Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Ел аузынан «Жиренше шешен» (4 сынып, II тоқсан)

Пән:Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра
Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Ел аузынан «Жиренше шешен»
Оқу мақсаттары: 2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу
4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтайды, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады.
Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды илюстрациялар көмегімен анықтайды, сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолданады;
Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, өз тақырыбын ұсынады, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады, өз ойын толық білдіреді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Шығарманы мазмұндау «Қайран шешем» Ахмет Жұбанов (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Шығарманы мазмұндау «Қайран шешем» Ахмет Жұбанов
Оқу мақсаттары: 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық,таңдауына қарай мазмұндау, сахналау
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінің мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша мазмұндап, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді.
Көптеген оқушылар: жоспар мен сұрақтар құрастыруда мәтін мазмұнын бойынша түсінгенін қолдана алады.
Кейбір оқушылар: мазмұндау барысында жоспардан тыс өз ойын жеткізе алады, ашық сұрақтар құрастыра алады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Өнер алды-қызыл тіл Әйтеке бидің шешендігі (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Тарау: Өнер
Сабақтың тақырыбы: Өнер алды-қызыл тіл Әйтеке бидің шешендігі
Оқу мақсаттары: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтай алады
Көпшілік оқушылар: негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемдерді анықтайды
Кейбір оқушылар:сөйлеу барысында көркем-бейнелі сөздерді қолданады .......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Шешеннің сөзі ортақ Әнет баба өсиеттері (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: Шешеннің сөзі ортақ Әнет баба өсиеттері
Оқу мақсаттары: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Мәтіннен қажетті ақпаратты табады
Көпшілік оқушылар: Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді
Кейбір оқушылар: Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Махамбет Өтемісұлы (Махамбет батырдың Шернияз шешенге айтқан жұмбағы)

Шернияздың сөзі:
Көк үйрек көлде отырған жергілікті,
Ғалымдар шариғаттан жол біліпті.
Жолдасы ер Исатай — ер Махамбет,
Сөз бар ма тыңдай тұғын ескілікті?
Махамбеттің жұмбағы:
Көп қағып дауылпазды көл шайқаған, ....
Өлеңдер
Толық

Шешен сөйлеу сыры

Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендеп дамыған. Алайда, осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады. Өйткені, шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты. Б.з.д. V ғасырдың екінші жартысында грек-парсы соғысынан кейін, Афинада және оның қоғамдық өмірінде мемлекет істерінде, саясат майданында маңызды факторға айналды. Бұл қасиетті, киелі өнерді ыждаһатпен үйрену әрбір грек азаматының асыл парызы болған. Мінеки, осы уақытта риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды. Ал оратор - латынша orare яғни сөйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіреді.
"Риторика" терминдік атауының әуелгі әрі негізгі мағынасы шешендік өнердің теориясы дегенді береді. Сондай-ақ сыртқы сымбаты сұлу, мағынасы кемшін қызыл тіл дегенді сезіндіретіндігі бар. Филология ғылымында риторика мәнерлі сөйлеудің теориясы деп те табылады. Көне дәуірде шешендік өнерінің көркейіп гүлденуінің екі кезеңі болған. Біріншісі, б.з.д. V-IV ғасырлар, Афина елінде сөзі күннің күркірі мен жалт еткен найзағайындай Периклден бастап даңқты шешен Демосфенге дейінгі уақыт, ал Румде б.з.д. бірінші ғасыр немесе Цицерон заманы.
Атамзаманда адамзаттың рухани болмысының негізгі арналары - риторика мен философия саналған. Әу баста бұл әдебиеттің ми-тамыр жүйесі болып есептелген. Асылы, шешендік өнер және оның теориясы - ұлттық мәдениеттің бөлінбес бөлшегі.
Шешендік өнер мынадай түрлерге жіктеледі:
• Саяси тақырыпта сөйлеу
• Салтанатты мәслихатта сөйлеу
• Сотта сөйлеу
Саяси тақырыптағы шешендік, алдымен, тыңдаушыларды сендіруге ұмтылады. Салтанатты жиындағы шешендік тыңдаушылардың көңілінен шығуға әрекет жасайды. Алдыңғысына тегеурінді күш, соңғысына әсемдік тән. Шынайы шешен салтанатты жиында жақсылық пен жамандықты, сотта әділеттілік пен әділетсіздікті, халық кеңесінде пайдалы мен пайдасыздықты негізге алады. Шешендік өнер үш қайнар бұлақтан нәр алып сусындайды. Біріншісі, табиғи қабілет пен дарын, екіншісі теориялық қисындармен қаруландыру, үшіншісі, тынымсыз, толассыз еңбек, жүйелі жаттығу.
Риториканың, яғни шебер сөйлеудің мәнді, мағыналы элементі мақамдап, мәнерлеп, нақ-нағымен жеткізіп айту шеберлігі болып табылады. Даңқты шешен Демосфен орындау шеберлігін үш мәрте қайталап, шегелеп айтқан. Рум халқында шешендік өнерді құрметтеу — қасиетті іс ретінде қабылданған. Олар қан майданда Отанын қарумен қалай қорғаса, бейбіт өмірде халық мәжілістері мен сенатта суырылып сөйлеу әрқайсысының басты парызы деп санаған. Шешендік біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туады. Шешендік өнердің теориясының дамуына Дәуірлеу дәуірінің кемеңгерлері Кампанелла мен Томас Мор, Петрарка мен Данте, Рабле мен Шекспир, Сервантес пен Лопе де Вега өнерпаздығы зор әсер етті.....
Рефераттар
Толық

Қазтуған Сүйінішұлы (Мадақ жыры)

Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек окқа кірісті,
Айдаса – қойдың көсемі,
Сөйлесе – қызыл тілдің шешені,
Ұстаса -қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты.....
Өлеңдер
Толық