22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Қош келдің, Наурыз!)

Жер жүзіндегі жұрттардың бәрінің де түрлі-түрлі мейрамдары болады. Мәселен, дін мейрамы, ұлт мейрамы, мемлекет мейрамы секілді. Өзгелерді былай қоя тұрып, өзіміздің сыбайласымыз орыс жұртын алсақ, бұл туралы қазақтың мақалы да бар: "Орыста мейрам көп, қазақта айран көп".

Біздің қазақ айранға бай болғанымен: мейрамға жарлы екендігі осыдан да көрінеді. Жалпы мұсылман жұрттарына ортақ жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз-ақ мейрам бар, ол - Наурыз.

Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа Күншығыс жұрттарының көбі, мәселен, Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар....
Шығармалар
Толық

Мұқағали Мақатаев

Әр Өлеңі-Бір Әлем...
Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы 3 курс шетел филологиясы мамандығының студенті: Садибекова Айдана
Жетекші: Шарыпқазы Н.

Эсселер
Толық

Аққудың қанатына жыр жазған ақын

Қара өлеңнің Құлагеріне, халқымыздың жыр-қазынасына айналған Мұқағали!

Ақынға жыр болған, сазгерге ән болған, Қарасазға құт , Мәңгілік елге мұра болған ғасыр ақыны!

Ғасыр ақыны, жалындай жарқылдаған қазағымның жасын ақыны!

Мұқағалидың поэзиясына бас қоймаған қазақ жоқ. Елімізден шығатын газет-журналдардың беттеріне Мұқағали туралы мақала, өлең шумақтары, ән мен жырлар лек-легімен жариялануда. Бұл- халқымыздың жүрегі жырдан нәр алған, өмірі өлеңге айналған ақынын құрметтеп ардақтағаны. Ақынның өлеңдерін жатқа оқып....

Эсселер
Толық

"Кел, балалар, оқылық!" өлеңінің өміршеңдігі

Мен де бір Аллаға сыйынып, атамның өлеңдерін оқып келемін.  "Кел, балалар, оқылық!" өлеңін бала-бақшадан естіп, балбөбек кезімнен жаттап келе жатқан сүйікті өлеңім.


Ұстаз атамыздың қазақтың қара домалақтарын оқу-білімге шақыру үшін шығарған өлеңі. Қаладан қарапайым ауылға келген жас ұстаз еді. Оқуға тарту үшін ат арбамен ауыл аралап, он төрт баланы...

Эсселер
Толық

Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар

Гендік тұрғыда өзгеріске ұшыраған өнімдер туралы айтқанда, әлем ғалымдарының да, қоғамның да пікірі екіге жарылады. Біреулер бұл адамзат үшін өте қажет десе, келесілері олардың адам денсаулығына зияндығын алға тартады. ГМО өнімдерін жақтаушылар бұндай өнімдерін шығару адамзатты аштықтан құтқаратын бірден-бір жол деп тұжырымдайды. Өйткені тағы 40-50 жылдан кейін Жер бетіндегі тұрғындардың саны 11 миллиардқа дейін жетуі мүмкін. Яғни ауыл...

Эсселер
Толық

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында Аристотель сөзі арқылы берілген негізгі ой

Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.  Ақын шығармалары  осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қалады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары.
«Ескендір» поэмасы – Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір....

Шығармалар
Толық

Хайуанаттар бағына саяхат

Кеше мен ата - анаммен хайуанаттар бағына бардым. Демалыс күн болғандықтан онда келушілер де көп болды. Біз онда алуан түрлі жан жануарларды: арыстан, жолбарыс, маймыл....

Эсселер
Толық

Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас

Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті. Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім....

Эсселер
Толық

Мен өз Отанымды мақтан тұтамын

Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі  Қарасу жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы...

Шығармалар
Толық