Шоқан Уәлихан (1995 жылы 13 шілде)

Шоқан Уәлихан
“1995 жылы 13 шілдеде Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келдім. Есімімді Шоқан деп әкем қойған. Әкемнің аты – Уәлихан.
Қазақ ырымшыл халық қой. Әкем маған есім таңдағанда Шоқан Уәлиханов сияқты қазақтың ұлы тұлғасы болсын деген шығар. Бірақ маған ешқашан сенің есіміңді әдейі осылай қойдық, Шоқан атаң сияқты ғалым бол деп айтқан емес. Әркімнің өз жолы бар екенін ата-анам да жақсы түсінсе керек”, – дейді жас әнші.
Бала Шоқанның Шоқан Уәлихановпен таныстығы мектеп табалдырығын аттаған сәтте басталыпты. Бірақ Шоқан ұлы тұлға туралы жеке ізденіп, өмірбаянына қызығушылық танытпағанын айтады. Ол ғылымнан гөрі өнер саласына көбірек қызыққан.
Ұлы ғалымның есімі берілгенін ес білгенге дейін түсінбедім. Адамдармен танысқан сәтте аты-жөнімді айтсам, сенімсіздік танытып, “әзілдеп тұрған жоқсың ба?” деп сұрайтын. Мектепте Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлихановтың кім екенін білу міндетті ғой. Бірақ Шоқан Уәлиханов жайлы көп білуге тырыспаппын.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық