Бір немістің баласы әкесіне келіп...

Бір немістің баласы әкесіне келіп:
- Мен сіздің батаңызды алып, үйленсем деп едім.
- Кімге?
- Яшаға.
- Не,не? Не деп сұрап тұрсың?
Мен дұрыс естімей тұрмын ба?
- Жоқ, дұрыс естіп тұрсыз. Мен Яковпен отбасын құрайын деп едім.
Ашуға булыққан әкесі:
- Сен не айтып тұрғаныңды білесің бе?! Әлде есіңнен адасып қалдың ба?! Яков – еврей ғой! 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Әйеліме айта көрмеші... 

Бәке, кеше кешкілік паркте жаныңда отырған сымбатты бикеш сіздің қызыңыз болар?
- Әлбетте! Басқа кім болушы еді... тек сол көргеніңді әйеліме айта көрмеші... 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Қызым-ау, сен ол жігітке тұрмысқа шықпай-ақ қойшы

- Қызым-ау, сен ол жігітке тұрмысқа шықпай-ақ қойшы. Өзі ақсақ, басы таз, көзі қыли ғой!
- Шеше, маған оның сұлулығы керек емес! Адамдығы болса, болды.
- Мен ондай мағынада айтып тұрған жоқпын. Ол сенсіз де өмірде көп зәбір көрген екен. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Екі бойжеткен әңгімелесіп тұр...

Екі бойжеткен әңгімелесіп тұр:
- Анау «Мерседестің» жанында телефонмен сөйлесіп тұрған әдемі жігітті көрдің бе? Мен оны миллионер жасадым ғой.
- Ол жігітті жақсы білемін. Маған дейін ол жігіт миллиардер болатын. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Екі келіншектің әңгімесінен

Екі келіншектің әңгімесінен.
- Менің бір ақын сіңлім бар еді. Жақында өзін үнемі сынап, жақтырмай жүретін бір сыншы жігітке күйеуге шықты.
- Өшін алайын деген шығар... 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Қатты уайымдап жүрмін...

- Қатты уайымдап жүрмін, - дейді бір әйел құрбысына.
- Неге?
- Қызым тұрмысқа шыққалы жатыр. Өзі әлі тамақ істей алмайды.
- Оған бола қам жемеңіз. Өткені күйеу балаңыздың тамақ істеуге қажетті азық-түлік алатын ақшасы да жоқ көрінеді. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Анасы қызына ақыл айтып отыр

Анасы қызына ақыл айтып отыр.
- Қызым, сен әлгі жігітке тұрмысқа шығушы болма! Мені жалғыз тастап кетемісің?
- Оған бола қам жемеңіз, апа! Мен сізді сағындырмай, тез арада қайтып келемін – депті қызы. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық