Сапаһи

Ертеде Сапаһи деген кісінің теңдесі жоқ, өте сұлу әйелі болыпты. Әйелінің сұлулығы сонша бір көрген адам екінші көруге құмарланып, сол көргенін ауызбен айтып жеткізе алмайды екен. Ері Сапаһи әйелін өте жақсы көріп, әйелі үйде отырса үйде отырып, тысқа шықса әйелімен бірге тысқа шығып, қашан ұйқыға барғанша әйелінің бетіне қарап мөлиіп отырудан басқа тіршілік етпепті.

Сонымен бірнеше жылдар өткізіпті. Сапаһи басында жақсы ауқатты адам болса да, басқа әрекеті болмаған соң, ақыры кедейлене бастапты. Бара-бара тұрмысы тіпті нашарланып кеткен соң, бір күні әйелі отырып Сапаһиге:

— Қолдағы мал-мүлік, ақша таусылды, жұрт қатарлы істеп жүрген тіршілігіміз жоқ. Енді жанды қалай......
Ертегілер
Толық

Биология | Сүйек сынға шыққан соғып алған және буын аралығы созылған кездегі алғашқы көмек

152. Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.

153. Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады. .....
Рефераттар
Толық

Биология | ЖАЛҒАНАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ

ЖАЛҒАНАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ
Жалғанаяқтылар – көпшілігі теңізде, тұщы суда, кейбіреуі топырақта, мүк арасында тіршілік ететін, белгілі дене дене пішіні сақталмайтын біржасушалы жәндіктер. Бұлардың денесін плазманелла деп аталатын қарапайым цитоплазмалы жарғақша қаптайды. Жалғанаяқтылар класында 11000-нан астам түр бар деп есептеледі. .....
Рефераттар
Толық

Биология | ЖАЛҒАНАЯҚТЫЛАР КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЖӘНДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЖАЛҒАНАЯҚТЫЛАР КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЖӘНДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жалғанаяқтылар класына жататын жәндіктер теңізде және тұщы суларда, кейбір түрлері паразит ретінде еркін тіршілік етеді. Топырақта, сондай-ақ батпақты жердегі мүк арасында мекендейтін түрлері де бар. Олардың денесі бр ғана жасушадан тұрады.
Жасушасы қабықшасыз болғандықтан, жалғанаяқтылардың денесінде тұрақты пішін болмайды. Электрондық микроскоппен ғана көрінетін өте жұқа жарғақша немесе плазмалемма жасуша ішіндегі цитоплазма қозғалысынан бірде созылып, бірде қайтадан қалпына келіп, .....
Рефераттар
Толық

Биология | Органикалық қышқылдың бағытталған синтезі

Органикалық қышқылдың бағытталған синтезі.

Жоспар:
1. Сүт қышқылының гомоферментативті және гетероферментативті ашуының биохимиялық заңдылығы.
2. Сірке және пропион қышқылының бағыттылық синтезі.
3. ЦТК арқылы биосинтетика процесінің жүзеге асу принципі, мысал ретінде лимон қышқылы.

1. Сүт қышқылының гомоферментативті және гетероферментативті ашуының биохимиялық заңдылығы. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Бүйрекке арналған емтихан сұрақтары

S. Бүйректің бекітуші аппараты.//

іш қысымы, бауыр-бүйрек жалғамасы, бұлшықет құндағы;//

іш қысымы, майлы капсула, бүйректің бұлшықет құндағы, бүйрек тамырлары, шандыры, ішперде;//

майлы капсула, бүйрек тамырлары, ішперде;//

майлы капсула, бүйрек тамырлары, ішперде.//

+іш қысымы, бүйректің бұлшықет құндағы, шандыр, тамырлар;

*** .....
Рефераттар
Толық

Патша мен бүркіт

Бұрынғы заманда, ылғи аң аулауды әдет қылған бір патша болыпты. Күндерде бір күн аң аулап жүрсе, ағаштың басында бір бүркіт отыр екен дейді. Патша көріп, атайын деп ыңғайланған екен, бүркіт:

— Ей, патша! Мені атпаңыз, мен сізге бір уақытта керек болармын, - депті. Патша оның сөзін елемей, атуға тағы ыңғайланады. Бүркіт әлгі сөзін қайта айтып, жалына беріпті. Бүркіт үш рет жалынғаннан кейін патша ойға қалады да бүркітті үйіне алып келіп, екі жылдай асырайды. Екі жылдан кейін патша кедейленіп, асырауға шамасы келмейді де бүркітті қоя береді. Бірақ бүркіт қанатын көтеріп ұша алмайды.......
Ертегілер
Толық

Айдаһар қатын


Бұрынғы заманда араб жұртында керуен басы Байбатыр деген жаһан кезуші бір адам бар еді. Оның пайда үшін дүниеде бармаған жері жоқ еді. Бір күні болғанда, Байбатыр тағы керуен басы болып, өз шаһарынан бөтен шаһарға бармақ үшін мың түйе, жүз жолдасымен аттанып кетті. Неше күндер бойы жол жүріп келе жатса, бұлар келіп бір шаһардың үстінен шығады. Бұлар жанына қонып шаһардың ішін қараса, ішінен бір адам табылмайды. Біраздан соң бұлардың алдынан бір сұлу қыз шығып, жылап, сырын баян етіп, бастан кешкенін айтады.......
Ертегілер
Толық

Құлатай батыр

Бұрынғы заманда бір бай бар еді, мал дегенде бір көк биесі бар еді. Бұл көк бие күнде айға қарап желіндеп, күнге қарап құлындайды екен. Бай мен бәйбіше сол бие тапқан құлынды қорек қылушы еді, онан бөтен тауып жейтін еш қорегі жоқ еді. Бір күндері болғаңда, бай мен бәйбіше айтты дейді: «Қартайдық, өлер уақытта Құдай тағала бізге бала бермеді. Еңді біз бала тілейік», – депті. Күндегі әдеті бойынша ерте тұрып қараса, көк бие бір бала туыпты. Мұны көріп бай мен кемпір қуанып, үйіне алып келеді, бұл баланың атын Құлатай батыр қояды. Бір......
Ертегілер
Толық

Түс сатып алған тазша


Ертеде бір бай болыпты. Байдың үйінде жүрген бір күң болыпты. Күң жатса, түс көріпті; басынан ай туыпты, аяғынан күн шығыпты, жүрегінің басынан екі жұлдыз туыпты. Ертең ерте тұрыпты. Бір байдың сиырын баққан тазша балаға келіпті.

Бала айтыпты:

— Е, жеңеше, қайда барасың?

Күң айтыпты:

— Сенің байыңа жалданғалы келдім.

Сиыр баққан бала айтты:

— Сен өтірік айтасың, сен бірдеме іздей барасың.......
Ертегілер
Толық