Бір ашуланғанда сексенді қырған батыр

Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Қырғауыл жүні қызылда,
Құйрық жүні ұзында, бір байдың малын баққан қойшы болыпты. Бірде ол жаздың жайма-шуақ күнінде сылдырап аққан өзеннің бойында мал жусатып отырыпты. Қарны ашқан соң торсықтағы айранын ішіп тамақтаныпты. Дәмді қою айранға тойып балқыған қойшы жерге тамған тамшыға жабылған шыбындарды көріп қалады да, жапырақпен ұрып салады. Қырылған шыбындарды санап та үлгереді. Олар сексен екен.......

Ертегілер
Толық

Прописка

Күн ұзарған, түн қысқарған көкектің кәрі қыздай қылтың-сылтың басы. Өскеменнен түсте шыққан автобус Ұлан арқылы Самарға тікелей асып, Ертіс түсіп, Күршімнен бір-ақ шығуға бел байлаған. Көкек келсе де наурыз жылымығының қайырма қызыл шұнағы қала ішін дірдек қақтырып, Ұлан асуына қарай созылған ұзақ жол беті сиыр жалағандай. Жып-жылмағай көк мұз. Алды-арты бірдей тартатын шағын сары автобус ішіндегі азғана жолаушыларды селкілдете ұрып, соқтырып келеді. Күн аяздан шаңытып тұр. Автобустағылар өзді-өзімен шүйіркелесіп, қайсыбірі жорта қалғып отыр. Жолаушылар арасында нәресте құшақтаған жас келіншек қыңқылдаған сәбиін уатумен әлек. Ең артқы орындықта отырған Архат олардың....

Әңгімелер
Толық

Саудаңызды берекелі етуге арналған дұғалар

 «Сондай өсім жегендер, (қабірлерінен) жын соққандай есеңгіреп тұрады. Бұл олардың: «Сауда да бейне өсім» дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Алла сауданы халал, өсімді харам еткен. Сонда кім Раббысынан насихат келгенде тыйылса өткені өтіп кетті. Оның ісі Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, міне, солар тозақтық. Олар онда мәңгі қалады» («Бақара» сүресі, 275-аят).

Дұғалар
Толық

Жаспын, әдемімін, бірақ...

Туыстарымызбен бірге қайтыс болған нағашы әпкемнің жүзін соңғы рет көру үшін мазарға барған кезімізде имам бұл тілегімізді қабылдамады. Табытты ашты, бірақ кебіннің басындағы бауларды ғана шешті. Мәйіт қабірге түсірілгеннен кейін қатар-қатар тақтайлар қойыла бастады. Енді оның дүниемен байланысы қалған жоқ. Тек істеген....

Оқиғалар
Толық

Бүкіл жамандықтардың басы

Бір ретінде хазреті Осман исламды енді қабылдап мәртебеленген бір қауымға былай деп насихат айтады:
    «Ей адамдар! Арақ ішуден сақ болыңдар. Еш күмәнсыз арақ бүкіл жамандықтардың анасы болып табылады. Бір замандарда сендерден бұрынғы қауымдардың бірінде бір салих (жақсы) кісі болады. Өте көп ғибадат ететін. Бір күні бір ауылдан өтіп бара жатып жаман әйелге кезігеді. Әйел бір сылтаулармен оны алдап үйіне кіргізеді. Іште кішкентай бала және бір ыдыста арақ бар еді. Жаман ниетті әйел салих кісіні ішке кіргізіп, есікті жақсылап құлптағаннан кейін....

Оқиғалар
Толық

Асқазан ауырғанда оқылатын дұға

    Асқазан қызғанда - Бұл дұғаны оқып, дем салады. Бисмиллаһир рахманир рахим. Аллаһу йа Аллаһу уа миналлаһи уа илаллаһи ла Ғалибу иллалаһи уала иллаһу уа ла һаула уала қууата илла биллаһил ъалиул аъзим. Бұл дұғаны жазып, езіп ішсе де болады.

Дұғалар
Толық