КІРІСПЕ Геотехнология – көп жоспарлы тау-кен ғылымы, жер асты байлығын сақтау және игеру тәсілі, жер қойнауынан пайдалы қазбаларды физикалық және химиялық әсер ету арқылы алуға мүмкіндік беретін технологиялық процесстер мен техникалық әдістер жайлы бірлестірілген білімдер жиынтығы. Ерітінділеу – бұл қатты материалдың бір немесе бірнеше компоненттерін, әдетте сумен ерітіндіге аудару. Тау-кен жұмыстарында жер асты ерітінділеу әдісі жер қойнауында жатқан металды алу мақсатында жүргізіледі. Бұл процесс қатты жер бетіне әсер тигізетін заттардың келуінен, химиялық реакциядан және ерітінділер күйінде оның өнімдерінің қайтарылуынан тұрады. Жер асты ерітінділеу кезінде металл иондық алмасу жолымен реагент ерітінділерінің басқарылытын қозғалыс процесінде табиғи немесе жасанды құрылған өткізгіш массиві арқылы алынады. Оны қолданудың қажетті жағдайлары – пайдалы компоненттердің минералдық немесе органикалық ерігіш қышқылдардың қосылыстарында, сілті мен тұз ерітінділерінде болуы, кенді табиғи жеткілікті суландыру, реагенттің кенге әкелу және өнімді ерітінділерді қайтару мүмкіндігін жүзеге асыратын қолайлы таулы-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлар, сонымен қатар өнімді ерітінділерден пайдалы компонентті тиімді алу мүмкіндігі. ....
Қалыпты және көруі өте нашар балалардың зейінінің дамуы ми қалыптасуының жалпы заңдылығына ортақ. Бірақ көру қызметінің бұзылуы күрделі немесе тіптен соқыр болса онда заттың бейнесін және қоршаған ортаның шынайылығын қабылдауы қиын немесе тіптен мүмкін емес. Зейін соқыр адамдардың психикалық қызметтің бір жағы сияқты және нашар көретін балалар және ересектер жайлы аз зерттеген. Барлығы тифлопсихологтар және тифлопедагогтар көру кемістігінің салдарын түзетуде зейіннің маңыздылығы жоғары екендігін атап өткен. Соқыр балаларды бақылағанда олардың зейіні төменгі деңгейде екендігін және бұл қоршаған ортаға деген енжарлықты байқатады. Сонымен қатар көруі бұзылғанда сыртқы қоздырғыштардың аздығынан зейіннің тұрақтылығы төмендейді. Соқыр адамдардың есту тітіркендіргіштері арқылы ұзақ уақыт тыңдау жалығуға әкеп соғады., сонымен қатар зейіннің шашырауын туғызады. Мәселенің өзектілігі: К. Бюрклен, П. Виллей, А.А. Крогиус, Ф. Цех атты тифлопсихолгтардың айтуынша соқыр адамдарда танымдық сезімтал аймақтардың қысымы зейінге кері әсер береді, сонымен бірге, ол көруі қалыпты адамдарда да болуы мүмкін деген. Тифлопедагогикада А.Г. Литвактың айтуынша соқыр адамдарда ым-ишараға зейін қойып отырған адамның қимыл-қозғалысын үйретуге көптеген күш жұмсалған бірақ барлығы осы уақытқа дейін олардың бәрі сәтсіздікпен аяқталады. Н.Н. Ланге, табиғи зейінді түсіну арқылы ең танымал деген ойларды талдай келе зейін тұжырымдамасымен теориясын қосып бірнеше топтарға бөлді. Т. Рибоның теориясынан басқа өзгеде атағы жағынан келе түспейтін теориялары бар. Мысалы Д.Н. Узнадзенің ойынша зейін мақсат қойғыштықпен тығыз байланысты деп есептеген оның ойынша ішкі орнатулар зейіннің жағдайы деп ойлаған. Зейін жайлы өте қызықты тұжырымдаманы П.Я. Галперин де ұсынған. Зерттеу мақсаты: Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың зейін процесін арнайы психикалық әдістері арқылы дамыту. Зерттеу міндеттері: 1. Күрделі көру кемшіліктері бар және қалыпты деңгейде дамудағы балаларға тән психикалық дамудың жалпы және спецификалық заңдылықтарын нашар көретін және соқырлардың орнын өтеу механизімдерін зерттеу. 2. Кіші мектеп жасындағы көру кемшілігі бар балалардың әлеуметтік психикалық негіздерін дамыту. 3. Жинақталған әдіс-тәсілдерді іс-жүзінде пайдалану. Зерттеу нысанасы: Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалар. Зерттеу пәні: Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың зейін ....
Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да он бес жылдан асты. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасы конституциясының 35 бабында «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады» деп атап көрсетілген. Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі қайнар көзі болып табылады. Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Бюджет-ұдайы өндірісті іске асырудың құралы мен маңызды алғы шарты. Оның көмегімен әлеуметтәк бағдарламаларды өткізуге,қоршаған ортаның қорғауын қамтамассыз ету,ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру,қорғану қабілеттілігін қолдау,басқа да мемлкеттік істерді іске асыруға жағдайлар жасалынады. Сәйкесінше, шаруашылық механизімді қалыптастыру бюджеттік басқарудың тиімді жүйесінсіз қалыптастыру мүмкін емес. Нарықпен, корпорациямен және мемлекетпен басқарылатын экономикаға көшу мемлекеттік бюджетті,кәсіпорындар мен салалардың қаржыларын, аймақты жіне жергілікті деңгейдегі, бюджеттен тыс қорлардың қаржылық қатынастарының жаңа буынын дамыту тереңдетілген қайта құрылысты қажет етеді. Бюджеттерге және салықтарға байланысты бюджеттің жаңа түрі мемлекеттің қоғам мүшелеріне, салық төлеушілерге ұсынылатын қоғамдық игіліктер категориясының негізінде құрылады. Бұл бағыт негізгі өмірдегі бюджетке, оның қызметтеріне нарықтық көзқараспен қарайды. Мемлекет бюджетті ерекше игіліктерді, қоғамдық өнімдерді, ұстауға мүмкіндік болуы үшін құрайды. ....
Салық жүйесі мемлекет және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығының, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметінің жиынтығын құрайды. Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерінің түсімдерінің негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта саяси - әлеуметтік шараларды толығымен іске асуға мүмкіндік жасайды. Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25 - желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін қүрудың ең алғашқы бастамасы больш табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердщ бірегейі екендігі айқын. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бүрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады. Оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі; меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе -теңдігі; шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың қүқыктық негізде жүргізілуі т.б. Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтық түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгелеген тұңғыш тарихи құжат болып есептеледі. Салық - мемлекеттік бюджеттің негізгі көзі болып табылады. Президенттің нақты тапсырмаларының ішіндегі аса өткір әлеуметтік мәселе ретінде толық көлемде зейнетақы, жалақы және әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді қамтамасыз ету қойылқатар салық жүйесіне де уақытгық өзі үлкен міндетгер жүктеліп отыр. Саңғы жылдары салық жүйесін арқылы бюджет кірісін молайтуда бірқатар жаңа үлгілер тәжірибеге енді, кадрлармен жұмыс сапасы жақсарды. Сонымен қатар жергілікті ауылдық аймақтардағы төлеушілердің есебщ толық, уақгылы алу. Олардың белгіленген тәртіпте мәлімдеме тапсыруы, оңайтылған салық салу жолына көшу жайлары емулі нәтиже беруде.....
Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техника да, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Мұндай бетбұрыстар адамның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, оның жеке тұлға ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді. Осымен байланысты жоғары оқу орындары білім беруде адамның игерген білім, дағдысымен шектелмей, оның шығармашылық белсенділігін, кәсіби біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз пәніне қызығушылығын, ғылыми көзқарасын, кәсіби мәдениетін, педагогтік шеберлігін, т.б. қалыптастыруы қажет. Білімгерлердің бойында мұндай қасиет пен қабілет қалыптасуы үшін оқу процесіне оқытудың жаңа нысаналарын, жаңа технологияларды енгізу қажеттілігі туып отыр. Білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жақсарту және азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Білім» мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығы 2000 жылы қырқүйектің 30-ыншы жұлдызында шығып, Мемлекеттік бағдарлама бекітілді. «Білім» мемлекеттік бағдарламасында, білім беру жүйесін ақпараттандыруды қоса алғанда оқытудың жаңа технологияларын енгізу мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту міндеттері бір-бірімен өзара байланысты және білім беру жүйесін ақпараттандыру, дистанциялық оқытуды енгізу және тағы басқалар арқылы оқу процесіне қазіргі заманғы технологиялар мен оқытудың техникалық құралдарын енгізу көзделеді. Білім беруді ақпараттандыру өте қажетті мемлекеттік ағарту үлгісін жүзеге асырудың негізгі құралы болып саналады, сонымен бірге білім беру бағытын қайта қарап, арнайы өндірістік салаға мамандар даярлау мақсатында терең білім беруге бейімдейді.....
Кіріспе Көлік- халық шаруашылығының ірі және маңызды саласы, адам еңбегінің ірі саласының қосымшасы, ғылым мен техниканың жаңа нәтижелерін пайдалануының кең аймағы, тығыз байланыста болуы қажетті бөліктер мен бөлімшелердің ауқымдалған динамикалық жүйесі. Халық шаруашылығының осы күрделі саласында магистралды көліктің әр түрлі түрлері, және де қалалық және өнеркәсіптік көліктер де өзара тығыз байланыста. Әкімшілікті- шаруашылықтың өзіндігіне қарамастан көліктердің барлық түрлері бір- біріне өзара тәуелді екені анық және өз жұмыстарының нәтижелері мен процесіне айтарлықтай өзара әсер етеді. Көліктердің барлық түрлерінің тағайындалу бірлігі, және де олардың арасындағы тығыз өзара тәуелділік оларды функциялануы анықталған объективті заңды шектеулермен шартталған мемлекеттің біріккен көлікті жүйесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Адам қоғамының тарихы көлік дамуының тарихынан еш бөлінбейді. Адамның физикалық өмір сүруі үшін көліктің атқаратын орны, яғни маңызы зор деп айтуға болады. Құралдар мен заттардың тіпті адамның өзін де ауыстырымсыз қолдану өнімдерін шығару да, басқа да мақсаттардағы қызметтер мүмкін емес. Алғашқы қауымдық құрылымда да көліктік талаптарды қанағаттандыру мәселелерін адамдар қарапайым жолмен шешкен. Еңбек құралдары, жануар және өсімдік тағамдары, баспана мен киім дайындауға арналған материалдар және отынды бастапқы кезеңдерде адамдар өз иықтарында немесе сүйреу арқылы тасымалдады. Жануарларды қолға үйретіп асырау шегінде оларды адамдар мен жүктерді тасымалдау мақсатында жиі пайдалана бастады. Құл иеленушілік дәуірінде де көлік заттарының өркендеуі мен кеңеюіне жаңа социалисті- экономикалық ынталандырулар пайда болды. Өнімді егін шаруашылығы, үй жануарларының санын көбейту, жаңадан тиімді қарулар жасалына бастаған металдарды алу мен өңдеу тәсілдерін ашу, өнімділіктің ұлғаюына және бір уақыттағы еңбектің қоғамдық бөлінуіне көп ықпал етті. Көлік күшті даму импульсіне айырбастаудың пайда болу нәтижесінде жетті. Құрлық көлігінің дамуының келесі қадамы жасанды жер үсті жолдарының пайда болуы болды. Феодализм материалды өндірістің дамуына, және көлік үшін де жаңа ыңғайлар берді. Өндірістік күштердің өсуімен қатар еңбекті қоғамдық бөлу де күшейді, және анықталған кезеңде қала- бекіністерінің, қала- орталықтарының орнына билеушілер мен әкімшіліктер қалаларды - өнер мен сауда орталықтарын өсіре бастады. Еуропадағы капиталистік қатынастардың пайда болу процесі XV — XVIғ.ғ. жаңа сауда жолдары мен жаңа елдердің ашылуымен жылдамдатыла түсті. Бұл кезең (ұлы географиялық ашылымдар кезеңі) Африканың, Азия және Американың отарлануының басы болды. Ф. Энгельс «өнеркәсіптік революция» деп атаған Англиядан кейінгі Еуропаның көптеген елдері XVIII ғ. екінші жартысын қамтыған техникалық түбегейлі өзгерістің өндіріс пен сауданың жедел өсу қарқынына, әсіресе машиналардың көмегімен машиналардың өзін өндіру игерілгенде үлкен әсері болды. Феодалдық кезеңнен мұра ретінде жеткен желкенді кеме және де керуендер мен арбалар түріндегі көліктер машина өндірісінің қажеттіліктерін қамтамасыздандыра алмайтын болды. К. Маркс былай деп жазған: «мануфактуралық кезеңнен мұраланған байланыс пен көлік құралдары жақында ірі өнеркәсіп үшін төзімсіз бұғауға айналды». Сондықтан өнеркәсіппен бірге жаңа техникалық негізде еөлік те қарқынды дами бастады. Бұл негіз болып кез- келген қуаттағы және ауа- райына тәуелсіз өзі қозғалатын көліктік бірлікті жасап шығаруға ықпал еткен бу машинасы болып табылды. Сөйтіп, алғашқы кемелер, паровоздар, құрлықта жүретін бумен жүретін экипаждар, біршама кейінірек бумен ұшатын ұшақтар да пайда болды. Мұнымен байланысты көлік анықталған төлем- ақыға жолаушылар мен жүктерді тасуды жүзеге асыратын өзіндік салаға бөлінді. Мұнда көлікке де кеңінен тараған бір жағынан көліктің өзінің даму прогресін жылдамдатуға, екінші жағынан ірі машина өндірісінен ескі бұғауларды шешіп тастауға ықпал ететін мұнан кейінгі мамандандыруды байқау қиын емес. 1.КӨЛІКТІК ӨНЕРКӘСІПТІҢ МЕМЛЕКЕТКЕ МАҢЫЗЫ 1.1. Жалпы мемлекеттiк көлiктiк жүйенiнiн жiктеу негiздерi. Капиталистік қоғамның заңдарын зерттей отырып К. Маркс өз еңбектерінде көліктің экономика үшін мағынасын ашқан және адами қызмет саласы ретінде көліктің маңызды сипаттамалық жақтарын ашып көрсеткен. В «Қосымша құн теориясы» еңбегінде К. Маркс былай деп жазған: «Шығарушы өнеркәсіп пен басқа жер өңдеуден басқа материалды өндірістің өз дамуында өндірістің мануфактуралы, машиналы және кәсіптік сияқты түрлі баспалдақтарынан өтетін төртінші ортасы болады. Бұл адамдарды немесе тауарларды тасыса да, тасымаса да- көліктік өнеркәсіп болып». [1] Мұнда көлік өзі материалды құндылықтарды құрмаса да материалды өндірістің саласы болып аталғанын ескеру қажет. К. Маркс көлікті өндірістің материалды салаларына неліктен жатқызғанын түсіну үшін, «Капитал» атты тиянақты еңбегіне сүйену керек, онда былай деп айтылған: «Өндірістің кез- келген процесінде еңбек затының орын ауыстыруы негізгі роль атқарады және ол үшін жұмыс күші де қажетті, мысалы, мақта дайындау бөлімінен жіп иіру кәсіпорынына ауысады, көмір шахтадан тауға көтеріледі». Негізі бойынша мұнда көліксіз ешқандай да өндіріс мүмкін еместігі, көлік өндірістің өзінің органикалық элементі болып табылатыны нақты көрсетілген және сондықтан оны өндірістен бөліп қарастыру мүмкін емес. Бірақ, бұл өндіріс ішілік функциядан басқа, көлік басқасын да орындайды, ол туралы К. Маркс былай деп жазады: «Өнімді өндіріс орнынан басқа орынға тасымалдаудан кейін дайын өнімдерді өндіріс аймағынан тұтыну аймағына тасымалдау керек болады. Қашан осы тасымалдау аяқталғанда ғана өнім тұтынуға дайын болады». [1] Басқаша айтқанда, егер көлік өнімді өндіріс аумағынан көрсетілген тұтыну аумағына көшіруді қамтамасыздандырмаса, бұл өнім өндірісінің болмағанымен тең немесе ондағы талап қанағаттандырылмайды. Сонымен, көлікке материалды өндірістің кез- келген саласына сай келетін элементтердің үшеуі де тән, дәлірек айтқанда: еңбек заттары, яғни көлік заттары; еңбек заттары, яғни тасымалдау объектілері (жүктер мен жолаушылар); адамдардың мақсатқа сәйкес қызметі, яғни еңбек.....
Бокстің алғашқы түрі ежелгі Грекияда ұйымдастырылып (б. з. б. 688 ж.), Олимпиялық ойындар қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ терімен немесе дәкемен орап айқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып жығылғанша жалғаса берген. Бокс (ағылшынша box – қорап) – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек аумағы 4,9x4,9 м немесе 6,1x6,1 м, жан-жағы 1,3 м биіктікте арқанмен керілген рингте өтеді. Бокс ойынының әуесқойлық (3 раунд) және кәсіпқойлық (12 – 15 раунд) ережелері бар. Бокс ерте Грек елi — Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал «қолғап иесi» — Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы — теңiз құдайы Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы — Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi. ....
Волейбол (volleyball, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») - ойын спорты. 1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1985 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс. Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 метр). Себеттің көлемі 2х27 фут (0,61х8,2 метр). Биіктігі: 6,5 фут (198 сантиметр). Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы - 340 грамм Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да біздің заманға дейін III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таимға созылған.....
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді. Педагогикалық құбылыстар деп - тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында жеке басында, айналасында кездесетін ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес әртүрлі жағдайларды айтуға болады Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді негізгі міндет ретінде қарастырмайды, керісінше оның заңдылықтары негізінде қандай принциптерді қарастыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі. Сол себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптер оның заңдылықтары ретінде қарастырылады. Курстық жұмыстың мақсаты: Өмір сүру қабілеті шектеулі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері, Курстық жұмыстың міндеті: 1. Осы аталған мәселе бойынша шетелдік, отандық әдебиеттерге терең теориялық мәлімет жасау. 2. Өмір сүру қабілеті шектеулі балалардың психологиялық ерекшеліктері анықтайтын әдістемелерді іріктеп талдау , оларды қазақ тобына бейімдеп аудару. Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: Өмір сүру қабілеті шектелген баланы тәрбиелеу әдістері мен қағидалары және тәрбие әдісінің топтастырылуына байланысты болады. Курстық жұмыстың теориялық мәні: Тәрбие түрлері, тәрбиенің ерекшеліктері және заңдылықтары мен қағидалары жайлы қазақ тіліндегі әдіснамалық теориялық материалдар толықтырады. ....
Зерттеудің өзектілігі: арнайы білім беру жүйесінде даму мүмкіншілі шектелген балаларды жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеп дамыту мәселелері. Өкінішке орай, қазіргі таңда дамуында ауытқуы бар балалар саны артуда. Ол балалар арнайы бала-бақшаларда, арнайы мектеп-интернаттарында, арнайы сыныптарда және логопедиялық пункттерде тәрбиеленеді. Өзіне-өзі қызмет ететін, тәуелсіз, әлеуметтік белсенді және әлеуметтік бейімделген, өзіндік мәдениет дағдыларын меңгеріп оларды өзін қоршаған өмірмен әрекеттестік және өзіндік даму мақсаттарында қолданатын адамды тәрбиелеу курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады. Аномальды балалардың, қалыпты дұрыс дамығын балалар сияқты жан-жақты дамуға, оқуға, танымдық әрекеттерін қалыптастыруға құқықтары бар. Бірақ оларға тиісті білім беру және дамыту өте күрделі, сондықтан оларға білім беру өте маңызды мәселе болып табылады. Зерттеудің мақсаты: әр түрлі категориядағы аномальдылығы бар балалардың физикалық, психикалық дамуындағы ерекшеліктері мен заңдылықтарын педагогикалық, психологиялық, физиологиялық тұрғыда жан-жақты зерттеу, ауытқудың құрылымын, сонымен қатар аномальды балаларды тәрбие маңыздылығын анықтау негізінде оларға арнайы білім беруді ұйымдастыру, тәрбиелеудегі әдістер мен тәрбиелеу құралдарын таңдау арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуіне, қоғамның мәнділігін және тәртіптерін саналы түрде меңгеруге, өмір жағдайы мен өз бетінше өмір сүру белсенділігін арттырудағы дамыта оқытуды қолдану болып табылады. Аномальды баланы қоршаған ортаға бейімделуіне әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған. ....