file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Электр энергетикасы

Электр энергетикасы – энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті – электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру. Бұл сала – кез келген елдің әлеуметтік және экономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі. Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болады. Электр энергиясының негізгі өндірушілері: I. Жылу электрлік стансасы (ЖЭС): Конденсациялық электрлік стансасы (КЭС); Жылумен жабдықтау электрлік стансасы (ЖЖЭС); Атомдық электрлік стансасы (АЭС). II. Су электрлік стансасы (СЭС): су жинаушы электрлік стансасы (СЖЭС). Электр тарату желілері (ЭТЖ) арқылы бір-бірімен және тұтынушылармен біріктірілген электрлік стансылар электрлік жүйелерді құрайды.

Мәтіндер
Толық