Аналар мерекесі

Сабақтың тақырыбы: Аналар мерекесі.
Мақсаты: Көктем мезгілінде болатын алғашқы мереке - аналар мерекесі туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Балаларды байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, ойын арқылы қызығушылықтарын арттыру. Сөздік қорын молайту. 5 - 6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруды үйрету және сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Өлең, мақал – мәтелдер жаттату.
Тәрбиелігі: Аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: аналар мерекесі туралы суреттер, слайд.
Әдіс - тәсілдер: жаттау, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Оқу іс - әрекетінің барысы:
1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Балалар дөңгелене тұрып, әр бала өздерінің сүйікті аналары туралы ойлап, аналарының ездерін қалай еркелететінін айтады.
Мысалы: Мені анам: «айым, күнім, боташым, ақылдым», - дейді.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
- Балалар, бүгін бізге Дымбілмес келіпті, оның тапсырмалары бар екен, орындаймыз ба? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Аналар мерекесі

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Ақ жаулықты әжелер, асыл да
Аяулы аналар,ару қыздар!
Сіздерді 8 Наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз!
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық .
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әр бір күнің әр айың.
Қадірлі аналар көңілі,
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқатолып өмірі -
Шаттыққа шаттық ұлассын!.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Ана – гүл, ана – өмір шуағы)

Тәрбие сағаты: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы"
Тақырыбы: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы»
Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.
Мұғалімнің сөзі: - Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Тәрбие сағаттар
Толық

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Анасы бар адамдар ешқашан картаймайды)

Тақырыбы: Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Көрікті көктем аруы сайысы - 8 yаурыз - Халықаралық әйелдер күні

Зал іші мерекеге сай безендірілген. Әсем музыка ойналып тұрады.
Тақырыбы: «Көрікті көктем аруы».
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата – аналар, көрікті қыздар. Көктемнің алғашқы 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!
Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер......

Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Бастауыш | Ана — өмірдің гүлі)

Жанар Ибраева Жеңісқызы, Астана қаласы,
№ 68 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі


Тәрбие сағат тақырыбы: Ана — өмірдің гүлі
Тәрбие сағат мақсаты:
1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.
Тәрбие сағаттар
Толық