Экономика | Шетелдегі экономиканы реттеудің қаржы-инвестициялық механизмі (Оңтүстік Корея республикасы мысалында)

1 Шетелдегі экономиканы реттеудің қаржы-инвестициялық механизмі (Оңтүстік Корея республикасы мысалында)
Бүгiнде әлемдiк экономикада барлық елдердiң негiзгi мақсаты мен бағыт-бағдары тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартып, әлемдiк рыноктағы бәсекелестiк орнын мығымдауға ынталы болады.
Бiрақ әрбiр елдiң экономикалық өсуге қол жеткiзуi әр деңгеде және әр түрлi формада көрiнiс табады. Бiзге белгiлi қазiр әлемдегi елдер даму жағынан үш түрге бөлiнедi. Олар:
1. Жоғары дамыған елдер;
2. Дамушы елдер;
3. Даму жағынан артта қалған елдер.
Қазақстан Республикасы әлемдiк экономикаға өзiнiң егемендiгiн алғаннан кейiн дамушы ел ретiнде өз орнын тапты. Себебi Елбасымыз өз Жолдауында атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Ал әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай бүгiнде әлемде дамыған және даму жағынан жоғары болып отырған елдердiң барлығы дамудың сервистiк-технологиялық бағытына өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және өте тиiмсiз экономикадағы дамушы елдер жатады. Сондықтан елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына өтуi үшiн эономикалық дамудың индустриялы-инновациялы жолына түсуi қажет. Осы мақсатта елiмiзде бүгiнде алғашқы iс-шаралар жүзеге асуда. Оның негiзгi елiмiзде 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновация стратегияның қабылдануы болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Шетелдікке тұрмысқа шыққан белгілі қазақ журналисі күйеуінің тегіне өтіп кетті

"Шетелдегі қазақ балалары" атты көңіл толқытар бағдарламасымен көпшілікке танымал болған Жанар Бәйсемізова Колесникова 20 шілде күні 38 жасқа толған еді. Осы орайда журналист фейсбуктегі жеке парақшасына тұрмысқа шыққалы бергі жаңа өмірі туралы жазды деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық