Мына тіршілікте аралардың өмір сүру тәртібі өте ерекше көрінеді. Олардың ортасында жалқау аралар болса, олар оны қатты жазалап, тіптім өлтіріп тастайды екен. Аралар тынбай гүлден нәр тасып, еңбек етеді. «Араға ерсең» дегенде адамның араға ермейтіні – түсінікті. Ара сияқты еңбекқор адаммен бірге жүрсең, бірге еңбек етсең деген мағынада айтылып тұр. Қоңыз да еңбекқор ғой дерсіз. Бірақ қоңыз әрекеті өз қарабасының игілігі үшін. Ол бал арасы сияқты адамдарға тамақ әзірлемейді.
«Ата асқар тау, Ана бауырындағы бұлақ, Бала жағасындағы құрақ»
Біздің халық көбінде ер азаматты асқар тауға балайды. Ол – ер азаматқа деген сенім, құрмет. Осы мақалда да сол ойды меңзеп тұрғаны анық. Ананы суға, бұлаққа теңеуде де үлкен мән бар. Сусыз тіршілік бола ма? Құраққа теңеген бала асқар таудың етегінде болса, бұлақтан нәр алса, ол тамаша болып өспей ме? Ақылды, берекелі ата-ананың балалары да өз әкешешесіндей ақылды, көргенді, адамгершілігі, кісілігі мол болады.
Буриме (фр.bouts-rimés) — Француз поэзиясында 17-ғасырдан бастап орын алған өлең түрі. Алдын ала дайындалған ұйқастарды пайдаланып өлең шығаруды машық етуден туған. Айталық, бір ақынның дайындап берген ұйқастарын қолданып, басқа ақындар өлең шығарған. Ақындық шеберлікті сынасу ниетімен әдейі осындай өлең үлгісін алған. Бұл, әрине, өлеңнің қуатын логикалық, көркемдік сақтаудан гөрі түршілдікке мән беру. Өйткені алдын ала даярланған сөзге, ұйқасқа сәйкес етіп өлең шығару оңай емес, шығарған күнде де ақын қол-аяғы байлаулы болған соң, көркемдік қабілетін еркін көрсете алмайды, ұйқасқа тәуелді болып отырады. Басқа халықтар поэзиясында бұл өлең түрі аз тараған. Орыс поэзиясында революциядан бұрынырақ бір топ ақындар арнайы конкурсқа қатысып, осы үлгі бойынша өлеңдер жазған.
Шаңырағың биік болсын! Шаңырағың шайқалмасын! Керегең кең болсын! Түндігің түтінді болсын! Қос босағаң берік болсын! Ақ босағадан аттаған келін оң аяғымен енсін! Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік....