Қазіргі кезде инфекциялар аурулар кең етек алуда. Олардың ішінде туберкулез, СПИД, оба, түйнеме және т.б. бұл аурулардың көбеюі көптеген адамдардың өміріне қауіп туғызуда. Тек қауіп туғызып қана қоймай, олардың көптеген өмірлерін алып кетуде. Осыған байланысты бұл аурулардың алдын-алу үшін, вакциналар тегін салынуда, сонымен қатар бұл ауруларды емдеу тегін. Мысалы: туберкулез. Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз «Жалпы инфекциялық аурулар жайында».....
Әбілқайыр хан (Әбілқайыр Мұхамбет Ғази Баһадүр хан; 1693—1748) — 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды. Жошының он үшінші ұлы Тоқа Темірден тарайтын — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы, Шыңғыс ханның он бесінші ұрпағы. 1710 ж. Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды. 18 ғ. қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 ж. үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 ж. оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді: Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 ж. қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді. Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 ж. көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды. Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен Кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады. Күллі қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғана бастады. Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалды. Тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Ресейдің қоластына еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1730 ж. күзінде елші жібереді. ....
Гимнасттардың жоғарғы квалификациялық даярлық процесі жаңадан келген гиманстан мемлекетаралық спорттық шебер дәрежесіне дейінгі көп жылдық жолын айтады. Арнайы жүйелі сабақтардың басталуынан бастап, спорт шебері деңгейіне дейінгі оптималды мерзім әйелдерде орта есеппен 5 – 7 , ер кісілерде 7 – 9 жас құрайды. Бүкіл гимнастикалық практиканың кезеңі 15 – 20 жыл қатарынан созылуы мүмкін. Гиманстарды дайындығын кезеңін, мерзімін анықтаудың критериі дүние жүзінің ең күшті гимнастарының ең жоғарғы күрескішінің нәтижесі мен жетістікке жетуге жұмсалған уақыттың орта есеп, облып табылады. Гимнастарды көпжылдық даярлық концепциясы сабақты жүргізуде бағдарламалық нормативті талаптарға және ұйымдастырушылық формасын қарастыратын ортаны құралдармен әдістер жүйесі туралы мағлұматқа негізделген. Гимнастиканың жаңа , едәуір жоғары спорт ретінде дамуы және сәйкесінше жаңа білім деңгейі оны басқару жүйесі ретінде қарастыруды қажет екендігін анықтайды. Басқарудың жалпы түрі объектінің күнгі өзгерту мақсатымен бағытты әсер етуді қарасытырады. Гимнастикада басқару объектінің мақсатына байланысты тұтастай спорт түріне дамытуға немесе елдің жиындық командасын даярлау деңгейінде немесе тренердің гимнастар тобымен жұмыс жасау шегінде оқытуға бағытталған процесс ретінде қарастыруға болады. Басқару талап етілген уақытына қажетті нәтижелерді негізгі күтуді білдіреді. Шындығында егер спорттың даму заңдылықтары туралы білімге сүйенер болсақ, даярлықтың прогрессивті құралы мен әдісін қолдансақ ұйымдастырушлық формалары дұрыс жүргізсек спортсменнің шеңберліктің биік шыңына жету жолындағы оқиғалардың сұрағын құбылыс ағымын жоюға толық негіз бола алады. ....
Ерте кезде де аномальды балаларға әлеуметтік проблема ретінде қарап, көңіл бөлген. Балалардың қоғамдық орнын белгілейтін барлық заң ережелерінде, Рим правосында, Юстициан кодексінде аномльды балалар жөнінде айтылып, олардың қоғамдық жағдайы белгіленеді. Киев Русінің негізі (мемлекеттік қағидалар жинағы) кітаптарында, Москва мемлекетінің «жүз тарауында» аномальды балалардың қоғамдық жағдайды ерекше бұйрықтармен шектелді. Мұндай жағдай Россияда Ұлы Октябрь социалистік револциясы жеңгенге дейін орындалып келді. Кейінгі капиталистік елдерде аномальды балалардың қоғамдық жағдайын арнайы түрде белгілеп қою күні бүгінге дейін бар. Онда аномальды балаға әділетсіздікпен қарап келді. Аномальды балалар қай кезде де философиялық ойға негіз болып келеді. Сондықтан да философтар, егер баланың құлағы есітпесе, көзі көрмесе, дұрыс сөйлемесе оның дүниені, өзін қоршаған ортаны танып – білуі қалай өтеді деген мәселемен шұғылданды. Аристотель аномальды балаларға арналған екі трактат жазды. Кардано, Гольвеций, Дидро және басқалар аномальды балалар туралы арнайы кітаптар жазды. А. И. Радищев өзінің атақты трактатында аномальды балалар дамудың кейбір заңдылықтарын анықтады. Неміс философтары кант және Бауэр аномальды балалардың даму ерешеліктері жөнінде жазған. Организімнің аномальдық тұрғыда бұзыл механизмі қандай деген мәселе өте ерте кезден көңіл бөлінді. Бір немесе екі орган жұмыс істемей қалғанда, басқалары өзара қандай қарым – қатынаста болады? Бала естімегенде оның өзі қандай күйде болады? Көрмеген кезде құлақ қандай қалыпта болады? Баланың орталық жүйке жүйесі бұзылғанда, сезім органдары қандай күйде болады? Атап айтқанда, мұндай мәселелерімен Дарвин және жаратылыс ғылымының басқа да өкілдері айналысты. Қазіргі уақытта дамунда ауытқуы бар балалардың ішкі процестері мен механизмдерін танып білуге білуге үлкен көңіл бөлінуде. Аномальды балаларды зерттеу жүйесінде ғылымның жаңа бөлімі пайда болды. Оның көру мен есту түйсіктерін тікелей зерттеумен айналысқан және ақыл – ой кемдігінің клиникасын зерттеген саласы бөлініп шықты. Аномальды балаларды зерттеудің қажеттілігінен дәрігерлер, физиологтар және медицина – биология ғылымының басқа да өкілдері күш біріктіріп жұмыс істеуде. Педагогтар аномальды балаларды оқытудың әр түрлі жүйесін қолданып, бар күш – жігерін жұмсап бақты. Буржуазиялық әлем мұндай бастама атаулының барлығына дерлік салқын қарады. Сондықтан да аномальды балаларды оқыту процесі өте кеш – XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында басталды. Бұл уақытта аномальды баланы жеке оқыту тәсілі орын алады. Бұлай оқыту мен оны эксперимент түрінде жүргізілген кейбір ғылымның өкілдері айналысты. Ал капиталистік қоғамда осы уақытқа дейін аномальды балаларды мемлекет тарапынан, шіркеулік және әлденеше мемлекеттік оқу орындары ғана бар болды. Міндетті түрде жалпыға бірдей оқу жүйесі де жоқ еді. ....
Көптеген әйелдер жыныстық қатынас кезінде жүкті болып қалмау үшін түрлі амал-тәсілдер мен зиянды дәрі-дәрмектерді қолданып жатады. Алайда, олардың көпшілігі денсаулық үшін қауіпті. Мұндай зиянды салдарды болдыртпау үшін БҰҰ-ның арнайы мекемесі әйелдер қауымына оңтайлы тәсілдерді ұсынды деп хабарлайды cosmo.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар Ана деп бас иеді күллі халық. Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көктем мерекесі қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. «Шуағын шашқан - аялы алақан"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! .....
Пайғамбарымыз ﷺ Рамазанның соңғы он күнінде Мәсжидун-нәбәуиде иътикафқа отыратын-ды. Тіпті деректерде мешіттің ішінде шатыр тігіп парыздан соң зікір, құлшылық және Құран оқу үшін осы шатырға кіретіндігі риуаят етіледі. Мінекей осы сәттерде мынадай бір жағдай болағанын Әбу Зәрр жеткізеді: «Рамазанның соңғы он күні болғанда Алла елшісі мешітте иътикафқа отырды. (Рамазанның) 22-сіне сәйкес келетін дүйсенбі күні екінті намазын өткізіп сосын былай деп хабарлама...
І-бөлім:Іс-әрекетті зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу Жеті модуль арасынан бұл тақырыпты таңдаған себебім, көпшілік әріптестерімнің ұйғарымы топтық жұмыстың математика сабағына келе бермейтіні, тіпті мүлде келтіре алмадық дегендер де табылды. Әлем мойындап жатқан бұл жүйенің математикаға келгенде қандай құпиясы бар екеніне көз жеткізу тұрғысынан және оқушылардың күрделі ғылымға деген шынайы қызығушылығын ояту мақсатында мен зерттеу тақырыбымды есептерді топта талқылау арқылы шығару....
Шымкенттік Айдана Ыбырайдың қаладан ауылға келін болып түскеніне жеті жылдан астам уақыт өткен. Бүгінде үлгілі келін атанып отырған ол, NUR.KZ тілшісіне қайын жұрттың тілін тауып, қалай үлгілі келін атану керектігін айтып берді.