16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздігім - тірегім)
Менің Отаным – Қазақстан тақырыбында шығарма
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Қапшағай қаладан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық........
Менің Отаным – Қазақстан
Туған жер
аумағында орналасқан. Ұлттық паркте Айғайқұм, Қату, Ақтау , Бесшатыр қорғаны, Мыңбұлақ және қазақтың ғалымы, саяхатшы Ш.Уалиханов су ішкен «Шоқан бастауы» бар . Осы өңірде «Қызыл кітапқа» енген тораңғы ағашы мен бұталар, дәрілік өсімдіктері, уқорғасын, қызыл мия, қызғалдақ гүлдерінің сирек кездесетін сұрыптары кездеседі. «Алтынемел» МҰТП-не шетелден көптеген саяхатшылар келеді. Ауылымыз көркейген, көгалданған мекен болсын деп Құлжабаева Гүзел апай бізге үлкен-үлкен бақтар егіп берді. Осы ауылда өмірге келген ҚР халық әншісі Н.Нүсіпжановқа арналған .......
Қазақстандық тұрғын әкесінен "Айфон 7-ні" несиеге алуды талап еткен қызға күйінді
Менің асыл әжем
Жазып қойған хатпен тең».
Балажандылық, бауырмалдылық шығыс халқына, оның ішінде қазақ халқына тән ежелгі қасиет. Жанұяда бала тәрбиелеудегі үлкен тұлға – анасы мен әжесі. Әжелердің ұстамдылығы, төзімділігі, сабырлылығы, еңбекқорлығы, қиыншылық атаулыға қажырлылықпен қараулары үнемі бізге үлгі болуға тиіс. Шоқан Уәлихановтың.......
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – егеменді, тәуелсіз Алтаймен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын ен жайлап, еркін көсілген Қазақстан мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері мекендеген, төрт түлігі маңыраған, өндірісі өркендеген кең байтақ Қазақстан елінде тұрғаным – мен үшін мақтаныш! Қазақстанымның айта кететін ерекшелігі ол - дүние жүзінде жер көлемі жағынан тоғызыншы орын алады және пайдалы қазбаларға бай.
Мен үшін және басқа да отандастарым үшін халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік ұстанымын биікке көтеретін Тәуелсіздік күні – қастерлі мереке. Өйткені бұл Тәуелсіздік күні бізге оңай......
Әділхан Макин ( 1994 жылы 5 қазан)
Әділхан Макин 1994 жылы 5 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген. Әкесі Құрманғали Макин – әскери қызметкер, қазір отставкада, зейнеткер. Анасы Зәуреш Макина – заңгер.
Отбасында екі ағайынды, 2005 жылы туған Жантөре есімді інісі бар.
Қазір Әділхан отбасымен бірге Алматыда тұрады. Ата-анасының солтүстіктен оңтүстікке қоныс аударғанына екі жылдай болыпты.
"Әскери адам болғанымды қалады"
Макиндер әулетінде өнерге жақыны тек Әділхан ғана. Содан ба, ата-анасы әуелде ұлдарының музыкаға бет бұрғанын құп көрмепті. Әкесінің жолын қуып, өмірін әскери салаға арнағанын қалаған.
"10 сыныптан кейін мені мектептен шығарып жіберді. Әке-шешемнің рұқсатын алмай, музыкалық колледжге оқуға түстім. Ол кезде әкем Көкшетауда іссапарға, анам Алматыға кеткен еді. Екеуі де Петропавлда болған жоқ. Кейін анам "өз күшіңмен, оның үстіне грантқа түскен екенсің, таңдау сенікі" деп батасын берді. Әкем басында қарсы болды, уақыт өте түсінді. Қазір менің әнші екенімді мақтанышпен айтып отырады", - деді Макин сұқбаттарының бірінде.....
Қанат Ислам
Ол 2009 жылы Үрімші қаласындағы педагогикалық университетті спортты басқару және зерттеу мамандығы бойынша бітірген.
Қанат боксқа қалай келді?
Қанат Исламның айтуынша, Қытайда бокс 1986 жылдан бастап дами бастаған.
"Алтайдың Хаба ауданында алғаш рет Мұрат Бошайұлы деген ағамыз бокс өнерін үйренді. Туған ағам Ерлан сол бапкерден тәлім алды. Мен де Мұрат Бошайұлының шәкірті болдым. Ұстазым ағамды ауылда дайындады. Ол бокстан облыстық жарыстарға қатысып жүрді. 6-7 жастан бастап сол кісілердің қалай жаттыққанын көріп өстім. Маған оның да әсері болу керек. Спорттағы өмірім осылай басталды", - дейді ол "Батырдың көз жасы" деректі фильмінде.
Қанат әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы ұлттық құрама командасының сапында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, бокстан Чикагода өткен әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері, Қытайдың 10 дүркін чемпионы атанды....