Экономика | ҚР ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері

Қазақстан ХХІ ғасырдың баспалдағында нарықтық эконономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүениежүзіне таныла бастады. Жақын арада Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында өтпелі кезеңде жетістіктерімізді атап, осы уақыттағы және болашақтағы ұстанатын жолымызды, яғни экономика салаласындағы атқаратын қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсетті. Қазазстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында айқындалған стратегиялық бағдарламаның негізінде, біз жас буын оқымыстылар, ғалымдар өз үлестерін аянбай қосатыны белігілі.
Ұлттық экономикамыздың жеткен жетістіктерімен қоса әліде болса, шешілмеген осал тұстарымызда баршылық. Біздің борышымыз Қазазқстанның өркениетті, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуы үшін аянбай еңбек етуімізді талап етеді. Қазіргі экономоикалық өсу, қоғамдағы әл-ауқаттылық жағдайы, өндірістік тиімділік бүгінгі күнннің өзекті мәселесі. Ғылыми салада бүгінгі жаңа теориялық ізденістерін тереңдетіп жетілген және жетілмеген тұстарына көңіл бөліп одан ары дамытуға өз үлестерімізді қосуға атсалысқанымыз жөн деп санаймын.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Дамушы елдердiң экономикалық өсуi

Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.
Экономикалық өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде қарастырамыз. Өйткенi, қысқа мерзiмде өндiрiс факторлары тұрақты болып келедi.
Осылайша, экономикалық өсу толық жұмысбастылық жағдайындағы потенциалды өнiм өндiру деңгейiнiң ұзақ мерзiмдегi қарқыны болып табылады.
Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Он төрт жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жеттi.
Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасы атап көрсеткенiндей, “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек”.
Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе стратегиялар қажет /1/.
Экономикалық өсу әдетте ЖIӨ-нiң нақты өсуiмен бағаланады және оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң алатын орны үлкен болуы керек. ....
Курстық жұмыстар
Толық