Асқар Алтай | Тұл


Бетон үйдің қоңырауы шолпы сылдырындай сыңғыр ете қалды. Қолына ыстық кофені ала берген Серафима дір ете түсті. Таң атпастан бейсауат жүрген “кім болды екен?” деп елеңдеп те еді, бірақ қарадан-қарап дір ете түскеніне өзі де таңырқады... Дегенмен өмір бойы әлдебіреуді елеңдей күтіп келе жатқан аңсар сезім сырғыған сынаптай соғып өтті. Ол да соқтықпалы дерт секілді ойнамалы еді.

Ауыр денесін жеңіл қозғаған әйел темір есіктің “көзінен” қарады. Қабат үйдің кіреберіс алаңқайында екі адам тұр. Оның ұзын бойлы, қара киімді қарты келесі қабатқа көтерілер баспалдақтың қашағашына сүйеніпті. Қасындағы немересі болса керек, тым жас көрінді.

Қоңырау тағы сылдыр етті.

— Бұл кім? — деді Соня.

— А...а...а... қарағым!.. — деген қарт адамның дауысы қарлығыңқырап шықты. — Мен — әкеңнің бір танысы едім...

Өткен түнде ғана әкесімен сөйлескен-ді, бірақ ештеңе демеп еді. Мұның ойының үстінен түскендей:

— Қарағым! Сен мені танымайсың. Әкеңе де көп болды, хабарласқан емеспін. Сен қам жеме! Менің өзіңе деген бір ауыз сөзім бар... Әкеңе емес. Сол үшін құлқын сәріден кеп тұрмын. Ғапу ет! — деді арғы жақтан.

Бұл еріксіз есік ашты......
Әңгімелер
Толық

Асқар Алтай | Көзімнің қарасы


Зау биікте көк әлемнің көзіндей боп қара ноқат қалықтайды. Қара баршын қанатының астында Алатау шұбартады, Алматы мұнартады. Көк жүзінде алаңсыз жүзген тау қыраны отты жанарымен нөпір қалаға қарашығын сүзеді.

Ал “Ақсай” ауданындағы “Әзірет-Әлі” кафесінде кездескен үшеу әлдеқандай алаңдаулы.

— ... —

— ... —

— ... —

— Көке, — деді жасы жиырманың ішіндегі бойжеткен, — қазір өмір өзгерген... Сіз түк те түсінбейсіз?

— Қарашығым-ау! — деді еңгезердей азамат. — Түсінбейтін мына мен бе? Сен не деп отырсың? Махмұт, мына қыз не дейді? Бағанадан айтқан сөзім далаға кетіпті ғой... Қарғам-ау, не деп отырсың? Білемісің?!

— Кеще... Кеще екенбіз біз, — деді Махмұт жағын қышырлата жанып. — Менің қызым болса, ...

— Көке! — деді Самал, — Мен оны сүйемін! — дауысы салмақпен зілді шықты. — Кешіріңіз! Маған басқа ешкімнің де керегі жоқ.

— “Көке” деме, — деді Рамазан ызғарлы үнмен. — Енді сенде “көке” де жоқ... “Әке” де жоқ. Көкектің жұмыртқасы...

Үшеуі де үнсіз қалды. Әке .....
Әңгімелер
Толық

Асқар Алтай Кентавр

Қара суықты қараша. Жалтаң қырға қара күз келіп, ықтасын тауға қоңыр күз түскен.

Тарбағатайдай тарлан тартқан кәрі керінің адам аяғы жетпес, мал тұяғы тимес бір пұшпағы. Терең шатқалдың жазда жел соқпас, қыста қар алмас күңгей қолтығында жетімсіреп жалғыз үй тұр. Төбесі шатырсыз, қара тастан қаланған еңселі, тоқал там. Маңайында боз талдан тоқылған шарбақты, таспен шегенделген қора-қопсасы бар. Бұл ұры қонысты тап төбесінен түспесең, жабулаған жылқыдай тани да алмайсың, таба да алмайсың.

Тау іші — тымық. Күн көзі — шуақ. Бар дүние балауыздай балбырайды. Биік бауырына бұққан тас үйге Тәңірінің көзі түсіп, күн нұры құйылған.

Тұғырлы келген тас үйде екі жан иесі ғана бебеу қағулы еді. Бірі — құлжадай еркек, бірі — құралайдай әйел.

— ... —

— Иә, Алла! Өзің жар бола гөр! Жанын қалдыра гөр! Жылбысқаны алсаң да, жарымды алма!.. Осы тілегімді бере гөр, Тәңірім! Әумин! .....
Әңгімелер
Толық

Асқар Алтай | Стақан

Қолына қалам алып, жинақтаған ойын қағазға түсіре бергені сол еді, тырс-тырс етіп терезе әйнегі шертілді. Жәнібек еріксіз жоғары қарады. Жертөле — “подвалда” тұратын Жәнібектің жанары кісі бойы биікке салынған жартыкеш терезені шолды. Үйдің тыстағы іргетасының бір бүйірінен жермен-жексен етіп тесе орнатқан терезесымақтан күн сәулесі тура түспесе де, құдайдың жарығы алақандай бөлмеге жарып өтетін. Ал кішкене бала еркін сыйып кетерлік жартыкеш терезе орыстардың әдетімен темір торлы әрі ашылма топсалы еді.

Жәнібек осы терезеге көзі түсіп кетсе, өзін абақтының аядай камерасында отырғандай, бір салқын күй билейтін... Қазір де сол бір сезім тұла бойын жайымен аралап өтті.

Терезе көзінен әлдебіреудің алақаны көрінді де, саусақтары шынысын тағы қақты. Жәнібек еріксіз орнынан тұрды. Қос қабат терезені ашты.

Тыстан көктемнің салқын, дымқыл ауасы лап қойды.

— Амансыз ба, жерлес? — деген орысша дауыс естілді.

Іле-шала жүзін жирен түк басқан бас та көрінді. Сауыс-сауыс сары шашты бас аузынан аңқыған арақ иісі Жәнібектің қолқасын атты. Жәнібек кері шегінді.

.....
Әңгімелер
Толық

Асқар Алтай | Салбурын

Бұйырғынды бел ақбұйраттанып, Арқаның апай-топайы бітеу күртіктеп тастаған қаңтар басы еді. Күңгейдегі қалың шұбардан ығыстап шыққан көк бөрі күйлі болса да кәрі тақыс-ты, бірақ құлан шабысты. Соңынан түсер қуғынды сезген ол қары жұмсақ қараған арасынан сытылып, теріскейге қарай тартқан.

Бел-белегір жоны — жұқа сере. Қозы жонға көтеріле соңына бұрыла қараған. Бірі ат, бірі моторлы шана мінген екеу шұбардың шетіне шығып, әлдеқалай аял құрыпты. Құйрығы қар сызған аң бөрібүлкекке салып, жөней берді. Беті — қиыстағы құла орман иірімі.

Бөрі көп ұзамай, тап маңдай алды — бұлдыраған орман басын шала инеліктей ілмиген пәлекет қылт ете қалғаны. Талайды көрген тақыс тарлан тікұшақтан бірақ ыға қойған жоқ, одан қауіп те күтпеді, төтелей тарта берді. Төбесінен қыранша құлдилай келіп, жел үйіріп өте шыққан немеге ептеп қана езуін ыржитып, бұлдыраған көкжиектегі орманға қарай қиыстай түсті. .....
Әңгімелер
Толық

Асқар Алтай | Салқын ұрған жапырақтар

Ботаға...

Сүттей ақ телефон шылдыр ете түскен. Сол-ақ екен күпті көңілі нілдей бұзылып, не істерін білмей дағдарған. Ақ телефон тағы шырыл қақты. Жәй күнде жанына жағып, құлағына жұғымды естілетін шылдыр абайсызда құйрығын есік қысып қалған мысықтай шар ете түсіп, тарғылдана қалды.

Дәті шыдамаған қол көтерген бойда:

— Әлеу-әлеу, Мәуліқан! — деген әйелдің жіңішке, таныс дауысы анық естілді.

Жігіт жағы қарысқандай үнсіз. Сол қабағы оқыс тартып, демде бұлттай түйілген.

— ... — (!)

— Неге үндемейсің? — Әйел үнінен дегбірсізденгендік білінген.— Мәуліқан, саған не болған? Не қылып хабарласпай кеттің?.. (Жігіттен жауап күткен сыңаймен телефон құлағы бір сәт тына қалды. Жас әйелдің мамықтай жұмсақ, ыстық демін телефон құлағынан-ақ ет жүрекпен сезіп тұрды. Көмейіне қысылтаң түйін байланып, бойын белгісіз бір толқын шарпып өтті...) Бірдеме деші, Мәуліқан? Мені қорқытпашы! Не боп қалды? Қойшы енді, жаным!. Қой, қоя ғой! Қинамашы, қимасым!.. Болды енді, өзің аманбысың!?.

.....
Әңгімелер
Толық

Асқар Алтай | Кержақтың монологы

Ол іштен тынғалы қашан? Ішіне қан қатқалы қашан?!

...Трау–трау... трау–трау... трау...

Таспиықтың тарғыл тасындай тізілген тырналар легі тыраулаған мұңлы үнімен төмендегі тау ішін тербейді. Бірақ тіл-жақсыз тынған кержақ шал селт етпейді. Ат жақты‚ қоңқақ мұрын‚ астау бас‚ дөң қабақ кержақ керең еді... Таскерең тыныштықта өзен иіріміне қармақ салған ол опырылып кетер жар жиегіне жайғасқан. Темекі түтіні ыстағаннан зәрсіңді жаялықтай, жалқаяқ тартқан түкті жүзінен ештеңе аңғарылар емес.

Құлағы көрдей керең тартқан‚ тіл-аузы тас байланған‚ тек көкпеңбек қос шырағы шырадай жанған шалды бүгін де ежелден етене сезім иелеп‚ ауыр ой иектеп алған. Осы бір жұртқа жұмбақ ұры ой‚ жанға жат сұм сезім уысында ұстап‚ сүліктей сорып–ақ келеді. Сыртқа шығаруға тәуекелі жеткен емес. Құдай да қыбын келтіріп‚ тілін тартып‚ құлағын бітеп тастаған. Ал ел білсе — бетіне түкіріп‚ безініп кетері хақ......
Әңгімелер
Толық

Қазақ әдебиеті | Халифа Алтай

Алтай Халифа (1917 – 2003) – 18 желтоқсанда Шығыс Түркістанда туған. Дін және қоғам қайраткері, жазушы. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. 1933 — 1938 ж. Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған.[1] 1940 ж. Алтай Халифа және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 ж. Кашмир өлкесінде тұрақтады.[2] Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкстанда өтіп, осында арабша, урдуша білім алған. 1951 ж. Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды. 1953 — 1954 ж. Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырушылардың бірі. Алтай Халифа Түркияда шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы өмірбаяндық кітаптар жазды. 1991 ж. Қазақстанға біржолата көшіп келді. Ислам дінін уағыздап, діни .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Алтай Ебескіұлы

Алтай Ебескіұлы (18 ғ.) - батыр. Қазақстанның батысын, әсіресе, Атырау, Жем, Ойыл бойларын қалмақтардан қорғау соғыстарына белсене қатысқан. Кіші жүздің Кете руынан. Шешесі - Қарлығаш. Қарақыпшақ Қобыландының ержүрек сарбаздарының бірі - Әлмәмбет батырдың немересі. 1731 ж. қалмақтардың қолына түсіп, екі-үш жылдан соң тұтқын алмасу нәтижесінде босаған. 1738 ж. Құм өзенінің жағасын жайлаған қалмақ ханы Дондукқа қарсы Әбілқайыр хан бастаған жорыққа қатысқан. Бөгенбай батыр екеуі 2 мың кісілік қолды бастап .....
Рефераттар
Толық