Ажырасам деп балаларымнан айрылдым

Ажырасу – мені балаларымнан айырды. Осыдан он жыл бұрын Марат көзіме шөп салғандықтан өзім ақ босағасын аттаған үйім мен үш баламды тастап кеттім. Өмірлік жарым күнделікті шаңырағымызға келіп, хал-жағдайымызды сұрап жүретін Жұлдыз есімді әйелмен төсектес болыпты.  Жақын құрбыма айналған жан мен жарымның опасыздығы жаныма қатты батты. Осылайша үш ұйықтасам түсіме кірмеген жайт отбасымның ойранын шығарып, балаларымнан айырды

Махаббат хикаялары
Толық

Отбасылы адаммен көңіл қостым…

Он екі жылдан бері отбасы бар ер азаматпен кездесіп жүрмін. Екеуіміз бір мектепте сабақ беріп жүріп танысқанбыз. Сол кезден бастап жұбымыз жазылған емес. Ал осыдан үш жыл бұрын сүйіктіме қыз сыйлаған едім. Мұның бәрінен отбасы бейхабар…

Махаббат хикаялары
Толық

Жан құрбым екі жылдан бері күйеуіммен ойнас болған

Күйеуім көңілдес тауыпты. Кеше ғана емес, екі жылдан бері. Кім дейсіз бе? Менің ең жақын құрбым. Күлгін көзілдірігім енді шешіліп жатыр. Жақында ғана күйеуімнің жан құрбыммен екі жылдан бері менің көзіме шөп салып жүргенін білдім. Шынымды айтсам, күйеуіме деген сезімім сол кезде су сепкендей басылды. Оның маған ашылып айтқан бар шындығын сабырмен қабылдадым. Ең сорақысы, жүрегім қарс айырылатындай ащы сезім де болмады.

Махаббат хикаялары
Толық

Қадірімді білмеген қадірлім-ау, Қабірімді құшақтап, жылап қалма…

Жұмыстан келгенімде, жұбайым Жанар кешкі ас дайындап жатыр еді. Қасына жақындап «Маңызды нәрсе айтуым керек…» дедім. Қасыма отырды. Айтар сөзім оның жүрегін ауыртатынын түсініп тұрдым. Бірақ, қанша қиын болса да айтуым керек. «Ажырасайық…» дедім. Ашуланбады, қарсы сөз де айтпады. Себебін сұрады. Ешнәрсе айта алмағаныма ашуланды. Басқа әйелді жақсы көретінімді айта алмадым…

Ол түнімен жылап шықты. Бірге өткізген 20 жылдан кейін — ажырасу қиын болатыны түсінікті. Оның алдында өзімді кінәлі сезінгенім үшін, оған — Көлік, Үй және компаниямның 30% үлесін беретін келісім шарт дайындап қойдым. Бірақ, ол оған бір қарады да, жыртып тастады. Екеуміз мүлдем бейтаныс адамға айналдық. Оның маған жұмсаған уақыты мен күш жігеріне жаным....
kz
Толық