Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география Сабақтың тақырыбы: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері Оқу мақсаты: 9.3.4.2- ерекше қорғалатын аумақтардың (қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар) құрылу мақсатын түсіндіреді Сабақ мақсаттары: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпараттарды жинақтау, ерекшеліктеріне тоқталу, пікірлесу арқылы ойларын жүйелеу. Қорытынды жасай білуге үйрету.....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» Сабақ тақырыбы: Ойын ережесі. Бас әріппен басталатын сөздер. Ертегілерді салыстыр. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту. 3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау. Сабақ мақсаттары: 1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту. 1.3.9.3 Бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген атауларды) анықтау.....
Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм (особь ) мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым қатынастар, биоценоз, биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулері, топырақ құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады. Экология – организмдердің арасында болатын қарым- қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстырады, табиғи заңдылықтарды биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін ғылымдар жиынтығы. Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адамый нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу. Экологилық жүйе тіршілікке қажетті жанды және жансыз табиғаттан тұратын болғандықтан ол табиғаттың құрамының негізі блып есептеледі де, барлық ғылыми зерттеулер экологиялық жүйеден басталады. ....
Көпшілік қатысады. Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтып шығу керек. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе ойыннан шығады. Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атау керек.
ЖАБАҒЫ - бұл есім о бастағы көне түркі тілінде ябғу — патшанын, хағанның орынбасары деген сөз. Жабағы сөзі осымен қатар: — бір жасар құлын; түйе мен қойдын жабағы жүні деген мағынаны да береді.
ЖАБАЙ — көне түрік тіліндегі ябгу-жабгу патшанын хағанның орынбасары деген мағынаны білдіреді.
ЖАБАЙХАН - көне түрік тіліндегі жабай + хан. Ханнын, хағаннын орынбасары деген ұғымды береді.
Тақырыптың өзектілігі: ХХ ғасырдың 90 жылдардың басы адамзаттың даму тарихында үлкен зор дүбірлі өзгеріспен басталады. Тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасы алдында өзінің барлық экономикалық әлеуметтік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы саясатта дұрыс бағыт белгілеп, бүкіл әлемдік даму үрдісіне тез арада қосылу міндетті тұрды. Осы кезде еліміздің саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша өзгерістерге ұшырады. Оның басты көрінісі топтың әкімшілік басқару жүйесінен, нарықтық қатынас даму моделіне өту болды. Бұл жүйелік өзгерістер 1993 ж. және 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясында және 1994 ж. Азаматтық кодексінде орын тапты. Сонымен Қазақстан қоғамының үш секторы құрылым заңдастырды. Нәтижесінде біздің елде заңды түрде үш сектор айқындалды. Олар мемлекеттік, коммерциялық және коммерциялық емес сектор. Соңғы коммерциялық емес сектордан Үкіметтік Емес Ұйымдар саяси беделін көтеріп аяғына нық тұра бастады. Демократияның негізгі көрінісі ретінде Үкiметтiк Емес Ұйымдар қоғамда маңызды орын ала бастады. Қазіргі таңда бұл сектордың дамуы белсенді түрде жүріп жатыр. Азаматтық қоғамның негізгі элементі, еліміздің тұрақты саяси дамудың кепілі болып саналады. Халықтың негізгі әлеуметтік мәселелерімен айналысатын бұл сектор өз жұмысында мемлекеттен гөрі, жаңа методпен қатар мәселені шешілуде иновациялық технологияны пайдаланады. Мықты азаматтық қоғам құру тікелей Үкiметтiк Емес Ұйымдармен байланысты. Саяси даму динамикасы мен саяси процеске ықпалын тигізетін бұл қоғамның негізгі құрылымын бөлшектеп зерттеуді қажет етеді. Өйткені қазіргі таңда мықты азаматтық қоғам құру басты ахуалдың бірі. Біздің еліміздегі олардың пайда болу тарихы, қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметін орын анықтаумен бұл сектордың жүйелі түрде зерттелуі өзекті мәселенің бірі болып табылады. Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бұл тақырып отандық және шетелдік зерттеушiлермен қатар ерте грек қоғамының ойшылдармен зерттелген болатын. Сонымен қоса әлемдік саясаттану ғылымының атақты өкілдері өз үлесін қосты. Азаматтық қоғамның зертелуі қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселенің бірі болып табылады. Азаматтық қоғам туралы жалпытеориялық пен методологиялық дамуын қарастырғандар ішінен атап кететін зерттеушілер Друкер П. (1), Казаков О. (2), Либоракина М., Якимец В. (3) Қазақстанның зерттеушілері «үшінші сектор» мәселелерін, қоғамдағы алатын орны мен әлеуметтік, саяси ықпалын анықтауға үлкен үлес қосқандар ішінен, Абишев К.А. (4), Аяған Б.Г. (5), Байдельдинов Л.А. (6), Машан М.С. (7), Джунусов А.М. (8), Мухамедов М.Б. (9), Кушалиев Г.А. (10), Жусупова А.Д. (11) және т.с.с. Үкіметтік емес сектор туралы ҮЕҰ-дардың белсенді жетекшілерінің еңбектері құнды болып келеді. Оларды атайтын болсақ олар В.Сиврюкова (12), қазіргі таңда Үкіметтік емес ұйымдардың Алматы қаласы бойынша басшысы, Думбаев А. (13), Франц И. ҮЕҰ-дардың пайда болуың, оның тарихы жөнінде «Спектор развития» мерзімді басылымының редакторы И.Франц еңбегі мол. Бұл мерзімді басылым түгелімен азаматтық қоғам құру мәжілісі мен ҮЕҰ-дарға қатысты болып келеді. Азаматтық қоғам мәжілісі бойынша алғашқы ойларын грек қоғамының өкілдері бiлдiрген болатын. Олар Платон (14), Аристотель (15), Антика әлемінің зерттеушiлері сол тұжырымдарды зерттеп, өз зерттеулер жазған ішінен Утченко С.Л. (16), Кнабе П.С. (17) жатады. Азаматтық қоғам теориясын қалыптастырудағы айырықша орын алатын кезең Европаның жаңа заман мектебінің өкілдері Дж Локк (18), Гоббс Т. (19), Г. Гегель (20) жатады. Қазақстандағы азаматтық қоғам методологиялық пен теориялық жағынан зерттеулер де аз емес. Олар, ең біріншінің ел басшысы Н.А.Назарбаевтың еңбектері жататынын айтып кетуіміз жөн (21). Сонымен қоса Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының зерттеушілері азаматтық қоғам мәселесіне байланысты «ANALITIC» деп аталатын мерзімді басылымда көптеген мақалалар жариялаған. Деректік базасына келетін болсақ, олардың ішінен ел басының халыққа әр жыл сайын жолдаулары, заңды актілер, Үкіметтік Емес Ұйымдардың бағдарламалары, азаматтық формуда сөйлеген баяндамалары ғылыми жұмыс жазылу барысында дерек көзі ретінде пайдаланды. Тақырыптың мақсаты мен міндеті: осы ғылыми зерттеу жұмысты жазу барысында алдыма қойған мақсаттарым: 1. Азаматтық қоғам түсінігі мен даму эвалюциясы 2. Азаматтық қоғамдағы еріктілік 3. Үкіметтік Емес Ұйымдардың үшінші сектор ретінде дамуы Ғылыми жұмыстың міндетіне осы алдыма қойған мақсаттарымды жан-жақты зерттеп, толығымен жүзеге асыру. ....
Этнопсихология мен этнопедагогика мәселелерінің көтерілуі кештеу болса да, уақыттың талабына сай пісіп жетілген, дұрыс шешуін іздеген мәселелер болып отыр. Жан дүниесі алып-ұшып тұрған жастарымыздың арасында өзіміздің ұлттық ерекшелігімізге тән — үлкенді сыйлау, құрметтеу, ата/ананы пір тұту, жігіттердің қыздарға қарындасындай, болашақ жарындай, ертеңгі анадай қарай алмауы жиі кездеседі, Олардың жігіттік сөз, жігіттік қасиет сияқты мағынаны терең ұғынбауы елімізде болып жатқан қоғамдық өзгерістер мен құбылыстардың әсері, әлде алыс-жақын елдерден келіп жатқан сан алуан хабарларды дұрыс қабылдай алмауы салдарынан шығар деп ойлаймыз. Бұл жерде біз барлық кінә жастарда деуден аулақпыз. Сол жастардың қиналған, дағдарыс кездерінде дұрыс бағыт пен ұлттық тәлім-тәрбие бере білу — алдыңғы буын біздердің міндетіміз. Жастармен жұмыс істейтін мұғалімдер мен оқытушылар оларға ұлттық тәлім-тәрбие беруде тек берілген тақырыпта жұмыс істеумен шектеліп қоймай, болмаса жылда өткізілетін „Наурыз" мерекесінде көрсетілетін салт-дәстүрімізді бетке ұстап, осымен біраз жұмыс істелді деген ойдан арылу керек. Жастарға айтылатын әрбір ой, салиқалы пікір, тәлім-тәрбйе күнделікті болып жатқан оқиғалардан, келтірілген мысалдардан, халқымыздың салт-дәстүрімен, ұлттық ерекшелігімен ұштасып жатуы керек. Соңғы кезде жиі айтылып жүрген мәселенің бірі — экология мәселесін сөз еткенде, халқымыздың бұрыннан айтып келе жатқан төмендегідей ойларын мысал ретінде келтірсе дейміз: „Гүлді жұлма, гүлдей соласың", „Суға түкірме, сусыз қаласың", „Гүлді аяқ астына тастама, басқан адам ауру болады", „Судың да сурауы бар", „Құсты ұстап қинама, обалына қаласың". Осылай тәлім сөздерді -тәрбие құралы етсек, бұл қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты қорғауға иненің жасуындай болса да пайда тигізбей ме? ....
Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық корын алады. Алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде шаруашылықпен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті. Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып, одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бөрі табиғатқа бүрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сиякты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінеді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ітттінде 35% -ы кесілген екен. Кейін адамзат кауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат корларын есепке альш, оларды тиімді пайдалану керектігін үғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар кабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды. Табиғат қорғау дегеніміз — тірі (өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) жөне өлі (топырак, су, атмосфера, жер койнауы, климат, т.б.) табиғатты корғау, тиімді пайдалану және калпына келтіру жөніндегі шаралар кешені. Табиғат корғауға ғылыми түрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады. Табиғат корғаудағы негізгі мақсат — оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз калпында жеткізу. Ол үшін, біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет. Соңғы жылдары елімізде табиғат корғау мәселесіне үлкен мән берілуде. 1997 жылы 15 шілдеде "Қоршаған ортаны қорғау туралы", ал 1997 жылы 6 тамызда "Ерекше корғалатын табиғи аумақтар туралы" заңдар қабылданып, оларды жүзеге асыру жөнінде игі істер атқарылуда. Еліміздегі ерекше қорғалатын аумақтарға: мемлекеттік қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, республикалык мәні бар табиғат ескерткіштері, табиғи қорықшалар (заказник), халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар, зоологиялық, ботаникалық, дендрологиялық бактар, экологиялық тұрғыдан ғылыми, мәдени жөне тарихи құнды табиғи нысандар жатады. ....
Этнопсихология мен этнопедагогика мәселелерінің көтерілуі кештеу болса да, уақыттың талабына сай пісіп жетілген, дұрыс шешуін іздеген мәселелер болып отыр. Жан дүниесі алып-ұшып тұрған жастарымыздың арасында өзіміздің ұлттық ерекшелігімізге тән — үлкенді сыйлау, құрметтеу, ата/ананы пір тұту, жігіттердің қыздарға қарындасындай, болашақ жарындай, ертеңгі анадай қарай алмауы жиі кездеседі, Олардың жігіттік сөз, жігіттік қасиет сияқты мағынаны терең ұғынбауы елімізде болып жатқан қоғамдық өзгерістер мен құбылыстардың әсері, әлде алыс-жақын елдерден келіп жатқан сан алуан хабарларды дұрыс қабылдай алмауы салдарынан шығар деп ойлаймыз. Бұл жерде біз барлық кінә жастарда деуден аулақпыз. Сол жастардың қиналған, дағдарыс кездерінде дұрыс бағыт пен ұлттық тәлім-тәрбие бере білу — алдыңғы буын біздердің міндетіміз.....
Елімізде Тіл туралы заң қабылданып 1990 жылдың шілденің 1-нен бастап күшіне енуіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 4116 Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік тіл – қазақ тілін ресми қолдану іс қағаздарын осы тілде жүргізілуіне ерекше мән беріліп жүзеге асырылуда. Тәуелсіз мемлекетімізде ана тілінің деңгейін көтеру , оның қолдану аясын кеңейту қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне жарқын жол ашпақ. Жалпы халықтық тіл негізгі қатыс құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Сондықтан да адамдарды күнделікті тіршілігінде жазба тілдің қалпына түскен бір көрнекті ретінде іс қағаздарының немесе ресми құжаттардың маңызы айрықша. Өйткені, әр адамның қоғамнан орнын табуы, өз мүддесін еркін қоғамның өзге мүшелерімен жеке адамдармен , мекемелермен, өндіріс орындарымен байланыстыра алуы негізінен осы іс қағаздарымен байланысты. Ресми құжат немесе іс қағаздар дегеніміз адамдар мен қоғамдық мекемелерді өзара байланыстырып, олардың тіршілігі үшін қажеті мәселелер мен мақсат – мүдделерді шешуге көмектесетін қажеттілік материалдар. Іс қағаздарының алдына қойған міндеті – қазақ тілінде іс жүргізу мәселесіне тұрақты да тұрлаулы сипат беру, ұлт тағдыры, оның бірегей төлтума мәдениеті үшін түбегейлі маңызы бар мәселесінің кері кетуіне жол бермеу мен ресми қарым-қатынас жасау. Әдеби тілдің дамуы қоғамдық құрлыстың, оның экономикалық жүйесі мен негізгі саяси ұстанымдарының өзгеруімен, қоғамның ана тіліне деген көзқарасымен тығыз байланысты ....