Жұмағали Саин (Кәрібай шал)

Сексенде дәл осы жыл Кәрібай шал.
Ер еді тынысы кең, бейне бір нар.
Бақытты бұл колхоздың қариясы,
Не керектің үйінде бәрі де бар.
Түскен ақ сақал-мұртқа, анау шашқа,
Алтынмен жазылғандай бейне тасқа,
Қайрат пенен енбектің айғағыңдай,
Бір ғасыр үлгі болған талай жасқа.
Бір кезде балғын дене, албырт жанды
Көрдім мен, көргенсің сен осы адамды.
Ауылда сонет құрған, колхоз ашып,
Ұйқысыз өткізіп бұл талай таңды.
Лениндік біздің заман тартқанда ірге,
Мұның адал жүрегі соққан бірге......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Бақыт заңы)

Ұлы ойшыл партиямның қолымен
Жазылған заң— халқымыздың бағына,
Төкті күндей ленинизм жолымен
Нұр шұғыласын гүлді болашағыма.
Бұл заң қайнар бұлағынан нәр алған
Парасатты біздің жаңа заманның.
Адам үшін, бақыт үшін жаралған
Жүрегінен ұлы ойшыл данамның.
Әр сөзінде махаббатқа бөлеген,
Адам, сені, сенің келешегіңді.
Шын әкелік қамқорлыққа кенеген
Правоңды, төккен маңдай терінді......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Таң мен адам)

Таң бозарып атқан шақ,
Әдемі салқын жел тұрды.
Еркелеп желмен бірге ойнап,
Үкілі бидай құлпырды.

Шақырып күнді боз торғай
Әдемі сазбен үн қатты,
Құлпырды сұлу көк орай,
Табиғат таңға тіл қатты......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Никос Беллоянистің өліміне)

Атты жау,
Алды өлім бүгін кімді?
Қақ жарған ерді алды ма қара түнді!
Кім жоймақ от жүректі,
Ақыл, ойды,
Кім жоймақ халық үшін туған ұлды?!
Оқ тиді.
Құлады ер жерді құшты.
Ұрыдай түнде жендет қанын ішті.
Бірақ та өмірі оның үзілмеді,
Жүрегі жалын болып аспанға ұшты.
Қақ жарып Греция қара түнін
Жүрегі лаулап жанып тұрды мұның......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Өлеңім менің)

Өлең — маған сыр алғы достың бірі,
Келген үні құлаққа туған күні.
Адам ойы, ақылмен тізген сөздің
Кейі қатал, келеді кейі жылы...
Менің көп өлеңдерім сөзбен тізген
Кеткен шығып ежелгі сыпайы ізден.
Ат қорада,
Суықта, лайсанда,
Жабайы жолдас болып жүрді бізбен.
Серігім деп соқашы бір жас жігіт
Жастығының астына қойды тығып.
Нәзік емес, жабайы өз тілінде
Жазылған өлеңімнің сырын ұғып.
Жұмыскер қартаң орыс іздеп барып,
Өлеңімді дүкеннен көрді алып.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Партия туралы сөз)

I
Қараңдаршы, жаңа тарих бетіне,
Қараңдаршы, келбетіне заманның!
Қараңдаршы, жер, суына елімнің,
Қараңдаршы, тарихына адамның!
Барлық жайда, барлық істе өзіңмен
Бірге алдыңнан көрінеді ізгі дос!
Ыстық дүние сәулесінде көзіңнен
Кетпейді ол. Онсыз сенде өмір бос.
Тарихының қайсы бетін ашсаң да,
Оның ісі шыға келер біріндеп...
Өмірінің қай торабын жазсаң да,
Ол тұрады қарсы алдыңда күлімдеп
Өткен жылдар... алдыңдағы кезеңдер...
Сол досыңның шұғыласына малынған......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Ақта ата-ана борышын)

Таң атты жарқын нұрымен,
Құшақтап біздің өмірді,
Бөленіп қызыл арай,
Мектеп те көзге көрінді:
Бұрынғыдан өзгеше,
Кербез, сұлу сыланған,
Маңайын гүл басыпты,
Балалар жүр қуанған.
Бөбек күйі, жан күйі,
Ана баптап баласын.
Шөп-шөп сүйді бетінен,
— «Сен сабаққа барасың».
— Апа!— деді Гүлзада.
— Айтшы, көзім қарасы!
— Кітаптары қолында,
Мынау үйдің баласы........
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Орман туралы жыр)

Құлпырды құмайт, жапты орман
Колхоздың еңбек даласын.
Жарқылдап күлді бар адам,
Аралап тоғай арасын.
Сасырды сусыз қаңсыған
Тотыдай тоқсан түлеткен
Жаудырды ел алғыс - алғыстан
Кесемге, сүйген жүрекпен.
Аңызақ соққан күндіз - түн,
Шөлдерге бітті жана тұр,
Ырысы болды колхоздың
Құм сауырын басты гүл......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Сайлау күнгі қуаныш)

Бар жүректің бірдей соғып тынысы.
Бар қуаныш құйылғандай бір көлге.
Бар өмірдің зырыл қағып жүрісі,
Барлық бақыт жиналғандай бір жерге.
Алматыда шаттық хабар тарады:
Қанат берді әр адамның жанына,
Екеу-екеу әне кетіп барады,
Айтып барады — досына да, жарына.
Ана айтады баласына мақтанып:
«Бірінші боп мен барамын бәріңнен!»
Әлдеқалай мен озар деп сақтанып,
Атаң - дағы ерте кетпек сәріден......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Совет халқына)

Сен сүйесің жаныңмен Отаныңды,
Өзің өскен жеріңді, совет елін,
Сен сүйесің аспанда шық қан күнді,
Сен сүйесің, еліңнің келешегін.
Сен сүйесің көсемді, алтын заңды
Бақытың мен арыңдай адал сақтап.
Сен әкем деп атайсың ұлы адамды,
Ол сөзіңді жаныңмен жүрсің ақтап.
Сен сүйесің коммунист партиясын
Өз анаңдай өзегін жарып шыққан,
Адалдығын, ақылын қайыспайтын
Талай өрт пен дауылдан алып шыққан......
Өлеңдер
Толық