Құқық | Астана қаласы бойынша Салық департаментінжұмысын ұйымдастыруды автоматтандыру

Тәжірибе – теориялық негізде алынған білімді іс жүзіндегі нақты қимылдармен салыстыру болып табылады. Сол мақсатта мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Астана қаласының Салық департаменті Алматы ауданы бойынша салық басқармасының «Салық төлеушілерді тіркеу» бөліміне өндірістік тәжірибеге жіберілдім. Тәжірибеде зерттеу обьектісі болып – бөлімнің нақты жасайтын жұмысы, бөлімнің мемлекеттік бюджетті қалыптастыруда нақты рөлі және басқа да бөлімдермен, органдармен, субьекттермен қатынасы болды. Тәжірибе өту барысында мен оқу орнының қатаң тәртіпте ескерткен этикалық ережелерін сақтадым:
 корын қызметкерлерінің, мекеменің ішкі тәртіп ережелріне бағыну, мәдениетті болу;
 өндірістік тазалықты, техникалық қауіпсіздікті, еңбек қорғау ережелерін қатаң сақтау және білу;
 орындалатын жұмысқа және оның қорытындыларына жауапты болу;
 тәжірибе бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толық орындау;
 мекеменің мәдени-шаралық, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысу.
Өз кезегінде тәжірибе уақытында тәжірибеге жіберіу туралы үшжақты келісімшартта көрсетілгендей келесідей міндеттерді орындауға тырыстым:
 салық комитетінің жұмыс істеу уақытын бұзбауға
 жұмыс орнында өзіме тапсырылған жұмысты орындауға, оның нәтижесі мен орындалу сапасына жауап беруге;
 бекітілген қалып бойынша күнделік жүргізуге және оны күн сайын тәжірибе жетекшісіне тексеріске және қол қоюға тапсыруға;
 колледжге сәйкес келетін қосымшалары мен тәжірибе нәтижесі туралы жазбаша есеп беруге.
Бұл тәжірибе есебінде ең алдымен бөлімнің экономикалық мәні, басқарылу құрылымы, салық басқармасы ішінде алатын орны, мемлекеттің салық саясатын жүзеге асыруда маңыздылығы, бөлімаралық қатынастары, жасалатын жұмыстарына сай жіктелуі, жұмысын ұйымдастыруды автоматтандыру мәселелері қарастырылған. Мақсатым – жинақтаған мәліметтерді теориялық негізде жинаған мағлұматтармен салыстырып, түйсігімде қалыптасқан қателіктерді түзете отырып, бөлімнің жұмысын толық атқаруды үйрену. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Автоматтандырылған жұмыс орны

Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, элеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік, қаржы – кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Информатика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы –қоғамда терең әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды.
Адам шаруашылығының ақпараттық процесстерінің сапалы атқарылуы қазіргі заманғы дербес электронды есептеуіш машиналарын, телекоммуникация жүйелері мен электронды есептеуіш машиналарының желілерін құруға байланысты болып табылады. Осыған байланысты қоғам ақпараттандырудың бірқатар мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуі қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Автопрокат жұмысын автоматтандыру

Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады. \1\
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат ....
Курстық жұмыстар
Толық

Ақпараттандыру | Алматы қаласы бойынша Салық комитетің қызметіақпараттық жүйені жобалау

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасыда салық саясатын жүргізеді.
Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл төлемдерді алдын ала белгіленген мөлешерде және Қазақстан Республикасының Салық заңнамалары мен Кодексі арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі КРСО құлдыраған кезде 1991 жылы құрылды. Бұл бізді мемлекет болып өз саясаттарымыз жүзеге асырудағы алғашқы шараларымыздың бірі болып есептелінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірнеше элементтен тұрады. Салқы қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, аудандар бойынша салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады. Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындайды. Қазақстан республикасының Салық комитетінің Қаржы министрлігіне қарайды. Алматы бойынша Салық комитеті алты аудандық Салық комитетін басқарады. Қаржы министрлігінен келген барлық нұсқаулар осы Алматы қаласы бойынша Салық комитетіне келеді, ал ол нұсқауларды аудандық Салық комитеттеріне таратады. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық Комитетінің міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті. Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.....
Курстық жұмыстар
Толық

Василий Шукшин | Әйелі ерін Парижге аттандырды


Колька Паратов әрбір апта сайын сенбі күні кешкісін қора ішінде концерт береді. Үш қатарлы гармонын алып шығады да онысын құлаштай түсіп, әнге басады:

Күйеуіне Париж жаққа аттанған

Салды әйелі жолыңа деп кепкен нан...

Ара-арасында Колька бөксе жағын бұлтыңдатып билеп те алады.

Тара-рам, тара-рам, та-та-ра-рам

Три-рам, три-рам, та-та-та.

Кешкілікте тұс-тұстан қораға шыға қалған кемпірлер күледі. Үйді-үйлеріне кірмей тыста жүрген балалар да мәз-мейрам болады.

Ал ішінен тұрды әйелі күбірлеп:

Құрысаңшы, құрыр болсаң бүгін деп.

Тара-рам, тара-рам, та-та-ра-рам.

Колька қоңырқай көзді, ашаң жүзді, бұйра шашты әсем жігіт. Бойшаң болмағанымен мытым денелі, апайтөс – сібір жігіті, мұндай жігіттер 1941 жылғы Москваның есінде. Көзі оттай жайнаған ақ тонды жігіттер күн демей, түн демей көшелермен ағылып, өзінің сол кейпімен алып қалаға медеу болған-ды. .....
Әңгімелер
Толық

Әйел өзін төсекте қалай ұстауы керек?

Өкінішке қарай, ер мен әйел өздерінің қалауларын бір-біріне ашық айтпағандықтан махаббат пен төсек қатынасын бұзатын көптеген түсініспеушіліктер туындап жатады. Кейде ұсақ-түйек жайттардың өзі айтарлықтай қиындық әкелуі де мүмкін. Басты себептердің бірі — күйеуіңіздің интимді өмірдегі қалауын білмеу. Ненің ұнайтынын немесе ұнамайтынын ол да айтпайды. Ал мінсіз төсек ойыны үшін бір-біріңізді бес саусақтай білу маңызды. Сол үшін әйел өзін төсек қатынасында қалай ұстауы керек деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Еркектердің төсектегі қалауы

«Енді менің кезегім»

Ер адамдар төсек ойнының түрленіп отырғанын қалайтынын айтып келеміз. Кейде төсектегі билікті өзіңізге алыңыз. Оның қалайын сіз орындаңыз! Бірақ оның жиі болғаны қажет емес! Себебі еркектерге......
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Күйеуімнің көңілінен қалай шығамын?

Оқырман: «Қадірлі әйелдерге арналған сайт, кеңестеріңіз өте қажет. Маған күйеуімнің көңілі толмайды. Өйткені, не істесем де мүлде ұнатпайды, «істеген ісіңнің бәрі кемпірдікі сияқты»-, дейді. Төсекте де көңілінен шықпаймын, ал ол туралы біреуден кеңес алуға ұяламын. Кейде мені, кемсіткеніне налығанда ажырасып кеткім келеді. Бірақ балаларымды толыққанды отбасында өсіргім келеді. Айтыңыздаршы, қайтіп отбасымды сақтай аламын? Сіздердің кеңестеріңіз ауадай қажет!»
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Қазақстандағы байланыс операторлары 4G қызметін ұсынуға рұқсат алды

Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қолданыстағы жиіліктер және қосымша жиіліктер бөлудің «технологиялық бейтараптылық» тұжырымдамасы бойынша ұялы байланыс операторларына 4G қызметін көрсету құқығын беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
Толық