ҚазҰУ технопаркі ғылымның алтын діңгегі

Еліміздің тұңғыш университеті Әл-Фараби атындағы білім ордасының құрылғанына биыл 83 жыл толып отыр. Осы кезеңде ҚазҰУ Қазақстан экономикасының, мәдениетінің, ғылымы мен білім саласының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосып, Отанымыздың барлық жоғары мектеп жүйесінің тірегіне, барлық ортаазиялық аймақ бойынша кадрлардың ірі кәсіби білім беру орталығына айналды. Жоғары білім сапасы, халықаралық танымалдылық, ғылыми және зерттеу қызметтерінің, инновацияның белсенділігі, мықты оқытушы-профессорлар құрамы және талантты түлектер – бүгінде, ҚазҰУ-дың мақтанышы болып табылады.

Еуропалық одақ жоғары рангы сарапшыларының бағалауынша, ҚазҰУ ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуеті Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында теңдесіз көшбасшы делінеді. Бүгінде ҚазҰУ әлемнің технологиялық дамыған үздік 50 білім ордасының ішінде 31-орынды иеленді. Соның негізінде ҚазҰУ қалашығының аймағында ҚазҰУ технологиялық паркі 1994 жылдан бастап қызметін атқарып келеді. Жаңа инновациялар мен мүмкіншіліктер мекені болып табылатын бұл парктің мақсаты – жаңа идеяларды жүзеге асыруға қолайлы шарттар құру, университеттің зиялы және жас зерттеушілерінің ғылыми-зерттеулері және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарының нәтижелері негізде белсенді түрде ғылымды қажет ететін өндіріс саласын дамыту болып табылады. "ҒТП" басты міндеттерінің бірі - бұл инновациялық кәсіпкерлікті орнату мен дамыту үшін, ықтимал іскерлік серіктес ізденісінде, инвесторларды инновациялық ғылыми-техникалық жобаны жүзеге асыру және сапалық консалтинг қызметін ұсыну. Ендеше, ҚазҰУ технологиялық паркінде индустриялық-инновациялық қызметтен бөлек, оқыту семинарлары, тренингтер, курстар мен консультациялар ұйымдастырылады. Атап айтсақ, студенттерге өте төмен бағада ағылшын, түрік, орыс тілдерінің курстары бар. Жаңа мүмкіншіліктерге жол ашатын технопарктің технологиялар трансфертінде жәрдем көрсетіледі. Негізгі қызметі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру болып табылатын ҚазҰУ технопаркі заңды тұлғаларды құруда айтарлықтай маңызға ие. ҚазҰУ технопаркі әрбір студентімен, әр жобаға үлкен акцент қоя отырып жұмыс жасайды. Оларға қажетті жағдай жасап, барынша бизнес-жобалардың іс жүзінде жүзеге асуына мән береді. Технопарк зерттеу аясында бірнеше жобалар жүзеге асырылады. Соның бірі 2013-2015 жылдар арасында ҚазҰУ ректоры Г.М.Мутановтың «Наноспутник үлгісінің ғылыми тәжірибесі мен бағдарламалық техникалық кешен жасап шығару» ғылыми-зерттеу еңбегі, Темирбаев А.А. «Сымды және сымсыз байланыс желілерін синхрондау», Дергунов С.А. «Кеуек полимерлі нанокапсулалардың негізінде жасалған тұрақты көпфункционалды бағдарлама» сияқты ірі ғылыми жобалар инновациялық жаңа ойларды алып келді. Инновациялар негізіндегі индус­трияландыру біздің қоғамымыздың жаңа, құнды өзегіне айналып келе жатыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Табысты университеттер дегеніміз, бірінші кезекте автономдық мәртебесі, академиялық еркіндігі бар және ғы­лы­ми-зерттеу қызметіне бағдар ұстанған ЖОО-лар» деп бір сөзінде айтып өткен еді. Соның негізінде бүгінгі таңда ҚазҰУ технопаркі ғылыми қызметкерлер мен ЖОО-ның ғалымдарымен орындалатын инновациялық өнiмдердi енгiзу, ҒЗЖ және НИОКР орындауда қызметкерлер мен университет оқытушыларының қатысуымен бюджеттiк, шаруашылық келiсiм құрал-жабдықтар, әр түрлi инновациялық қорлардың құрал-жабдықтарын тарту, инновациялық салада шағын кәсiпкерлiктiң танымалдығы, сонымен қатар Технопарктің жетістіктері мен мүмкіндіктерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы баяндау, университет жүзеге асыратын оқу процесiн қамтамасыз етуге білім аймағындағы әлемдік стандартта жауап беретін деңгейде алып шығуға мүмкіндік беруіне қатысу бойынша шаралар жүргізіп отыр.



әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес жоғары мектебі

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасы

2 курс магистранты Исакова Малика .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мерекеде құттықтап қайт анаңды

Табиғат жасаған жаратылысының әр тынымсыз бүлкілі перзентіне деген тек қана кешірім мен мейірімнен тұратын бір үлкен жүрек бар. Ол – Ананың жүрегі.

Сол үлкен жүректен тарайтын күн сәулесінен де құдіретті, күн сәулесінен де ыстық бір таусылмайтын жылу бар. Ол – Ананың перзентіне деген көңілі.

Кішкентай сәби тек сонда ғана өзін еш алаңсыз, еш қауіпсіз сезіне алатын, ешқандай шебердің жасап шыққан бесігі тең келе алмайтын бір қорғаныш бесік бар. Ол – сәби үшін анасының аялы алақаны мен жылы құшағы.

Дүниедегі барлық ілім мен білім атаулының перзент үшін бастауында тұрар бір қасиетті қайнар көз бар. Ол – Ананың перзентіне үйрететін тәлімі. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мектептің ұстаздары


Фольклорлық материалдар жинап, тәжірибеден өтіп жүрген бір топ студент Жанділда ағайдың үйіне таңертең ертелетіп келгенінде, ұстаз сонда таңғы шайын ішіп дастарқан басында отыр еді. Жанділда ағай студенттерді Нұғыман ағайға бастап ертіп бармақ болатын. Өйткені студенттер ардагер ұстаз Нұғыман ағайдан әңгіме сұрамақ. Ал Жанділда ағайдың өзі бұл кезде мектепте әлі сабақ беріп жүрген кезі еді.

Ғылымның жаратылыстану бағытындағы биолог деген мамандар бақа-шаян, жәндік атаулыға үйір келетін көрінеді. Қыбыр-қыбыр етіп жатқан жәндікті көрсе, жанынан айналсоқтап, үйіріліп шықпай соның тыныс-тіршілігін үлкейткіш шынымен күнұзақ бақылап отыруға бар дейді. Ал филологтардың мақсаты басқа, филологтың діттегені – сөз. Қай жерде есті сөз бар, қай жерде ескі сөз бар, ат-көліксіз, жаяулатып, жалпылатып жетсе де, барып жазып ала қоймақ. Есті сөз жерде қалмасын дейді ғой. Биолог пен филологтың бірінің жәндік атаулыға үйір келетін мінезіне қарай, бірінің сөз іздеп, сөзге үйір келетін мінезіне қарай өзге факультеттің студенттері оларға «естфак – бақа-шаян, филфак – өсек-аяң» деп қалжыңдайды екен. Мына осындай мақсаттағы фольклорлық материалдар жинап жүрген Қызылорда пединституты студенттерінің бір тобы Қожабақы ауылына келіп түскен еді. Филология факультетінде оқитын студенттер 1-курс бітіргеннен кейін фольклорлық тәжірибеден өтетін, ал 2-курс бітіргеннен кейін диалект сөздер жинау тәжірибесінен өтеді. 3-курс бітіргеннен кейін өзге педагог мамандықтары секілді лагерьлерде баламен жұмыс істеу тәжірибесінен өтеді, ал 4, 5-курстарында қаланың мектептеріне барып оқушыға сабақ беріп көру тәжірибесінен өтетін. .....
Әңгімелер
Толық

Қобдабай Қабдыразақұлы | Қазақтың қараңғы төрінде ұстаздық еткен аналар

Нақтылы жазба дерек бойынша, түрік дәуірінде, Ұмай Ана мектебі жұмыстаған. Ұмай Ана мектебіндегі тәрбие туралы Орхон-Енисей ескерткіштері біршама мағлұмат бар. (Ана мектебінің кейбір ұлық ұстаздарының педагогикалық ой-пікірлері Батыс және Шығыс жазба әдебиеттері арқылы бізге жетті) Қазақ мектебінің басы – Ана мектебі. Оның даму тарихы тым тереңде жатыр. Ол даму тарихында Дана мектебі дәрежесіне жеткен. Қазақтың жеке ел болып, еңсе көтерген сол бір дәуірде, текті ата әулеттерінде Қарашаңырақ мектебі орнаған. Әулет, ауыл, ру, тайпа аумағында ақсақалдар мектебі тым ерте дәуірде қалыптасқан. Бұлар тіршіліктің бар саласында, өмірдің әр белесіне етене араласып, әже-ата, әке-шеше, жезде-женге мектебі аталып, қазақ қоғамында ауқымды педагогикалық іс-әрекет жүргізді, жас ұрпақты өмірге дайындады, үлгі-өнеге ұқтырды. Оларды жалпысынан Әулет мектебі деп атадық. Осы үрдіс сабақтастығын үзбей отырып, күні бүгінге жетті. Ұмай Анадан Ұлпанға дейін, Қарашаш анадан Алтыншаш анаға дейін, Домалақ анадан Зереге дейін дегендей ұзақ тізбекті жаңылмай жасай аламыз. Бұл жолы қазақтың қараңғы төріне, мектеп орнатып, жастарды білім-ғылым үйретіп, үлгі өнеге көрсеткен ұстаз аналар туралы әңгіме етпекпіз. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Құрметті ұстаз

(Ұстазды шәкірттерінің мерекесімен құттықтауы)

Сіз мәнді де мағынаға толы, ұлағат пен ұжданды жанына серік қылған, ой мен ақыл және парасат пен пайымды жүрегіне жақын еткен, руханият пен білімді жас ұрпақтың тәрбиесіне қарай бағыттап отыратын Ұстаздық деп аталатын игі мамандықтың жолын қалап алған жансыз. Сіздің Ұстаздық қызметтегі әрбір жылыңыз Сізге абырой мен табыс, бақ пен береке әкелді, сонымен бірге тағы да жаңа әрі жарқын мүмкіндіктерге жол ашты.

Әрбір басталған жаңа бір оқу жылының күміс қоңырауының сиқырлы үні Сізге қуаныш сыйлады. Бұл нағыз ұстазға ғана тән сезім еді. Сол күміс қоңыраудың үнімен бірге балдырған күлкілері жараса мектепке енген қаншама бүлдіршін Сіздің алдыңыздан тәлім көрді, ұлағатыңызды тыңдады, өз мектебінен қанат қақты. Олар қазір еліміздің әр түкпірінде жүр.

Сіз үнемі ұстазға тән сергек ойдың иесі болдыңыз. Әрбір табыстарыңызға тоқмейілсу мен тоқырау сізге жат еді, керісінше жаңа ізденістерге жол ашты. Сіз өз қоғамыңыздың ұрпақтан не талап етіп отырғандығын жіті аңғара алдыңыз. Өз бойыңыздағы білім мен білік дариясын солай қарай бұрдыңыз, жас шыбықты солай қарай идіңіз. Егер Сіз осы жылдардың ішінде мақтау мен құрмет көрсеңіз, ұстаздық жолыңызда, шынында да, осыған лайықты істер атқара алған едіңіз.

Сіздің өткен құрметті жолыңыздың әрбір иірімінде шәкірт жүрегінің алғыс сезімі жатыр. Олардың әрқайсысы бір әлем еді, олардың әрқайсысы жаңадан ашылар бір дүние еді. Міне, сіз осы бір балдырған жүректердің риясыз досы, ертеңге деген үміті бола алдыңыз. Сізге осы үшін де өз шәкірттеріңіз алғыс айтады.

Сізді шәкірттеріңіз бүгінгі мерекеңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт, ұстаздық жолыңызға шығармашылық табыстар тілейді. Ұстаздық қызметіңізде әр уақытта шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз!

.....
Әңгімелер
Толық

Қобдабай Қабдыразақұлы | Асыл әжелердің үлгі өнегесі

Сурет: Ким Евгений

Әйел - әлемнің ажырамас бөлігі. Әйел - адамзаттың анасы. Әйел - тіршіліктің бастау бұлағы. Әйел - бақа басты еркектің қосағы. Әйел - отбасының өзегі. Әйел - шаңырақтың шамшырағы. Әйел - Тәңір-Тағаланың мейірімінің сынығы. Әйел - нәзіктіктің қас үлгісі.

Қазақтың дүниетанымын оның тұрмыс-тіршілігімен айшықтауға болады. Оның ішінде әйел мен ердің мәртебесі де тұрмыс-салттағы дәстүрлі түсініктермен бағамдалады. Мәселен, Атам Қазақ: «Еркек үйдің иесі, әйел үйдің шегесі» деп, әйел мен еркектің ерік-міндеттерін дәлме-дәл көрсетеді. Яғни, көшпелі халықтың патриархалды түсінігінде еркек шаңырақ иесі саналса, әйел сол отаудың отын жағып, ошағын қайнатып, үйдің берекесін кіргізетін жан. Бұл туралы көне түркінің дүниетанымын тереңірек зерттеп жүрген Д.Кенжетай былай деп тұжырымдайды: «Әлемді кеңістіктер мен бағыттарға бөлу арқылы мәденилендіру құбылысын киіз үйдің еркектік және әйелдік тарапқа бөлінуінен де көруге болады. Бірақ киіз үйдегі ең маңызды қазық - әйел болып табылады. Өйткені бұл кеңістік (ғарыш) - әйелдікі. .....
Әңгімелер
Толық

Нұрбол Бимұрзаев | Идеалдар және адам

Идеал – соған қарай ұмтылатын, сол бағытта еңбек ететін, жетуді қалайтын үлкен мақсат, мұрат деген мағыналарды білдіретін ұғым. Күніміздегі керіде қалған қоғамдардың ең үлкен кемшілігі идеалсыздық. Адам мен қоғам идеалдарымен ерекшеленеді. Идеалдар адам өмірінде әрі мақсат, әрі дамуы үшін қозғаушы күш есебінде. Мақсаты белгілі болмаған қоғам кері қалуға бейім болмақ. 10 жыл ілгерісін жоспарламаған ел тоқыраудың, бодандыққа ұшыраудың алдын алмаған болады. Ал мұндай кесапат жағдайдан құтылу үшін не істеу керек? Ұлттық құндылықтарына бекем, тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, отанын сүйетін, іші де бүтін, сырты да бүтін қоғам болуға ұмтылу керек. Адамдарға өмірдегі рөлдерін және жауапкершіліктерін үйрету, саулықты сана қалыптастыру керек. Санасыз адамның идеалы сапасыз болары анық. Кім екендігін, қайда, қашан және қандай ахуалда екендігін білмейтін адам келешегі үшін мақсат белгілей ала ма? Әрине жоқ. Алдымен өз мүмкіндіктерімізді, сипаттарымызды және ахуалымызды бағалауымыз керек. Қолдағы мүмкіндіктеріміз қандай, не істей аламыз дегендей пайда мен зиян есеп-қисаптарын қалыптастыру керек. Кейін аяғымызды жерге бекем басып, мақсатымызға қарай бағыт аламыз.

Дамыған мәдениеттердің 20-30 тіпті 100 жылдық ұзақ мерзімді жоспарлары, мақсаттары, идеалдары бар. Және бұл идеалдар өз мүмкіндіктері мен шектеулеріне қарай даярланады. Шектеудің мөлшері болуы тиіс. 7 жастағы балаға тригонометрия үйретілмейтіні секілді, 18 жастағы студентке рационал сандары түсіндіру орынсыз болады. Потенцияалымызды кинетикаға айналдыру тұрғысында жетістікке жеткен сайын кейінгі мақсатымыз потенциалымызды арттыру, идеалдарымызды және мәдениетімізді үлкейту болады. Ал потенциалымызды арттыру үрдісі қалай болмақ? Еңбектеген сәбиді мысалға алайық, біршама уақыт бір қалыпта еңбектеп, уақыты келгенде аяққа тұруды тәжірбие етіп, жүруді үйренеді. Міне осындай сәтте сәбидің мысалындай потенциалымызды арттырамыз. 0-100 дәрежедегі су сияқты, 100 дәрежеге жеткенімізде бұрқырап қайнаймыз. Атқарылатын әдіс қарапайым. Еңбекқор боламыз. Оқимыз, оқыған сайын жазамыз. Аламыз, алған сайын сатамыз. Бірлік, ынтымақ ішінде әрекет етеміз. Сондай сәт келеді, он жыл бұрын 100 зиялысы бар аймақта мыңдаған зиялылар шығып потенциалды арттыру әрекетіміз, сәбидің жүруі, судың қайнауы секілді көрініс табады.

Адам тұрақты түрде дамуға, өзгеруге, ашық жаратылған болмыс. Жер беті адамның табиғатын жақсы білетін жаман ниетті империялисттерге толы. Идеалист болмастан жетістікке жете алған бірде-бір көзқарас, доктрина жоқ. Біздің білуіміз және орындауымыз қажетті нәрсе идиалдарымызды ұлттық санада қалыптастыру және шетелдік азғындықтарға еліктемеу. Жоғарыда атап өткеніміздей кім екенімізді, қайда, қашан және қандай ахуалда екенімізді біле отырып ұлттық және тарихи санада әрекет етуіміз қажет. Біз кімбіз? Біз тамыры мұсылмандық және түркілікпен ұштасқан 21 ғасырдың жастарымыз. Мақсаттарымыз, кім екенімізге қарай пішін алады. Көпшілігіміз түп тамырынан ажыраған, бытыраңқы халдеміз. Сыртымыз жылтырағанымен, ішкі дүниеміз ұлттық руханиятымыздан ажырап, әр түрлі бұзық пікірлердің шырмауына түсіп, батыстың азғын әдеттерін сіңірген халде және уақыттамыз. Не істеуіміз керек? Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста демекші, бәріміз жеке өзімізді білімді, еңбекқор, ұлттық саналы жеке тұлға ретінде жетілдіруіміз қажет. Мақаламызды елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен түйіндейік:

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»

.....
Әңгімелер
Толық

Жазылар естеліктер мен туралы

Жол басында

Екібастұзда алғаш қазақ тіліндегі «Отарқа» газетін ашуға ұйтқы болған Аманкелді Қаңтарбаевтың есімі аймаққа, әрине, қолына қалам ұстаған қауымның бәріне жақсы таныс. Неге? Өйткені ол қаламгер ретінде де, әділдікті ту етіп көтеріп, кез келген ортада ой-пікірін бүкпесіз айтатын турашылдығымен де, ең бастысы ұлтжандылық қасиетімен көпшілікке танылған гуманист азамат еді («... еді» деп айту қандай ауыр).

Қаңтарбаевтың ана тіліміздің өркен жаюы үшін, ұлттық руханият, игілік үшін атқарған еңбегін айтқанда Ахмет Байтұрсыновтың:

«... Тән көмілер көмілмес еткен ісім,

Ойлайтын да мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса ұқпасын, жабықпаймын,

Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» дейтін өлең жолдары үнемі тіл ұшына оралады. Рас, ол елдің ертеңі үшін қызмет етті, денсаулығын да, тіпті бар өмірін осы жолға сарп етті... Сондықтан ол биік тұр, сол биікте қала бермек!

Әттегене-ай, тағдырдың ісіне дауа жоқ, қаламгер келместің кемесіне мініп кетті... Енді, міне, қаламдастары, әріптестері, журналистикаға өзі баулып, тәрбиелеген шәкірттері толғанып, естеліктер жазуға мәжбүр болып отырмыз. Иә, «Өткен күнде белгі бар» деген осы.

Газеттің әр нөмірі шыққан сайын, оқырмандар оң пікір-лебіз білдірген сайын, газет жұртшылыққа тараған сайын көңіл марқайып, жұмысқа құлшына кірісетін, тың тақырыптар іздестіріп, жазып, газет бетінде жариялауға ұмтылған, ізденіске толы болған сол бір күндер де, міне, тарихқа айналып кетіпті. Соның бәрінің де басында Аманкелді Қаңтарбаев тұратын. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Азғын


Құлдырау

XX ғасырдың басты дерті

Қынадайын отаған, қырған көпті.

«Оба» да емес, меніңше, «обыр» да емес.

Арақ дер ем ең басты тақсіреті.

Ғалымдар да, данышпан даналарға,

Жеткіншекке, ақ шашты аналарға,

Азаматқа билігін жүргізген ол,

Қазақша айтсақ, ханға да қараға да.

Әзәзілмен күресер шама бар ма?

Кете барған арақтың жетегінде,

Кәрі қыздай жабысқан етегіне.

Ақылыңды, еркіңді, жігеріңді,

Алып қойған «жүздіктер» өтеуіне.

Сан «жүздіктің» теңізін жүзіп ішкен,

Күн құрғатпай тұнығын сүзіп ішкен.

Қырық жаста бет- аузы безеуленіп, .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Тың өлкесі Қаймана қазақтың жоқшысы тарихы

Журналист Сая Молдайып өзінің облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 14 ақпан 2017 жылғы №17 санында жарық көрген «Жұртыңмен талай заман көрдің» атты мақаласын «Ойға өріс беріп көрейік» деп бастаған екен. Саяның осы сөзі сырласуға, бүкпесіз сыр ашуға шақырып тұрғандай көрінді. Тек... тақырыбы... Оқи келе мұның белгілі айтыс ақыны Қуаныш Шармановтың: «Жай күйін толғап жағадағы елдің, жұртыңмен талай замана көрдің», -деген өлең шумағының алғашқы екі тармағы екенін түсіндім.

Ал мақала авторы мен қатарлылардың кезінде балаң ойын тербетіп, әдебиет атты қияға көз тіктіріп, қанатымыздың қатаюына ықпал еткен «Тың өлкесі» газеті туралы сөз бастамастан бұрын біз жоғарыда келтірген жалғыз сөйлемде әншейін сөздің сыралғысы ретінде жаза салмаған екен. Оған «Сарыарқа самалының» маңызы қандай, қажеттілігі неде? Бұл – облыстың үлкен деректеме көзі. Павлодар уезінен Павлодар облысына айналғанға дейінгі мәселелердің көбі осы газетте жазылды...

Алпысыншы жылдардың басында жабылып, «Тың өлкесі» газетінің шыққаны индустрияландыру, орыстандыру саясаты қалай жүзеге асырылды? Тың жерлерді игергенде шет жерден қанша адам келді? Олар қалай өмір сүрді? Тілімізден, дін, ділімізден қалай айрыла бастадық? Жалпы, «Қызыл тудың» өткен тарихының ішінде тың игеру жылдарында жабылып, «Тың өлкесі» деген газеттің жарыққа шығуы жайлы көп айтылмайды, осыған қозғау салу керек. «Бұл халықтың тарихы ғой»,-деген еді Ғарифолла Есімов бір сұхбатында деген жолдарды оқығанда көз жеткіздік. .....
Әңгімелер
Толық