Ханның үш ұлы

Бір ханның үйелмелі-сүйелмелі үш ұлы болыпты. Үшеуі де отау иесі жасына жеткенімен, бірде-бірі үйленбепті. Хан бір күні уәзірін шақырып алып:

— Балаларым ер жетті, енді үшеуін де үйлендіремін, кімнің қызын алады екен, таңдаған, сүйген қыздарын өздері айтсын, қалың малы қанша болса да беремін, дәулетім жетеді, үшеуінің тойын бір күні жасаймын, сен балаларымды жеке-жеке шақыр, ақылдасайық, – деді. Уәзір алдымен үлкен ұлын шақырып келеді.

— Балам, – дейді хан, — жасың жетті, сені үйлендіремін, жасау-жабдығың дайын, қалыңмалға беретін мал-мүлік, алтын қазынам да жетеді, осы шаһардан таңдаған қызың болса айт, дереу құда түсемін де іле-шала той жасаймын.

— Сіз кімнің қызын ұйғарсаңыз, соны алайын, – дейді үлкен ұлы.......
Ертегілер
Толық

Тұрсынханның үш ұлы

Баяғы заманда Тұрсынхан деген кісінің үш баласы бар екен. Үшеуі де өнерпаз, шешендігімен «Тұрсынханның үш шешені» атаныпты. Тұрсынханның есігінің алдында екпе бәйтерегі бар екен. Сол бәйтеректің ішін ойып, ат басындай алтын тығып қояды. Оны өзінен басқа ешкім білмейді.

Тұрсынхан өлер алдында балаларын шақырып алып:

— Балаларым, енді мен өлемін, сендерге айтатыным, есік алдындағы бәйтеректің түбіне ат басындай алтын тықтым. Сол алтынды қашан қолдарыңнан мал кеткенде, әбден ішерге тамақ, киерге киім, мінерге......
Ертегілер
Толық