Пасық адам паң келер

Білімді, мәдениетті адам ешқашан да кеудесін көтермейді. Олар соншама инабатты, қайырымды, қарапайым болады.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Асық - алшы, сақа

Ал, ойналық, балалар,

Әр асықта  баға бар.

Ұта білген баланы –

Әрбір бала бағалар.

 

Шиыр, кәне, асықты,

Таңда және қашықты.

Алшы тұрғыз...

Тақпақтар
Толық

Мафия немесе жалғыз асық хикаясы...

Қым-қуыт қала тіршілігі. Алматының ми қайнатар аптап ыстығынан сая іздеп, көлеңкеге тығылған қала халқының бір аптадан бергі өмірі ыстықпен күресумен өтуде...

Қанат та әдеттегідей жұмыстан келе сала салқын душ қабылдап, екінті намазын өтеді. Намаздан соң кітап оқудың қызығына кіріп кетіп, қас қарайғанын сезбей де қалыпты. Ішінен: «Кітап шіркін, бір бас қойсаң ажырай алмайтындай бал-шекерсің-ау!Қарашы, тұңғиығыңа батырып алып кеткеніңді...», - деп мырс етіп, қолындағы....

Әңгімелер
Толық

Асығу, аптығу, сасу, асықпау

Шапшаңдықтан қашпа, аптығуға баспа.

Қойшы көп болса, қой арам өлер.

Түйе көп болса, жүк симас.

Құдай жүгіртпегенді бұзау жүгіртеді.

Қатын көп болса, шөмішті ит жалайды.

Асыққанның аяғы етегіне оралады.

Шабан үйрек бұрын ұшар.

Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма.
Мақал-мәтелдер
Толық

Қызыл асық (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қыз емес, қызыдың аты - қызыл асық,
жастар көп қыз балаға болған ғашық.
Әзілмен ебін тауып сөйлемеген,
Жігіттің қарап тұрсам өзі жасық.

Қыз емес, қызыдң аты - қызыл киік,
Таранған тоты құстай шашын түйіп.
Қымбатты мінездері балдан тәтті,
Кетеді көрген жерден көңілің сүйіп.....
Өлеңдер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Спорт бұйымдары (ойын, доп, футбол, шахмат, велосипед, шаңғы, асық, тоғыз құмалақ, карта)

Тебесің сен бір,
Тебемін мен бір.
Түсі теңбіл,
Көнбіс зат ең бір.
Футбол добы

Алпыс төрт тең бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар:
Ақ, қара ғып бөлгенде
Бірін бірі қуғындар.
Ханы үшін де, жаны үшін
Бермейді олар намысын.
Шахмат

Қозғамасаң — құлайды,
Сүйемесең — сұлайды.
Құйымшақта ері бар,
Бұл не деген жануар?
Велосипед
Жұмбақтар жауабымен
Толық