Қадірлі халайық, тойшы қауым, құда-жегжаттар, ағайын-туыстар! Адамның бір қызығы бала деген дана сөз бүгін бәріміздің басымызды тойда қосып отыр. Қызымыз өрісін тапты, құда-жегжатты болып жатырмыз деп анасы екеуміз қуансақ, немереміздің тойында отырмыз деп ата-аналарымыз қуанышты. Ата-ана демекші, біз оқу бітірген соң Алматыда қызметке қалдық, қыздарымыз осында дүниеге келді. Менің ата-анам, туыстарым Қызылордада тұрды. Сондықтан қыздарымыз нағашы ата-әжелеріне жақын болып өсті. Балаларымыздың қамсыз өсуіне, өзіміздің алаңсыз қызмет етуімізге бұл кісілердің көмегі көп тиді, әлі тиіп келеді. Тілеуқорымыз. Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең демекші, бүгінгі тойда үлкендердің отыруы той сәнін келтіріп тұр, ол кісілердің...
Тілеуімді тілеген, еркелігімді көтерген, мен ауырсам – жаны ауырған, көрмей қалса сағынған асыл әжетайым! Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті ақ әжем менің! Нұрлы жүзіңе жарасқан ақ жаулығыңнан, немересін барлығынан.....