Әмірхан Балқыбек (Ауыл суреті)

Шаңқан ауылын арманның атап қонып,
Қыз қолынан шай iшу атақ болды.
Сұрақ болдың – себебi сұлулығың,
Бiр шешiмiн таппадым, шатақ болды.

Екi түрлi ой, ортада сызық, сiрә!
Өзiме аян жүрмегенiм қызық сұрап.
Арысы – бiр сезiм пернем.....
Өлеңдер
Толық

Әмірхан Балқыбек (Арман қуу шынымен күйiк кей күн)

Иiлместi жатсаң да иiп мейлi,
Арман қуу шынымен күйiк кей күн.
Арман – тау ғой, қаншалық жақындасаң,
Сұлбасы да соншалық биiктейдi.

Көргенiңе көңiл бұл көнбес бiрақ
«Тақыр жерден батырың өлмес құлап»
дейсiң дағы тартасың.....
Өлеңдер
Толық

Әмірхан Балқыбек (Шын ғашықтарда болмайды екен ес мүлде)

Махаббат үшiн бiр екен ессiз, естiң де,
Шын ғашықтарда болмайды екен ес мүлде.
Дәл мендей сенi сағына аңсап жалғанда,
Дәл мендей сенi сүймеген шығар ешкiм де.

Дәл мендей сенi сүймеген шығар ешбiр жан,
Өзiңдi iздеп тал түсте көше, кеш қырдан,
Мен қазiр, жаным, шайыр.....
Өлеңдер
Толық

Әмірхан Балқыбек (Ақын ғұмыр)

Асау арман кеудеге симағасын,
Қиналасың,
Ашыған ми боласың.
Амал бар ма
Ақынға алабұртпай
Ару-өмір өрт-ғұмыр сыйлағасын.

Өртенесің,
Өртейсің,
Жалындайсың,
Таптырмайсың,
Таппайсың.....
Өлеңдер
Толық

Әмірхан Балқыбек (Қос Аққу)

Нұр шашылған аспанның аясында,
Мынадай сұлулыққа тоясың ба?
Көзiң түссе өзiңдi ұмыттырар,
Махаббат та, мәрттiк те, бәрi осында.

Көне өлеңiң секiлдi жаңа өлеңiң,
Табиғат-ай, не деген шебер едiң?
Осынау ақ айдынның.....
Өлеңдер
Толық

Әмірхан Балқыбек (Хат)

Сен сұлусың,
Сабырлымын мен бiрақ,
Әнге айналсаң,
Еститұғын мен құлақ.
Бұлтсың ба,
Тосқауылың тау да мен,
Сенi қуған желдi демен
жау көрем.

Бозара атқан таңым болсаң,
Ертеңмiн,
Көрiктiсiң,
Күлкiң оттай.
Өртендiм.
Өртенiп ем өшкенiм.....
Өлеңдер
Толық

9 Мамыр - Жеңіс күні (Бейбіт күн жасасын әлемде)

Сұм соғыс! Осы бір ауыз сөзде қанша қайғы-қасірет жатыр десеңізші. Қазіргі балаларға ертегі көрінетін сол соғыс туралы көне көз қарттардан сұрай қалсаңыз ,ауыр күрсініп үнсіз қалатын еді. Мүмкін, сол соғыстың кезіндегі ауыр күндер, қаза болған жолдастары, жас жарын зарыға күтіп, қоңыр күзде салған гүлдей ерте қартайған арулар есіне түсер. Қаншама адамның өмірін қиған сол соғыс туралы көзіне жас алмай еске алатын қарттар аз болар, сірә.
Он бес ұлтты бір үйдің баласындай біріктірген бұл соғыс 1945 жылы 22 маусымда таңғы 4-те басталып, 4 жылға солған еді.Неміс басқыншылары бастаған бұл соғыс аяқ асты басталған еді. Тамылжыған таңда әуе шабуылынан басталған бұл соғыстың соншама адамдарға әкелген азабын, қиыншылығын, тіпті, ешкім дәл кесіп айта алмас еді. Барлық азаматтар Отанын.....
Шығармалар
Толық

Ілияс Жансүгіров - лирик ақын

Жалпы ақындық қасиет адамға ерте қонатындығы, әдетте өлең шығару жас кезден басталатыны дүйім жұртқа мәлім факт. Бірақ сондай дарынға түрткі болатын игілікті жайт-ойы мен көңілін қозғар орта болмаса, оған қандай да бір жағдай жасасаң да, одан шығар нәтиже шамалы.
Ілиястың өскен ортасы да, өмір кешкен қоғамы да оның ең алғаш қалам тартып, ақындық жолға түсуіне түрткі болған, дарынын, ішкі талант құбылыс-қасиетін ашқан, әсемдік әлеміне жетелеген –Жетісу табиғаты мен өзінің туып-өскен жерінің сұлулығы. Әдетте, сұлулыққа тәнті болған адам ғана құштарланады, іңкәрлік сезімге бөленіп, толғанысқа, қиял-сезімге бой ұрады. Бұл жайтты Ілияс та басынан кешірген. Бойындағы сезімтал қасиеті оның ойын сан-саққа жүгіртеді, қинайды, әбден қалжырап, бәлкім қасындағы.....
Шығармалар
Толық

Қазақ хандығына 550 жыл

Жоспар

Кіріспе
1. Қазақ хандығының құрылуы

Негізгі бөлім

1. Қазақ хандығының алғашқы басшылары (хандары)
2. Қазақ хандығына 550 жыл!
3. Қазақ хандығынан кейінгі қазіргі Қазақстан

Қорытынды

Бабаларымыз «Ошақтың бұты – үшеу, жағар оты – біреу» деген тәмсілді бекер айтпаған. Осы ұлағатты ұғым бізді береке-бірлікке үндеп, ұрпақтар сабақтастығының тұтастығына шақырды.

Бұл орайда Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрдайым ұрпақтар сабақтастығына терең мән беріп келеді. Қазақстан Президенті жуықта қасиетті Ұлытауда сан қатпарлы тарихымыздың түптамырын толғаған.....
Шығармалар
Толық

9 Мамыр - Жеңіс күні (Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!)

Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.

Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.

Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін.....
Шығармалар
Толық