Әкеме айтып қоймаңыз...
Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен «Мамам қашан қайтып келеді?” деп сұрайтын. Ал әкесі қызын жұбатып, „Қызым, мамаң өте алыс бір жерге жұмысқа кетті” деп...
Махаббат хикаялары
Бұл оқиға менің ең тәтті мектеп кезіндегі шақтарымда орын алды. Он бірінші сынып оқып жүріп бір жігітпен таныстым. Басында жай ғана жүре берем деп ойлаған едім, кейіннен қатты бауыр басып кеттім. Екеуіміз талай күндерді бірге өткізіп бақыттан басымыз айналғандай болды. Енді міне мектеппен қоштасар сәт те келді, аман есен мектебімізді бітіріп, екеуміздің жолымыз екіге айырылды. Ол Өскеменде оқуға қаламын деді, ал мен Семейдегі Медицина Университетіне түстім. Ол маған апта сайын келіп тұрды, екеуміз күнде хабарласып, агенттен сөйлесіп тұрдық. Мен оның маған деген сезіміне еш күдіктенген жоқпын. ОЛ мені ешқашан тастамайды деп ойладым, себебі екеуміз жақын қатынаста болдық, және үйлену тойымызды да белгілеп қойған болатынбыз. Ал бірақ мен екінші курс оқып жүргенде жаман оқиға болды.