды жастар қыста ойнайды. Ойын алаңды жерде өтеді. Ойынға ұзындығы 1,5—2 метр үшкір таяқ қажет. Ойынға қатынасушылар қардан қалыңдығы 0,5 метр қабырға қалайды.

Ойынға қатынасушылар орталарынан біреуін басқарушы етіп белгілейді. Ол бақылаушы, төреші рөлін де қоса атқарады.

Ойын басталғанда әр ойыншы, қолындағы таяқты белгіленген жерден қардан қаланған қабырғаға қарай бар пәрменімен лақтырады. Таяқ қабырғаға бойлай кіреді. Егер таяқ қатты ұрылатын болса, таяқтың ұшы қабырғаның екінші жағынан шығады. Кімнің ұрған таяғы қабырғаның екінші жағынан көбірек шығып тұрса, сол жеңген болып табылады.

Жеңілгендер алдын ала белгіленгендей ұпайларын орындайды — өлең, тақпақ, жаңылтпаш айтады. Ойын қол күшін дамытып, денені шынықтырады. Таза ауада дем алып, денсаулықты шыңдай түсуге мүмкіншілік береді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Тоғыз аяқ тоғыз табақ

Ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының бір түрі — «Тоғыз аяқ, тоғыз табақ». Бұл әсіресе қазақтың баласын үйлендірерде қыздың әкесіне барып, құда түскенде, екі жақтың келісімі жарасқан шат-шадыман көңіл күйін, туыстық жарастық көңіл күйді білдірген. Осы құда түсу кезінде қонақ сыйларын халық «тоғыз аяқ, тоғыз табақ» деп атаған. Халықтың әдетінде жайшылықтағы қонақ асы бөлек те, құданың асы бөлек берілген. Құдалардың арасындағы сөз әбден келісіліп болғаннан кейін, енді құданың қайтардағы қонақ асысы тағы бөлек — «Құйрық-бауыр» болыпты. Мұнда құйрық май мен бауыр туралып, оған қосымша айран араластырып, қайтар жолда жесең де жейсің, жемесең де жейсің деген ойын-кәде жасаған. Жемесең тойғаныңның белгісі деп, құдаларға асатқан кезде айранды бетаузына дейін түгелдей жағып шыққан. Құда енді бұл асатудан тек кәдесін жасап барып әрең құтылған. «Құйрық-бауыр» асататын көбінесе жас келіншектер болып келеді де, олар асататын адамдарына арнайы ән айтумен болады. Қатынасушылар көбінесе тапқырлық, шапшаңдық көрсетіп жазадан құтылып кетуге, асатушылардың саусақтарын тістеп алуға тырысады.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Аяқ терлеудің ең оңай емі

✅ Жазда, күзде, кез келген уақытта аяқтың терлеуі қояр емес. Қандай ем қолдансаңда әсері жоқ, міне енді оның ең оңай тәсілін ұсынамын: Дәріханадан фурацилин деген дәріні алсаңыз жетеді. Әсірін көрген сәтте таң қаласыз. Айтсам сенуге қыйналасыз бірақ бұл рас, бар болғаны бір қолданғаннан терлеуі азаяды немесе мүлдем жоқ болып кетеді, ал жаман иісі болса одан да құтыласыз!

✅ фурацилин деген дәріні 2 литр жылы суға 2 данасын салып әптен қозғаңыз, қозғап болған соң сол дайындалған суға аяғыңызды 10-15 минутқа салып отырыңыз, міне бар болғаны осы ғана.

✅ Аяғыңызды салып болған соң сүлгіге сүртпеңіз, дұрысы өзі кепкені жақсы. Дәл осылай аяғыңыз қалпына келгенге дейін істеп тұрыңыз.......
Кеңестер
Толық

​Аяқтан өткен суықты ыстық картоп емдейді

✅ Аяқтан өткен сызды дер кезінде емдеу керек Қыс мезгілі былай тұрсын, жаз мезгілінде далада қапырық, қырық градус ыстық кезде аяғы мұздап, терлеп жүретіндер сіздердің де араларыңызда бар шығар. Жанына батып ауыртпаған соң тексерілуді құнттамайды. Жә, жарайды. Ол кезде аяғыңыз мұздаса да бойыңыз жылы жүреді емес пе?!

✅Ал қыс мезгілінде аяғыңыздан суық өткізіп алудан сақтаныңыз. Өйткені аяқтан өткен сыз басыңыздан бір-ақ шығады. Мұрныңыз пысылдап, көзіңіз жасаурап, жөтеліп, түшкіріп шыға келесіз. Әсіресе, қысы ылғалды болатын Шымкент жұртшылығына өте таныс жағдай болса керек. Қар жауып тұрғанымен, аяғыңызбен су кешіп жүресіз. Бұл енді табиғаттың құбылысы. Ал біз өз жағдайымызды ойлайық.......
Кеңестер
Толық