Бейімбет Майлин | Қысқы ауылда


...Біз үйге кіріп келгенде, сары самаурынды ортаға алып, төрт-бес кісі шайға бас қойып жатыр екен. Ат жақты келген, шүңірек көзді қара кемпір күпісін жамылып, ыстық шайға нанды малшып жеп отыр. Екі жас жігіт жалаң бастанып, терлеп-тепшіп шайды ұрттап жатыр. Екі келіншектің біреуі шай құйып отыр, біреуі жас балаға сүт ішкізіп отыр...

— Кеш жарық...

Бәрі де ажырайысып қарады. Жігіттер ығысып орын берді. Ала дастарханның бұрышын созып, алдыма таман тартты. Бірер минут тұнжырасып отырғаннан кейін сөзге кірісті: олар менің аты-жөнімді, қайдан келе жатқанымды, не жұмыспен шыққанымды сұрады.

— Е, солай де, Қызылордадан шықтым де...

Қара кемпір бетіме тесіле қарап отырды да:

— Шырағым, қашан шықтың?.. Сол жақта біздің бір жаман баламыз болушы еді, одан хабар білесің бе?!— деді.

— Әй, әже-ай, жоқты сұрайсың-ау, Қызылордада кімдер жоқ дейсің, бұл жігіт қайсысын біле берсін,— деп самаурынға таяу отырған бақа сары жігіт кейіңкіреді.

Кемпір жым болды. Жас әйелдер өзара күңкілдесіп, жас баланы сылтау қылып, бірдеме айтып күліседі.

— Бетіңнің кірін қара, балаң сүймеймін дейді, жүр, бетіңді жуайын,— деп біреуі баланы жетелейін деп еді, бала көнбей бұртиды.

— Тұр, қалқам, жуғыз, ұят болады, мына кісіні көрдің бе,— деді әжесі.

— Қойыңдаршы, баланың бетін жуғанды қайдан шығарғансыңдар, жуып керегі не?— деп кемпір де кірісті. .....
Әңгімелер
Толық

Түлкі мен қырғауыл

Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп:
— Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.
Қырғауыл:
— Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді.
Түлкі:
— Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.......
Ертегілер
Толық

Ауылым сені сағынамын

Ауылым сені сағынамын, еске аламын. Еске аламын сол бір кезді өзіңе баратын - дегендей ауылымды сағынғанда жиі барып тұрамын. Біз бұрын ауылда......
Шығармалар
Толық

Туған ауылым

Менің аулымның табиғаты көркем, тамаша керемет! Мен ауылым туралы айтып жырлағым да, әндеткім де келеді. Мен Ақтобе облысы, Ясный селосында дүниеге келдім. Кішкентай кезімнен осы ауылымның таза ауасымен демалып келемін. Ауыл маңында Ақтөбе көлі ағып жатыр. Бос уақытымда......
Шығармалар
Толық

Ауылым

Иә, әр адамға туып өскен өлкесі әрдайым ыстық. Оның топырағы, жарқыраған күні, соққан желі де тамаша. Қайда барсаң да ауылыңды ансайсың, сағынасын. Сол туып өскен ауылында алғашқы рет ана, әке деп айтуды үйренесін. Мектеп табалдырығын аттайсын. Өзіңе ең жақын досты да сол жерден табасың.......
Шығармалар
Толық

Серікбай Маханов (АУЫЛ ТҮТІНІ)

Сағынып келсем алыстан,
Ауылдан түтін жарысқан.
Будақтап барады жол шегіп
Көктегі бұлтпен табысқан.
Қайырмасы:
Киелі едің сен маған,
Босағаң берік....
Өлеңдер
Толық

Назарбаевтың жерде жатқан суреті желідегілердің ашуын туғызды (фото)

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылында президенттің суреті жерде тапталып жатыр. Суретті ақтөбелік журналист Асқар Ақтілеуов 6 шілде күні түсірген деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Жаңалықтар
Толық

Келіні ыстық су шашып күйдірген 90 жастағы әжейдің аянышты халі көпшілікті алаңдатты

Ене мен келін арасындағы текетірес қай заманда да өзекті болған. Дегенмен, өз енесін аяусыз ыстық сумен күйдіріп, 90 жастағы кейуананы ауыр азаптарға душар еткен келіннің оқиғасы бүкіл ауылды дүрліктірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жаңалықтар
Толық