Сағыныш мені өзіне тағы кетті алып, Өлеңнен өзге дүние түгел шет қалып. Ақ таңнан тұрып, аттанып кеткім келеді, Сал самал жұтып, Сағымды белді бетке алып. Осы бір сәтте ақындық атты бақ дарып, Шалқытып жатыр жанымнан жалын ақтарып.......
Ауылым – алтын бесігім Жүрегім, жырым сенікі, Кеңесті далам, кең далам. Тудым, өстім, есейдім, Ең далам – анам, мен - балаң деп ақын атамыз жырлағандай, менің ең далам, тұғырым - Қазақ елі. Туған өлкемнің тұныптұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құйады. Тау етегіндегіқуыстарды қуалай өскен буталы орманы, тау суын сарқырата кең далағаалып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт түлікмалға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, зәулім ғимаратты үлкен, көрікті қалалары.....
Адамдардың бүкіл қоғамдық өмірі мен іс-әрекеттері белгілі бір әлеуметтік-территориялық қауымдастықтар шеңберінде өтеді. Ол қауымдастықтар – жеке адам өмірінің басты формасы мен шарты. Адамзат қауымдастықтарының ру-тайпалық, халықтық, ұлттық және таптық сияқты тарихи формаларынынң бәрінен негізгі бір белгісі әлеуметтік–территориялық бірлестік болып келді, өйткені ол қауымдастықтардағы адамдардың экономикалық, әлеуметтік-саяси, тарихи және рухани-идеологиялық қарым-қатынастары белігілі бір мекенжайларда, яғни географиялық ортада ғана іске асады. Сондықтан адамдардың түрліше мекенжайларының қоғамдық мәнін ашып көрсетудің маңызы зор. Тарихи мәліметтерге қарағанда, адамдардың алғашқы тұрақты мекенжайлары егіншіліктің шығыумен байланысты болған көрінеді, ал одан бұрынғы аң аулаушылық, мал өсірушілік шаруашылықтарымен, т.б. айналысқан кезде көшіп-қонып жүруге байланысты тұрақты мекенжай болмаған. Ірі мекенжай ретінде қала сауда-саттық және қолөнер кәсіптерінің шығуына байланысты пайда болды. Демек, адамзаттың өз мекенжайларын тіршілік қажеттеріне қарай орналастыруын табиғи–тарихи заңдылық процесінің нәтижесі деп қарастыру қажет: алғашқы кездерде мекенжайлардың сипаты мен орналасуы табиғи-географиялық жағдайлармен анықталған болса, ал уақыт озған сайын әлеуметтік-экономикалық факторлармен анықталатын болды. Мекенжай адамның тұрақты өмір сүру орнына айналған сайын оның бұл мекенжайымен екі арадағы тәуелділік механизмі де: жұмыс, жанұя, денсаулық, т.б. жағдайлары да күшейе түсті, ал қоғам дамыған сайын бұл тіршілік механизмдерінің тәуелділік байланысының кейбіреулері нығая түссе, енді берулері әлсіреді. Қазіргі қоғамда мекенжайлардың жоғарыда айтқан негізгі екі түрінен (қала мен ауыл-селодан) басқа түрлері де пайда болды. Атап айтқанда, қала мен ауыл-селодан басқа тағы да қала типтес селолар (поселкалар), қала маңындағы ауыл-селолар дегендер пайда болды. Бұлар өнеркәсіптің дамуының салдары болып табылады. Кейде ондай ауыл-селоларды қаладан айыру қиынға соғады, өйткені олардағы әлеуметтік тұрмыс жағдайлары өте ұқсас болып келеді. Дегенмен, олардың арасында адамдардың тұрмыстық қажеттеріне және объективтік сақсат-мүдделеріне байланысты елеулі айырмашылықтар бар екенің көреміз. ....
Желдің табиғи жету нәтижесінде жер беті қабатына түскен қар желдің әсерінен, қозғалады. Түскен қар түйіршігі қар жамылғысын ұру нәтижесінде жаңа көптеген бөліктердің қозғалысына әсерін тигізеді. Желдің күшейіп, қар қиыршықтарын, бір ауданнан келесі бір ауданға ұйытқыта ұшыра соғуын қарлы боран деп атайды. Жер қыртысының жоғарғы қабатының желдің әсерінен қармен үрленуі қарлы боранның бір түрі дефляция болып есептеледі. Ағылшын тілді еледерде дефляция сөзінің орнына жел эрозиясы термині қолданылады. Бұл термин осы жердің отандық мамандарының еңбектерінен алынған. Дефляция латын сөзі “deflare” – ұшыру немесе сөзбе – сөз құбылыс мағынасын береді. Эрозия сөзі де латын тілінен шыққан erodere – шіріту, шаю мағынасын білдіреді. Қарлы борандар қардың жауу, күшті жел және қардың үрлеу нәтижесінен болады. Қарлы боранның ұзақ уақытқа тасымалдануы қардың артық қорына, дефляция мүмкіндігіне, желдің күші және ұзақтығына байланысты. Қарлы борандар, қарды бір ауданнан келесі бір ауданға тасымалдап, оны тығыздау арқылы қар жамылғысындағы су ресурстарының біркелкі таралмауына және топырақтың біркелкі қатпауына себепші болады. Қар қиыршықтары горизантальды бағытта ұшып, көріну қашықтығын азайтады. Қарлы боранның нәтижесінде қар басушылық әсерінен автамобиль, темір жол қатынастарының және самалеттердің ұшып қонуы қиындап, қауіпті жағдайлар туады. Күшті борандар телеграфты және телефонды байланысты үзіп, жұмыс істеуіне кедергі туғызады. Сондай – ақ егістікке көктемде еріп, ылғалға айналатын қарды, сай салаға суырып әкетеді. Ұзаққа созылған қарлы боран отардағы малға да қауіпті. Жел жылдамдығы айтарлықтай күшті және дефляцияланатын материалдар жеткілікті болса, қарлы боран қардың түсуі кезінде немесе ол құбылыс болмаған кезде де байқала береді. Қарлы боранның тасымалдануының уақыттық ұзақтығы дефляцияға қабілетті қардың артық қорына және желдің күші мен ұзақтығына байланысты болады. Қар белгілі бір кедергінің айналасына жиналып, қардың көп мөлшері жинақталады. Кей кезде төселме беттің бірлік ауданына келетін қалыпты тығыздықтағы жауын-шашындар басым болады. Бұл жерде рельефтің әртүрлі формасына байланысты қардың аккумуляциясы болады. Үлкен дефляция аумағына қар жамылғысы жел әсерінен сыпырылып, грунт пен мұздың беттігінен толық жалаңаштанады. Алаңдардың екі түрін ажыратамыз: қардың таралу процесі немесе алаңның дефляциясының басымдығы және қардың жиналу процесі немесе алаңдағы аккумуляцияның басымдығы. Осы екі алаңның арасында қардың көшу алаңы немесе қардың тасымалдану процесі жатады. Яғни қар тасымалдану процесі дефляция мен аккумуляция процестерінің аралығын қамтиды. ....