Құрбан айт – мұсылмандардың қасиетті мерекелерінің бірі. 2021 жылы бұл мейрам 20, 21, 22 шілде күндері аталып өтеді
Құрбан айт – Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң келетін мейрам. Мұсылман қауымы Құрбан айтты қатарынан үш күн тойлайды. Айт күндері құрбандық шалынады.
Қазақстан заңнамасы бойынша Құрбан айттың бірінші күні – демалыс. Биыл 20 шілде сейсенбіге түсіп тұр.
Құрметті сайт оқырмандары! Бүгінгі мақалада сіздерге арнап қазақ қыздарының суреттерін жинақтап жариялап отырмыз. Ішінде қазақ қыздары ұлттық киімде, жылқымен, домбырамен, гүлдер арасында түскен суреттер жарияланды. Осы керемет суреттерді тамашалауды ұсынамыз! Астына ой пікірлеріңізді жазуды ұмытпаңыз!
Бір күні Сәлім байбатша менен Рахым байбатша аң аулауға шығыпты. Бұлардың қасында құсшы болған бір Боқбасар деген қазағы бар екен. Бұлар құстың етін жейміз ғой деп, жол азық алмапты. Аң аулап жүргенде, бұларға ешнәрсе кез келмепті. Ертеден бері намазына шейін аулап жүріп, бір жалғыз шүрегей атып алыпты. Бұлар көп жүріп шаршаған соң бір жерге келіп, дем алмаққа тоқтапты. Әсіресе, қарны ашқан соң атып алған үйректің етін асып жемекке ойланып, Боқбасарға үйректің етін істікке шаншып, «отқа қақта», – деп, бұйрық қылыпты. Байбатшалар дем алуға жатыпты. Боқбасар онша көңілі қош болмай, мешкей байбатшалар, тым болмаса, маған үйректің бір жапырағын тастамас деп, үйректі жайғастыра бастапты. Қашан Боқбасар үйректің жүнін жұлып болғанда, байбатшалар қынжылып, бұлайша депті: «Үйрек бек кішкене екен, екеумізді тойғызбас», [– депті]. «[Ал] Боқбасарға да береміз», – деп, бір сөз айтпайды. Боқбасар қазақ болса да, қу қазақ еді. Байбатшалардың не ойлағанын күні бұрын біліп, оларға айтты: – Шүрегей бек кішкентай, байбатшалар, сіз екеуіңіз тоймайсыздар. Мұны жегендеріңмен қарындарың тоймай, ауыздарыңның дәмін алып, бекер тамсанып, сілекейлерің ағар. Менің ойымша, екеулерің бірдей аш болғанша, онан да шүрегейді біреулерің жеп, біреулерің аш болыңдар, – дейді. Байбатшалар Боқбасардың айтқанын мақұл көрсе де, шүрегейдің етін біріне-бірі қимай, екеулері де аш қалуға көнбеді. Сонда Боқбасар тұрып, былай дейді.....
Ертеде кемпір-шал болған екен. Ол кемпір-шалдың үш сиыры, бір тарғыл өгізі болған. Шал күн сайын тарғыл өгізбен сиырды бағып жүреді. Бір күн бағып отырып, жер шұқыса, жер астынан жеті тышқанның баласы шығып, соны өлтіріп, тарғыл өгізге мініп, кемпірге келіп, мен енді көшеге қағаз жапсырамын, мен – Батпан батыр. «Бір-біріне соққан батырмын» деп, көшеге қағаз жапсырады. Күндерден күн өткенде бір патшаның ат басындай алтыны жоғалып, соны бәрілері таба алмаған соң, Батпанды алдыртады. Батпан батыр келген соң айтады: – Маған мынау арадан үй салып бер, ішінде әртүрлі тағамдар болсын, – депті. Айтқанының бәрін хан жасады. Батпан батыр, бір-біріне соққан батыр барып, әйтеуір, «Мен таба алмаймын, мен[і] хан өлтіреді. Одан да мына тұрған тағамға тойып алайын», – деп, жеп-жеп, іші ауырады.......
Бір шаһарда бір кедей шал болыпты. Шалдың әйелі сондай сұлу болады екен. Бір күні бір байдың қыз ұзатқан тойы болып, соған барады. Әлгі шалдың әйелі барса, өзінен басқа әйелдің бәрі де жоғары отыр. Жалғыз төмен отырған осы – шалдың әйелі. Әйел ішінен итқұса болып отырып, той тарқаған соң үйіне келіп, шалға «Мен сенен кетемін», – дейді. Сорлы шал сасып: – Ей... өзің не деп тұрсың? Кеткенің не? – деп сұрайды. Сонда қатыны тұрып: – Сен кедейсің, менен елдің қатынының бәрі жоғары, байлардың да әйелі, бақсының қатыны да артық, сенің түрің мынау, өзіңнің қолыңнан һеш нәрсе келмейді. Мен сенен басқа адамға тиемін, – дейді. Сонда шал тұрып: – Ей, қатын, сен кетпе, мен бір амал табайын, – деп, сол жерде ойланып, өтірік бақсы болмақшы болады. Бақсы болып, елдің тамырын ұстап, ойнап, сөйтіп жүріп, айла тауып, елге бақсы атанады. Бір күні шал бір ауылдан бақсы болып, суды үрлеп, келе жатса, қаланың іші–тысы жиналған адам. Келіп, бір кісіден: – Бұл не? – деп, сұраса, «Ханның бүгін екі есекпен артқан күмісі жоғалды, соған сұрау салып, бақсы-балгерді жинап жатыр», – дейді. Шал: – Ойбай, мені шақырар. Шақырса, түк білмеймін, – деп, қашып кетіп отырады.......