Жақсылық Үшкемпіров Әмірәліұлы (1951 жылы 6 мамыр)

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандықты қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын. Бала кезінде қазақша күреспен, ал классикалық және еркін күреспен институт қабырғасында оқып жүрген кезінде айналыса бастаған болатын. 1970 жылы жаттықтырушы Рома Хасанович Ильматовтың кеңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа классикалық түрімен айналыса бастады. Арқадан асырып лақтыру әдісін жақсы меңгереді. Күрес кезінде қарсыласын дәл бағалай біліп, әлсіз жақтарын сезіп, нәтижесінде өз пайдасына шешетін. Ұпайы қанша жоғары болып тұрса да, ойын аяғына шейін жеңудің ыңғайлы жақтарын іздеумен болатын. Бір жылдан кейін 1975 жылы Алматы қаласында өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасының Жақсылық үшін маңызы зор болды. Еліміздің ең таңдаулы күрескерлерімен белдесіп бәрін жеңіп шығып, Спартакиада чемпионы болып, өміріндегі алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Ж. Үшкемпіров еліміздің чемпионатының жеті дүркін жүлдегері болды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Көпен Әмірбек (1950 жылы 29 наурыз)

Көпен Әмірбек 1950 жылы 29 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданына қарасты Ешкіқора елдімекенінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Отырардағы халық театрында еңбек жолын бастаған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін 1973 жылы бітіріп, Қиыр шығыста екі жылдық әскерипартия мектебінде оқыған. 1978 жылы Мәскеуде, 1980 жылы Ташкентте өткен бүкілодақтық жас сықақшылар фестиваліне қатысып, «Правда» баспасынан шыққан «Надейся и жди», «Крохотные звезды» атты орыс тіліндегі ұжымдық жинақта әзіл-сықақтары жарияланды. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

KeshYou тобы

КешYOU — Қазақстандық әнші қыздардан құрылған музыкалық топ. 2004 жылы Алуа Қонарованың продюсерлігі кезінде топтың атауы SAF болып құрылды. 2006 жылдың 10 сәуір күні белігілі продюсер, тележүргізуші, актриса, әнші Баян Есентаева трионы өзінің қол астына алып, топ атауын КешYOU етіп өзгертті. Жылдық табысы $500 мыңнан асатын КешYOU тобы, продсердің ең табысты жобаларының бірі.
Уақыт өте келе топтың құрамы, стилі өзгерді. 2016 жылдың 24 мамыр күні топтың 10 жылдығына арналған мерейтойлық концерті Алматы қаласындағы Республика сарайында өтті. Концертке Балжан Бидаш, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Жұлдыз Өмірғали, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Анель Аринова, Зумрад Гараева қатысты.
2019 жылы КешYOU тобының 13 жылдық мерекесіне арналған бейнебаян шықты. Бейнебаянға Ляззат Сұлтанова, Балауса Ерғалина, Наргиз Алтайбай, Анель Аринова, Зумрад Гараева, Мөлдір Әуелбекова, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Жұлдыз Өмірғали, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Балжан Бидаш, Сара Амангелді, Назым Әбілдина қатысты....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ninety One тобы

Ninety One немесе 91 (/ˈnaɪnti wʌn/, қаз. "Тоқсан бір") — JUZ Entertainment агенттігінің 2015 жылы «Айыптама» атты синглмен дебют алған, 5 мемберден тұратын қазақстандық бойз-бэнд. Топ мүшелері: A.Z., ALEM, ACE, ZaQ және BALA. Топ K-pop жанрынан бастау алып, Q-pop (Qazaq-pop) жанрының іргесін қалады. Топтың бас продюсері - ORDA тобының мүшесі Ерболат Беделхан.
Тарихы
Ninety One - миллиондаған жанкүйерлердің жүрегін жаулаған Q-pop бағытындағы алғашқы Қазақстандық топ. Топ ұжымы 2015 жылы "Айыптама" әнімен дебют жасап, өздерін таныстырды. Ән көптеген музыкалық чарттардан алғашқы орындарды иеленіп, бейнебаяны мен топ мүшелерінің сырт келбеттері адамдардың қызығушылықтарын тудырды. Ары қарай, шығарылған күні-ақ хит болған мини-альбомдар мен синглдер халық назарына арты-артынан ұсыныла бастады. Бейнебаяндар YouTube желісінде көп қаралымдар жинап, 120 елдің музыкалық чарттарында бой көрсетті.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

МузАРТ тобы

МузАРТ — Қазақстандық вокалды-аспапты ансамбль. «МузАРТ» – көне түркі тілінен шыққан, «УЗ» – сал, сері, тағы сол сияқты ер азаматқа тән қасиеттерді, ал «АРТ» - биік, шың, тау деген мағынаны білдіреді.
Топ алғаш құрылғанда құрамында үш әнші өнер көрсетсе, қазіргі уақытта ВИА сегіз мүшеден тұрады: Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілев, Ғалымжан Артықбаев, Ерлан Құлахметов, Бексұлтан Арман, Ерік Жасақбаев. Сонымен қатар, топтың құрамында Мақсат Базарбаев және Болат Жолдасовтар өнер көрсетті. Топ құрылғалы бері топтың арт-директоры қызметін Ерлан Жүнісбай, музыкалық продюсері қызметін Бексұлтан Арман атқарып келеді....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жігіттер тобы

"Жігіттер" тобы — 2003 жылы Шымкент қаласында төрт жігіттен құралған квартет.
Өнердегі ұстаздары Әбдіхан Нұрмағанбетовтың жетекшілігімен республикалық Арай-2003 байқауына қатысып, бас жүлдеге ие болды. Ел жүрегінен кең орын алған "Ерке қыз" әніне бейнебаян түсіріліп, оңтүстіктің шымыр жігіттері өнер ордасы - Алматы қаласына келді. Продюсері - Ерғали Әбдірайымовтың көмегімен үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, өз өнерлерін Алматы қаласында әлі күнге дейін жалғастырып келуде.
Топ құрамы: Айдар Байжанов, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев және Мырзахан Маханов. Бүгінде топ қоржынында екі үнтаспа, 10-ға жуық бейнебаян, 80-ге жуық әндер бар. Дәл қазіргі таңда жаңа екі бірдей әнжинақ пен бір бейнебаянның тұсауы кесілгелі тұр..........
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ұлытау тобы

«Ұлытау» қазақстандық аспапты этно-рок стиліндегі музыкалық ұжым. Топтың әуендері келесі қолданылаты негізгі аспаптарынан туындайды: домбыра, электр гитара және скрипка.
Топ әу бастан-ақ игі мақсатпен құрылған еді. Мақсат – қазақтың қара домбырасы мен халық күйлерін әлем халықтарына таныту. Қыдырәлі Болмановтың бастамасымен құрылған топ не бары бес-алты жылда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлдені жеңіп алды. 2004 жылы әлемдік жұлдыздар санатындағы түрік әншісі Тарканның концертінде өнер көрсеткен. Ал, 2005 жылы топ музыканттары Шешенстан Республикасы мен Ингушетия Республикасының Еңбек сіңірген және халық әртістері деген атаққа ие болған. Топтың алғашқы альбомының атауы – «Жұмыр қылыш». Махамбеттің «Жұмыр қылышы». Жарыққа шыққан күйтабақта айқын көрініп, әдемі тыңдалатын дүниенің бірі – «Жұмыр қылыш». Оның өне-бойында даланың рухы болған соң, біз альбомды «Жұмыр қылыш» атадық».....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Орда тобы

Орда — қазақстандық музыкалық топ. Топ алғаш рет "Бауыржан шоу" театрының құрамында ағайынды отбасылар Беделхан және Оразбековтердің қосылып ән айтуымен көріне бастады.
Топтың тарихы
Топ атауы 2001 жылдың 1-ші сәуірінде күні дүниеге келеді. Оған дейін ВИА болып жүрген олар, эпизодтық ролдерде ойнап, театрдың музыкалық және би қойылымдарында ғана шыққан. Сол кезден бастап, топтың хореографиялық қойылымдары үшін Ерболат Беделхан жауап берген. Онымен бірге Жанболат және Есболат інілері билесе, Дастан халық әндерін нақышына келтіріп орындайтын. Ал Рүстем театр қабырғасында ашылған актерлік шеберлік студиясының түлегі болып шыға келді.
Жігіттер алғаш рет 9-шы мамыр күні Република сарайында өткен концертте өнер көрсетеді. Дәл сол уақытта "Белгісіз жан", "Махаббатым" әндері шығарылып, жазылады. Кейін ағайындылар театрдың барлық музыкалық және би қойылымдары үшін жауап береді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Алашұлы тобы

Алашұлы тобы - 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының қабырғасында құрылған ұлттық дәстүрді ұлықтаған музыкалық топ.
Топ мүшелері:
Атаханов Берік,
Рахмет Мақсат,
Рамазанов Ерзат сынды жігіттерден құралған.
Бас директоры әрі продюсерлері – Назгүл Қарабалина. Алашұлы тобының жеке парақшасы @alashuly_group
Топ мақсаты
Алғаш топ болуды ойластырғанда-ақ олар жерге, руға бөлінбей, «бір атаның емес, барша Алаштың ұлы болайық» деген мақсат қояды.
Топтың көздеген мақсаты – жастардың рухын көтеріп, қазақтың өнерін кеңінен насихаттау, әрі жер-жаһанға таныту. Сонымен қатар айтылмай жүрген, ұмыт болып бара жатқан термелер мен жырларды қайта жаңғырту. Бір сөзбен айтқанда — өткенді жаңғырту. Осы мақсатты орындау барысында жігіттер түнгі клубтарда да ұлттық нақыштағы әндерді шырқауға дейін барған екен.
«Алаш ұлдары» шоу-бизнеске алшаңдап тұрып қадам басты. Алаш идеясы – ұлттың иедеологиясы болса, «Алашұлы» этно-тобының әні – ұлттық әуенге айналды. Ата салтын ардақтаған «Алашұлының» әндері жұрттың делебесін қоздыратын мәнерімен бірден жүректерді жаулап алды. Үстіндегі ұлттық киімдері де, билері де «Алашұлы» деген атқа лайық жарасып, ерекше өзіндік стильдерін танытты.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Асхат Садырбаев Мұратұлы (6 маусым 1986 жылы)

Асхат Садырбаев Мұратұлы (ағылш. Askhat Sadyrbay, 6 маусым 1986 жылы, Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы) - журналист, тележүргізушісі. Әкесі Садырбаев Мұрат Абылұлы, анасы Сыздықова Оразкүл Керімбекқызы. Туған ауылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Әңгір ата ауылы. Отбасында 3-ші перзент. Ағасы, әпкесі, інісі, қарындасы бар.
Өмірбаяны
1992 жылы Әңгір ата ауылындағы бастауыш мектептің 1-сыныбына барады. 4-ші сыныпты тәмәмдаған соң көрші Абай ауылындағы орта мектепке ауысады.
2003 жылы Абай атындағы орта мектепті үздік бітіреді.
2003 жылдың қараша айынан бастап жергілікті облыстық "Қазақстан-Шымкент" телеарнасының штаттан тыс тілшісі ретінде жұмысқа қабылданып, таңғы бағдарламалардың жүргізушісі қызметін атқарады.
2004 жылы Алматыдағы Халықаралық Мамандықтар Институтына ауысады.
2005 жылдың қаңтар айынан бастап "Қазақстан" РТРК АҚ ОҚО филиалына штаттағы редактор қызметіне жұмысқа қабылданады. Оқуын сырттай бөлімге ауыстырып, журналистиканы қызметте жалғастырады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық