Концерт кезінде шпагатқа отырған Ернар Айдар жұртты таңғалдырды

Ернар Айдар концерті кезінде шпагатқа отырып, оның өнерін тамашалауға келген халықты таңғалдырды. Танымал әншінің өлең соңында мұндай ерекше қабілетін көрсететінін оның жанкүйерлері мүлде күтпеген деп жазады NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

15 Қараша -Ұлттық валюта күні (Теңге – мемлекет келбеті)

Тақырыбы: Теңге – мемлекет келбеті

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып,сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменнен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Туған жеріне , отанына сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың көрекілігі: Алғашқы теңгелердің үлгілері, «Теңге – мемлекет келбеті», жаңа сөздер.
Сабақтың барысы: Қызығушылығын ояту.
Тәрбие сағаттар
Толық

Жадырасын Джумагазиева | Халық ауыз әдебиет арқылы балалардың тілін дамыту

Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру, бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның, барша елдің, алықтың міндеті.

Нұрсұлтан Назарбаев

Мақсаты: Халық ауыз әдебиеті шығармашылығымен таныстыру. Көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру. Балаларды халық ауыз әдебиеті мен танымдық көркем әдебиет шығармашылығымен таныстыру. Әдеби шығарма кейіпкерлерімен салыстыра отырып айнала қоршаған әлем, адами сезімдер мен адами қарым-қатынас туралы пікірлерін білдіруге, ойын ашық жеткізеге үйрету.

Жоспары:

І. Кіріспе

Халық ауыз әдебиеті – өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас құралы.

ІІ. Негізгі бөлім

Халық ауыз әдебиеті – халықтың рухани асыл қазынасы. .....
Әңгімелер
Толық

Агата Кристи | Египет зиратының хикаясы


Әрдайым Пуаро екеуміз бастан өткерген жан түршіктіретін сан оқиғаның ішіндегі ең сұмдығы Мен-хер-Ра патшаның зираты табылып, алғаш қазыла бастаған кезде бірінен соң бірі іле-шала опат болған бір топ адамның ісін тергеген кезіміз болар деп ойлаймын.

Лорд Карнарвон Тутан-хамонның зиратын ашқаннан соң, көп ұзамай-ақ Сэр Джон Уиллард пен Нью-Йорктық Блайнер мырза Каир қаласынан онша қашық емес жердегі Гизе Пирамидаларының маңайында қазу жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын. Күтпеген жерден олар бір топ бейітке тап болды. Бұл көптің назарын аударған үлкен жаңалық еді. Ашылған Мен-хер-Ра дейтін патшаның зираты болып шықты. Мен-хер-Ра байырғы патшалық дәуірі өтіп, ыдырай бастаған кезінде билік еткен, Сегізінші Династияға кіретін, тарихта ұмыт қалған патшалардың бірі болатын.

Тарихтың осы тұсы көмескілеу қалғандықтан газеттер ашылған жаңалық жайлы жан-жақты жаза бастады.

Көп ұзамай көпшіліктің назарын аударған бір уақиға сап ете қалды. Аяқ астынан жүрек ауруынан Сэр Джон Уиллард қайтыс болды. .....
Әңгімелер
Толық

Агата Кристи | Көк құмыраның сыры


Джек Гарингтон сөреден бастап доп барып түскен жерге дейінгі арақашықтық қанша екенін мөлшерлеп, оған көңілі толмай тұрған болатын. Доптың тұсынан арт жақта қалған сөреге көз тастап, екі аралықты көзбен тағы бір шолып өтті. Өңінен ызаланып тұрғаны байқалады. Бір күрсініп қойып, таяғын жоғары көтеріп, қатарынан екі рет соғып еді, бірінде таяғы бақ-бақты жұлып түсті де, екінші рет бұрқ еткізіп, бір уыс шымды қопарып кетті. Тек үшінші ретте ғана допқа таяғы дөп тиді.

Жасың жиырма төртке келгенде гольфты кемшіліксіз шебер ойнауға уақыт табу онша оңай шаруа емес. Өйткені бұл кезде уақытыңның көпшілігі күнелтудің қамына жұмсалып, ықыласың соған ауа бастайды. Аптаның бес жарым күнін Джек жұмыста, қаланың ортасындағы қызыл ағашпен қапталған еңсені басатын кеңседе өткізетін. Тек сенбінің екінші жартысы мен жексенбіде ғана қолы босап, жеке басының шаруасымен айналысатын. Әлгі ойынға құмартқаны сонша, қиналып жүріп, Стоуртон Хит гольф алаңының маңындағы бір кішірек қонақ үйден бөлме жалдап алды. Күнде ертеңгісін сағат алтыда тұрып, бір сағат жаттығу жасап, сегізден қырық алты минут өткенде жүретін поезбен жұмысқа үлгеретін. .....
Әңгімелер
Толық

Агата Кристи | Күдікті төртеу


Әңгіме ашылмай қалған қылмыстар мен жазасын алмаған қылмыскерлердің төңірегінде болатын. Кезегімен сөз алып, әркім өз пікірін айтып жатты: полковник Бэнтри мен оның толықша келген жайдары мінезді әйелі де, Джейн Хелиер де, дәрігер Ллойд та, тіпті қартаң тартқан Мисс Марпл да. Аузын бағып үндемей қалған бір-ақ адам. Ол сан адамның пікірін тыңдап әбден машықтанған, Скотленд-ярдтың бұрынғы комиссары Сэр Генри Клитеринг еді. Үндемей мұртын шиырып сипап қойып, іштей бір нәрсеге мәз болған адам сияқты күлімсіреп отырған.

— Сэр Генри, — деді Бэнтри ханым шыдамы таусылып, — егер сіз бірдеме демесеңіз, тура айқай саламын. Тиісті жазасын алмаған қылмыстар көп бола ма, жоқ әлде болмай ма?

— Сіз газетке беретін мақаланың тақырыбын ойлап отырсыз, Бэнтри ханым. Тағы да Скотленд-ярд кінәлі деп, ары қарай ашылмай қалған құпиялардың тізімін тізбексіз ғой.

— Ондайлардың, саны меніңше, көп бола қоймас?— деді дәрігер Ллойд.

— Иә, солай. Ашылған жүздеген қылмыстар мен жазасын алған қылмыскерлер туралы көп жазыла да, айтыла да бермейді. Бірақ біздің талқылап отырғанымыз ол емес, солай ғой? Сіз ашылмай қалған қылмыстар мен шешілмей қалған құпиялар жөнінде сөз қозғағанда, бір-біріне қатысы жоқ екі мәселені айтып отырсыз. Бірінші топқа Скотленд-ярд мүлде естімеген, болғанын жан адам білмейтін қылмыстар жатады. .....
Әңгімелер
Толық

Агата Кристи | Он қара домалақ

1

Шылым шегетіндерге арналған бірінші дәрежелі вагонның бір бұрышына жайғасқан сот Уоргрейв — ол жақында ғана жұмыстан біржола босап шыққан — сигарын түтіндетіп, "Таймстағы" саясат бөлімін шолып отырған. Ұзамай газетті былай ысырып қойып, терезеден сыртқа көз жіберді. Пойыз Сомерсеттен өтіп бара жатыр еді. Сот ойша шамалап көрді — әлі екі сағаттай жүруі керек екен.

Негр аралы жайында газеттерде жазылғанның бәрін сот қайта-қайта ой елегінен өткізумен келеді. Әуелі оны яхта десе ішкен асын жерге қоятын американ миллионері сатып алыпты, Девон жағалауына жақын жерде орналасқан осынау шағын аралда қазіргі заман үлгісіндегі керемет көркем үй тұрғызыпты. Алайда, өкінішке қарай, миллионердің үшінші әйеліне, таяуда ғана тапқан тотықұсына теңіздегі шайқалыс жақпайды екен, осы жағдай миллионерді үймен де, аралмен де қош айтысуға мәжбүр етіпті.

Сөйтіп, арал сатылатын болды, оның әсемдігін айтып тауыса алмайтын сипаттамасы бар құлақтандырулар газеттерде жиі-жиі жарық көре бастады. Одан соң аралға мистер Оним дейтін біреудің ие болғаны жөніндегі хабар жарияланды. Сол сол-ақ екен, зайырлы қауым өміріндегі жаңалықтарды жиып теретіндердің қиялы шартарапты шарлап кетті. Шын мәнінде Негр аралын голливудтық киножұлдыз мисс Габриелла Терл сатып алыпты!.. Сол жерде - репортерлер мен жарнама ырың-жырыңынан жырақта - бірнеше ай тыныш тұрғысы келетін көрінеді!.. "Бизи Би" бұл арал король отбасының жазғы резиденциясына айналатыны жайында сыпайы түрде тұспалдап жеткізді. Мистер Мерриуэдерге аралдың жас лорд Л. меншігіне көшкені - ақыры оның да Купидон құрбандығына айналып, аралда бал айын өткізуге ниет еткені турасында сыбыс жетті. "Джонас" аралды әлденендей бір айрықша құпия сынақтар өткізу мақсатында Әскери-теңіз күштерінің басқармасы сатып алғанына зәредей күмән келтірмеді. .....
Әңгімелер
Толық

Агата Кристи | Арзан пәтердің сыры

Осыған дейін мен қағазға түсірген уақиғаларда, мейлі ұрлық жайлы болсын, мейлі кісі өліміне байланысты болсын, Пуароның әрекеті ең алдымен негізгі айғақты тексеруден басталып, шегіне жеткенше тарқатылып, жүйелі желімен өрбитін. Ал әңгіме еткелі отырған мына жағдай бәрінен ерекшелеу. Мұнда уақиғалар тізбегі ең әуелі Пуароның назарына іліккен қарапайым ұсақ-түйектерден өрбіп, адамның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін небір сорақы қылықтармен шектеледі.

Бірде кешкісін ескі досым Джеральд Паркердің үйінде отырғанбыз. Менімен үй иесінен бөлек тағы да бес-алты адам бар-тын. Әдетте Паркер отырған жерде әңгіме қалайда баспана іздеу мәселесіне қарай ойысатын. Бұл жолы да дәл солай болып шықты. Әңгіме арқауы Лондоннан пәтер іздеп табудың қиындығы жайында болатын. Баспана.іздеу, пәтер ауыстыру Паркердің үйреншікті кәсібіне айналған еді. Соғыстан1 бергі уақыт ішінде - ол ең кемінде бес-алты пәтер ауыстырған. Бір.жерге қонар-қонбастан және бір арзан үйге ықыласы ауып, дүние-мүлкін арқалап көше жөнелетін. Дегенмен әрбір көшіп-қону оған аз да болса пайда келтіретін. Ал шынына келгенде, пәтер ауыстыру енді оған пайда табудың көзі емес, күнделікті әдетіне айналып кеткен еді. .....
Әңгімелер
Толық

Агата Кристи | Метраждан келген ажал


Мисс Полит шығыршық тұтқадан ұстап, коттедждің есігін жайлап тықылдатты. Сәл кідіріп, есікті жайлап қайта қағып еді, сол жақтағы қолтығына қысқан ораулы заты төмен сырғып кетті. Онысын қайта қымтып көтеріп қойды. Әлгінің ішіндегі Спенлоу ханымның жаңадан қысқы маусымға арнап тіккізген жасыл көйлегі болатын. Даяр болған соң кигізіп көруге алып келген.

Метраж, ине-түйреуіштерге арналған жастықша, үлкен іс қайшысы салынған қара жібек матадан тігілген ұзын баулы сөмкесін Мисс Полит сол қарына іле салыпты.

Ол сұңғақ бойлы, ашаңдау, қыр мұрынды, оймақ ерін, жұқалау сары шашты әйел болатын. Есікті үшінші рет соғуға батылы жетпей ойланып тұрғанда, көше жаққа көзі түсіп, жедел басып келе жатқан біреуді байқап калды. Бұл шат көңілді, бетін күн қаққан, жасы елу бестердегі Мисс Хартнелл болатын. Ол зор даусымен әдеттегісінше гүрілдей сөйлеп, «Сәлеметсіз бе, Мисс Полит!» — деді.

Тігінші: «Есенсіз бе, Мисс Хартнелл»,— деп жіңішке әрі құлаққа жағымды үнмен сызыла жауап қатты.— Кешіріңіз,— деді ол сөзін қайта сабақтап,— сіз Спенлоу ханымның үйде бар-жоғын білмейсіз бе?

— Мүлде бейхабармын,— деді Мисс Хартнелл.

— Ептеп ыңғайсыз болып тұрғаны. Спенлоу ханымның жаңа тігілген көйлегін кигізіп көруге алып келіп едім. Үш жарымға келіскен едік. .....
Әңгімелер
Толық