Аналар-мәңгі жасасын

Жүргізуші:
- Аяулы біздің ата-аналап мен әжелер, Сіздерді Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Біздің сәбилеріміз сіздерге, аналарға деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббатарын ән мен таппақ арқылы жолдамақ. Қабыл алыңыздар!
Армысыздар, аяулы аналар,
Армысыздар әжелер мен апалар!
Мерекемен құттықтайды сіздерді,
Шашу шашып, өнерімен балалар.
- Балалар сонда қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады,қар ериді, жер көктейді, бәйшешектер шығады,құстар қайтып келеді)
- Қазір қандай ай? (Наурыз)
- Сонда бүгін қандай мереке? (Аналар мерекесі)
- Балақайлар, аналардың бүгінгі мерекесіне жайындаған қандай сыйлықтарын бар? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Аналар-мәңгі жасасын

Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Аналар-мәңгі жасасын!
Жүргізуші:
- Аяулы біздің аналар мен әжелер, Сіздерді Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Біздің сәбилеріміз сіздерге, аналарға деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббатарын ән мен таппақ арқылы жолдамақ. Қабыл алыңыздар!
Армысыздар, аяулы аналар,
Армысыздар әжелер мен апалар!
Мерекемен құттықтайды сіздерді,
Шашу шашып, өнерімен балалар.
- Балалар, сонда қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем.)
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады, қар ериді, жер көктейді, бәйшешектер шығады, құстар қайтып келеді.)
- Қазір қандай ай? (Наурыз.)
- Сонда бүгін қандай мереке? (Аналар мерекесі.)
- Балақайлар, аналардың бүгінгі мерекесіне дайындаған қандай сыйлықтарың бар?
1. Көктем келді жадырап, .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Ақтөбеде әкіммен кездесуге келген көпбалалы аналар шу шығарды (фото)

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың есептік кездесуіне халық көп жиналды. Әкім өткен жылы жасалған жұмыстарды қорытындылап, биылғы жоспарымен таныстырды. Есептік кездесудің сұрақ-жауап бөлігі айқай-шумен өтті десе болды. Жоқшылықтан шаршаған аналар микрофонға таласып, жеке сұрақтарын айтқанда жылап жіберді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Жаңалықтар
Толық

Балалары жиі ауыратын аналардың назарына

«Балам ауырғанша, өзім ауырсам...» дегенді аналардың аузынан жиі естиміз. Баланың ауырғаны ана үшін үлкен азаппен тең. Ауырған баласы қатарына қосылғанша ананың жүйкесі де тозып, бар уақыты мен ақшасы да аурумен «күреске» кетеді. Ал бала жиі ауыратын болса, бұл ауыртпалық бірнеше еселенетіні анық.
Әдетте, қатарластарынан жиі ауыратын балалардың есімдерін педиатрлар арнайы топқа, яғни жиі ауыратын балалар тобына кіргізіп жатады. Ал аналар не істеу керек?
Аналар төменде тізілген 10 қағиданы естерінде ұстап, балаларын бұл топтан шығарып алулары керек.

Бөлмесін дұрыс жабдықтаңыз
Баланың өз бөлмесі болғаны жөн. Егер ондай мүмкіндік болмаса, балаңыз ұйықтайтын және уақытының көп бөлігін өткізетін бөлмеде артық заттардың болмауын қадағалаңыз. Айталық, шаң басып тұратын кітаптар, жұмсақ ойыншықтар, тағысын тағы. Мұндай ұсақ-түйектің барлығын беті жабылатын қораптарға салып, күнделікті олардың шаңын сүртіп тұру қажет. Сондай-ақ ойыншықтарының бәрі жуылатын болғаны жөн. Ал таңертең ұйқыдан тұрғанда және кешке жатар алдында бөлменің ауасын тазартып, терезені ашып, таза ауа кіргізу керек. Сонымен қатар күнделікті бөлмені тазалап, дымқыл шүберекпен шаңын сүрту маңызды. ......
Кеңестер
Толық

Ұл бала тәрбиелеуші аналарға 15 кеңес

«Ұл баланы тәрбиелеу оңай емес», - дейді білгендер. Бұдан қыз баланы тәрбиелеу оңай екен деп ойламаңыз. Себебі, ұл баланың өзіне тән қасиеттері бар.
Демек, ұл өсіріп отырған аналарға аса ыждағаттылық керек.

1. Адамдарға деген дұрыс көзқарас қалыптастырыңыз. Сырын бәріне емес, тек бір адамға айтсын. Сол адам – сізболыңыз. Сонда ұлыңызда адамдарға деген сенім қалыптасады, өз ойына терең бойлайды.

2. Қандай да бір іс болмасын, қолдаңыз. Ұл балаға ең қажетті байлық – өзіне деген сенімділік. Әзірше бұл сенімділікті сіз арқылы алады, сіздің назарыңыз ұлыңыз үшін маңызды.

3. Бірге кітап оқыңыз. Өзіңіз оқыған кітапты ұлыңыз да оқығанын қаласаңыз, қызығушылығын арттыруға тырысыңыз.......
Кеңестер
Толық

Психология | Ата аналар жиналысын өткізу қалай жүзеге асырылады

Сынып жетекшісінің қызметі. Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.
1. Педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір суре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқада мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани – адамгершілік және рухани – эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру.Балалардың орынды талап – тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру.Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым – қатынасын ұйымдастыру.Сыныптағы өзін - өзін басқаруды дамыту.
3. Оқушылардың жалпы әрекетін асқару. Оған: диагностикалық,мақсат қоюшылық (целеполагания), жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау (проектировать), бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметін жатқызуға болад ....
Курстық жұмыстар
Толық

Кәсіби оқыту | Ұлттық өрнекті пайдалана отырып аналар комзолын әшекейлеу

Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған, Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді… Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», -деген сөзі осының айғағы.
Бұл мәселе: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында- «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп көрсетілсе, Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында – орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды азаматтыққа, елжандылыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын, дүниені тұтастай қабылдауды, қамтамасыз ететін өнер, еңбекке баулу сияқты білім беру салалары арқылы жүзеге асыру қажет деп анық айтылған[1,2]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бала көтере алмай жүрген аналарға кенес!!!

Ел ішінде мынадай ырым бар. Көпке дейін бала көтере алмай жүрген әйел кішкентай бүлдіршінге ұлдың немесе қыздың көйлегін теріс кигізіп жүргізеді екен. Ұлдың киімін ұлға теріс кигізсе, ұл туады, қыздың киімін қызға теріс кигізсе, қыз туады деп ырымдайды. Діни аңыздарда бұл ғұрыпты Сүлеймен пайғамбардан қалған деседі.Ұлық Алла Былқысқа көпке дейін бала нәсіп етпепті. Сол кезде Былқыс Сүлейменнің ақылымен бес жүз жетім баланың көйлектерін теріс кигізіп жүргізеді. Артынша бала бақытының нышаны байқалады. Қазақ арасында бұл ырым әлі күнге дейін жалғасып жатыр. ......
Кеңестер
Толық

Керемет қой аналар

Аналарды теңейміз ғой құндызға,
Күнге де, айға да, жұлдызға.
Өмір бақи анаменен
Бақытты ғой ұл-қыздар!!!
Тақпақтар
Толық