Сүлеймен Баязитов | Немереме


Нұртілеуім,

Сен туғанда шаттықтан бір түледім.

Уілдеген үніңнен айналайын,

Келіп тұрды сол сәтте күлші дегім.

Жөргегіңде жатырсың тырбаң қағып,

Қас-қағымда мына өмір өтер ағып.

Бала бүркіт секілді көкті аңсаған

Талап қылып ұшарсың қанаттанып.

Мына байтақ бабадан алған енші

Тылсымына құлақ түр, тебіренші.

Сенің алтын бесігің – Отаның бұл,

Бастауынан қанып іш, гүлін терші.

Балғыным, бұл – бабалар аманаты,

Туған жерің ұмытпа, жер жәннатың.

Ұланы бол сен оның сенім артар,

Бол еліңнің қатарлы азаматы.

Сүлеймен Баязитов

.....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Өрт


(Әңгіме)

Бұлардың жазғы демалысқа шыққандарына біршама уақыт өтті. Жаз бойы шаруашылықтың біріне-бірі жалғасып жататын науқандық жұмыстарының бірі қой қырқу да аяқталды. Аман қой жықты, бұл қой қырықты. Енді бірер күннен соң, шөп шабу басталмақ. Бұлар соны күтіп жүр.

– Биыл қар кеткеннен кейін тамшы тамбай қойды емес пе? шөптің шығымы нашар көрінеді, – деді Аман, – әйтпегенде ендігі... Оның сөзін қастарына келіп тоқтай қалған жүк машинасынан әлдекімнің: «Кәне, мініңдер машинаға! Өрт жанып жатса, бұлар көшеде сандалып жүр», – деген үні бөлген. Бұлар қорапқа мінген сәтте-ақ машина жүйтки жөнелді. Көп ұзамай өрт жанып жатқан жерге де келіп жетті. Тұтаса жанған өрт бірталай адырларды, жазық алқапты, шоқ-шоқ болып өскен терек-талдарды отты тілімен жалап, жалмап жіберген екен. Енді Қопалыға қарай ырғып, ыршып беттеп барады. Ал Қопалы бір кезде «Көпшілік» атанған колхоздың қазірде бұлар тұратын бөлімшенің шабындық алқабы.Ол өртенсе... Қырдың селеуі мен қылтанағын қырудан басқа амал жоғын бұлар бала болса да жақсы біледі.

– Ал, кәне, түсіп, ана өртті сөндіріңдер! Бұлар өздеріне әмір беріп тұрған адамға аңтарыла қараған.

– Немен өшіреміз? – деп сұрады. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Шамаң келсе


Атынан айрылып жаяу атанса да жаны жасымаған Жаяу Мұсаның «Ақсисасын» білмейтін қазақ жоқ. Солардың көбі біліп қана қоймай, ойын - тойларында сол әнді шырқаумен келеді. Шырқай да бермек.

Сол әндегі: -Жігіттер, шамаң келсе маған ұқса, - деген жалғыз тармақтың өзі неге тұрады. Осы күні халық композиторларының әндерінің өміршеңдігін сөз етушілер, себебін іздеушілер аз емес. Оның себебі неде? Оған әртүрлі жауап беруге болады. Соны ықшамдап айтар болсақ, олардың әндері ойдан шығарылған байбалам емес.

Күштіден көрген қорлығын күйіне, күйзеле сөз ете отырып өзін де, өзгелерді де зорлыққа көнбей, әзілдік үшін айбаттанып, қайраттанып күресуге үндеді. Ал рухы жасымаған еңселі ел мұндай сананы сілкетін асқақ әндерді әманда аялай бермек.

Бұл – өмір сынына суарылған сұрапыл шындық. Өткен тарихтың шаң баспас, жоғалып жойылмас өмірмен бірге жасай берер мәңгілік ізі.

Сүлеймен Баязитов

.....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Ар соты алдында Балаңыз кітап

(Баллада)

-Варвара,- деді әйел,- менің атым

-Ал сенің?

-Ынтызар.

-Қиын екен тіптен атың

Жә, жарар,

Сені мен Иван дейін.

Түкте жоқ, -деді сонсоң таң қалатын.

Сен –Иван,

Мен- Варвара жарасып тұр,

Сен менің мазамды алып жылама құр.

Сөзіңе айтқан сенің сенбес едім,

Көзіме түспегенде арба құрғыр.

Қырық жыл жалғыз тұрам нанасың ба?

Күйеуім ерте қайтты науқас еді.

Қалмады артында бір баласы да,

Колхоздың бақшасын күтем баптап,

Қысы- қатал бұл өңір, жазы- аптап.

Жыл бойы осы жерде тұрып жатам,

Келемін әзір аман құдай сақтап.

Тірі жан аяқ баспайт қыста мұнда,

Жылдай ұзақ қыс түні батам мұңға.

Таң ата қойма жаққа бет аламын,

«А как же бас- көз өзің бар тұқымға»

Дегенін бригадирдің ел біледі,

Балақай, танып қойғын сен де мені.

Варвара осы әзілді әдейі айтқан?

Бала мәз боп күлед деп сенген еді.

Ал бала: «Мамам қайда, неге ол келмейді?»- .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Ар соты алдында Қара халат

(Баллада)

...Ұзын барақ

Ішінде толған адам.

Ыңқылдаған, күрсінген, зар жылаған

Бірін-бірі қаға-маға

Сыртқа қарай тынымсыз зымыраған.

Ішін басып, дөңбекшіп жатқан

Сыбырласып қояды Әминә мен

Күйеуі Әмен:

-Бұрышта жатқан кешегі кемпір мен шал

Қоштасқан-ау, зайыры, дүниемен

Бара жатыр мыналар соларды алып,

Іш аурудан өлгендер қырсық шалып.

Күннен күнге барады саны артып,

Кетер, сірә, бұл пәле бізді де алып...

-Құдай ісі,-

Әмина еңіреді.

Толған орыс, дінсіздер төңірегі

Иман айтар жан да жоқ өле қалсақ,

.....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Азғын


Құлдырау

XX ғасырдың басты дерті

Қынадайын отаған, қырған көпті.

«Оба» да емес, меніңше, «обыр» да емес.

Арақ дер ем ең басты тақсіреті.

Ғалымдар да, данышпан даналарға,

Жеткіншекке, ақ шашты аналарға,

Азаматқа билігін жүргізген ол,

Қазақша айтсақ, ханға да қараға да.

Әзәзілмен күресер шама бар ма?

Кете барған арақтың жетегінде,

Кәрі қыздай жабысқан етегіне.

Ақылыңды, еркіңді, жігеріңді,

Алып қойған «жүздіктер» өтеуіне.

Сан «жүздіктің» теңізін жүзіп ішкен,

Күн құрғатпай тұнығын сүзіп ішкен.

Қырық жаста бет- аузы безеуленіп, .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Тың өлкесі Қаймана қазақтың жоқшысы тарихы

Журналист Сая Молдайып өзінің облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 14 ақпан 2017 жылғы №17 санында жарық көрген «Жұртыңмен талай заман көрдің» атты мақаласын «Ойға өріс беріп көрейік» деп бастаған екен. Саяның осы сөзі сырласуға, бүкпесіз сыр ашуға шақырып тұрғандай көрінді. Тек... тақырыбы... Оқи келе мұның белгілі айтыс ақыны Қуаныш Шармановтың: «Жай күйін толғап жағадағы елдің, жұртыңмен талай замана көрдің», -деген өлең шумағының алғашқы екі тармағы екенін түсіндім.

Ал мақала авторы мен қатарлылардың кезінде балаң ойын тербетіп, әдебиет атты қияға көз тіктіріп, қанатымыздың қатаюына ықпал еткен «Тың өлкесі» газеті туралы сөз бастамастан бұрын біз жоғарыда келтірген жалғыз сөйлемде әншейін сөздің сыралғысы ретінде жаза салмаған екен. Оған «Сарыарқа самалының» маңызы қандай, қажеттілігі неде? Бұл – облыстың үлкен деректеме көзі. Павлодар уезінен Павлодар облысына айналғанға дейінгі мәселелердің көбі осы газетте жазылды...

Алпысыншы жылдардың басында жабылып, «Тың өлкесі» газетінің шыққаны индустрияландыру, орыстандыру саясаты қалай жүзеге асырылды? Тың жерлерді игергенде шет жерден қанша адам келді? Олар қалай өмір сүрді? Тілімізден, дін, ділімізден қалай айрыла бастадық? Жалпы, «Қызыл тудың» өткен тарихының ішінде тың игеру жылдарында жабылып, «Тың өлкесі» деген газеттің жарыққа шығуы жайлы көп айтылмайды, осыған қозғау салу керек. «Бұл халықтың тарихы ғой»,-деген еді Ғарифолла Есімов бір сұхбатында деген жолдарды оқығанда көз жеткіздік. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Бала Мәшһүр

Түнеріп қара түндей Көпей сопы

Келмеді көптен бері көңіл қошы.

Көп жортқан аяғын бір шалдырад,

Дегені өткендердің сірә осы.

Әйтпесе...

Сандаған жыл сауда қылған,

Көз алдын

Тұмшалар ма ед қалың тұман?

Игілік бай, Қоңырқылжа төре,

Іргесін салмас па ед аулақ мұнан?

-Көпеке, Көпеке, - деп сандаған бай,

Есімін елге жайған патша Құдай.

Аңдамай шалыс басқан бір қадамы,

Әп-сәтте көрмеймісің қылды жұрдай.

Өз малын апарған ед Қараөткөлге,

Саудамен барған ед талай жерге.

Қызмет қып Ахмет, Жәудір саудагерге,

Шарлаумен Түркістан, Ташкент қалаларын

Тағы да талай-талай қалаларда

Атының-ойқастаған ізі қалды.

Біткен мал, еткен еңбек төккен терге,

Саудасы сәтсіз болып қайтқан-ды бұл

Базардан ел жиылған боп қара жер.

Арзанға бермей малын ерегескен,

Шықпаған еш нәтиже құр егестен.

Малын айдап ауылына қайтқан еді,

Сол жылғы тауық жұты шығар ма естен?

Жүз сиыр, төрт жүз қойдан тұяқ қалмай,

Жіберді «ә» дегенше сол жұт жалмай.

-Қайырсыз бұл дүниені қойсаңшы енді,-

Таңыр қап деген екен Сопы,- Алла-ай! .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Шантаж құрбандары

Әңгіме)

Андақұлдың шешесінің көрші ауылда тұратын сіңлісі қайтыс болып, соның намазына жүретін болды. Кетерінде ол:

- Құлыным, ана қасқа сиыры құрғырды мал өрістен қарсы алып, қораға қама. Далада қалмасын, ұры-қары бар дегендей,- деп қатты тапсырған.

- Апа, ұқтым!- деді бұл сөзін бөліп.

- Қой, көліктен қалып қоярмын, қозғалайын.

Шешесі кеткен соң, ол үйге бір кіріп, бір шығып қара кешті, малдың өрістен қайтар шағын асыға күтті. Ақыры, күн ұясына қонып, өрістен қайтқан малдың тұяғынан көтерілген қара шаң ауылдың шетіне іліккен тұста, бұл да шешесінің сиыр қайырғанда қолына ұстайтын шыбығын алып, малдың алдынан шыққан.

.....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Әбраханың Қағбаға жорығы


(Аңыз)

Шөл далада шөліркеп өмір кешкен,

Арабтарды жәһилия айырды естен.

Адам деген атауы қалса дағы,

Қараңғылық түнекте өніп-өскен.

Ада болған иманнан, рухтан да,

Адасқандар ақ жолдан мұны ұққан ба?

Күпірлік пен азғындық құныққанға.

Адам адам болудан қалған заман,

Шіріктің, надандықтың аулынан.

Малша өрген ояна сап тұрып таңда,

Ат басын бұрғызатын күпірліктен

Түбіне жететұғын сәулелі адам.

Туса деп тілесе де тілін тістеп,

Зорлық пенен қорлыққа өзін күштеп.

Көндірген құл да болған, күң де болған,

Күрсініп күңіренген тынып іштен. .....
Әңгімелер
Толық