Бабекең қарсақ аулап жүрген екен, Астына буаз бие мінген екен. Жартастың өзенінде келе жатса, Алдында қасқыр ізін көрген екен, Сол кезде қылау жауып ізді басты. Кәрілік кетіп Бабекең болды жас-ты. Бір қурайды пана қып жатыр екен.....
Қызы екен Тастанбектің ақын Сара Бәйгеден күнде келген жалғыз қара. Қыз да болса адамның жүйрігі екен Көрмедім сөзді адамды ондай дана. Қызы екен ақын Сара Тастанбектің.....
Заманға айтпай, маған айттың бар зәріңді, ақын дос, Тепсінісіп шығатынға,- дедің бе екен,- тақым бос, Тепсініскен бабаларың тентіресіп кеткен-ді, Ойқастамай, ойласайық, одан да, бауырым, ақыл қос .....
Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді, Жағалап суаты бар жерге келді. Шілденің сарша тамыз ыстық кезі, Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді. Су ішіп, көлдің шықты жағасына .....
Қосылып, бірнеше адам ортақтасып, Үй салып, ортасынан дүкен ашып, Саудасы жұғымды боп, байып әбден, Шат болып, көңілдері судай тасып, Ақшаны төбедей ғып үйіп қойып, Үлесіп отыр еді шуылдасып .....