Пән: География Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Экономикалық география Сабақ тақырыбы: Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттары орны Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 9.5.4.8- Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын, орнын анықтайды Сабақ мақсаттары: Қазақстан мүшелікке енген ұйымдарды анықтау және Қазақстанның халықаралық экономикалық интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын анықтап, бағасын беру......
Пән: География Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география Сабақ тақырыбы: Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)9.5.4.2 халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің мәнін анықтайды Сабақ мақсаттары: Шаруашылық салаларын анықтайды Халықаралық мамандану бойынша талдайды.....
Тамыздың 16-17 күні Моңғолияда Азия чемпионатын өткізілетін болады. Бүгінгі таңда чемпионатқа дайындықтың белсенді кезеңі жүріп жатыр. Федерациялардан өтінімдер қабылданып, әдеттегіше салмағы, сәйкестігі деген параментрлермен таңдау жүргізіліп, ұйымдастыру мәселелері шешілуде.
Халықаралық қылмыстық құықтың тарихы 19 ғ. Соңына келіп тіреледі және оның тарихи тамры тереңде жатыр. 1889 ж. Қылмыстық құқықтың халықаралық құқығы құрылды, ол барлық мемлекеттерге халықаралық қылмыстық құқықты жетілдіру ісінде ыннтымақтасуды ұсынды . Мұндай ынтамақтастық халықаралық қылмыскелерді қудалау жөнінде келісілген мемлекетаралық шаралар жүргізу арқылы көзделген болатын. 19 ғ. Алғпшқы халықаралық құқықтық актілерқұлдық және құл саудасы мәселелріне қатысты болды. Мысалы, 1815 ж. Вена конгресі осы мәселе жөнінде арнайы декларация қабылдады. Англи, ресей, Австрия қатысушысы болған 1841 ж. Лондон шартында құл саудасы қылмыстық құбылыс деп танылды. Дәл осы кезеңде халықаралық қауымдастық қылмыстылық туралы басқа да халықаралық шарттарды қабылдады. Мысалы, 1885 ж. Берлин конференциясында құл саудасының қылмыс екенін және жазаланатындығын; 1889 ж. Әйелдерді саудалаумен күрес жүргізудегі Лондон халықаралық конгресі бекітілді. 1884 ж. Парижде су асты телеграф кабельдерін күзету туралы халықаралық конференцияғақол қойылды. 1802 ж. Англия, Франция, Испания және Голландия арасында кісі өлтіру, қасақана банкрот болу және қолдан ақша жаса жөнінде айыпталған адамдарды ұстап беру туралы Амьен шартына қол қойылды. Халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көзі жүйесі, тұтастай алғанда халықаралық жария құқықинституттарының жүйесін қайталайды. Тек реттеу затының ерекшелігіне байланысты болмашы өзгерісітер болуы мүмкін. Халықаралық жария құқықтың негізігі қайнар көздері екі жақты және көпжақты шарттар болып табылады....
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Банктердегі валюталық операцияларды ұйымдастыру принциптері». Бұл тақырыпқа жазу мақсатым: дүниежүзілік валюта қатынастарының даму тарихын ҚР- да валюта жүйесі және оның қазіргі жағдайы, банктерде жүргізілетін валюталық операциялар туралы мағлұмат алу. Менің кеурстық жұмысым үш бөлімнен тұрады. I бөлім. Халықаралық валюта қатынастарының қалыптасуы және дамуы деп аталады. Бұл тарауда мен мынадай мәселерді талдадым. Валюта дегеніміз – 1- ден сол елдің ақша бірлігін, 2-ден шетелдік мемлекеттің ақша белгілерін, 3-ден халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралын айтамыз. Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымын қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтың нәтижесінің өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде ( ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болды. Валюта қатынастарының туындауына ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше әсер етеді. Валюта қатынастары құқықытық нормалармен және ережелермен реттеледі. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі дегеніміз ұлттық заңдылықтармен н/е мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы. Тарихи үштүрлі: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюта жүйесі қалыптасты. Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып, оның орнына тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйенің ауысуына әкелді.Сөйтіп валюта жүйесі бірнеше кезендерден өтті. Яғни, әр елдің өзінің валюта жүйесінің қалыптасуына жағдай жасады. Валюта бағамы – басқа валюталық ақша бірлігімен көрсетілетін ұлттық валюта бірлігі құны. Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын анықтауды валюталық котировка деп атайды. Валюта нарығында валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар: тікелей және жанама. Валюта жүйесінің үш негізгі жүйесі бар: бекітілген бағам, еркін құбылмалы бағам, басқарылатын құбылмалы бағам. IIбөлім.Валюта-қаржы механизмі туралы тарау. Бұл тарауды валюта қатынастарының реттеу, саясат , нарық түсінігінің мәнін аштым. Нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады. - нарықтық реттеу - мемлекет тарапынан реттеу Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс пен ұсыныс, сондай – ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады. Бірақ та, мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқыда ол жанама түрде араласып келген, кейіннен тікелей араласа бастады. Нарықтық және мемлекеттік реттеу бірін – бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеке негізделсе, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған. Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады. ....
Халықаралық экологиялық құқық жеке мемлекеттердің қоршаған ортасының ұлттық жүйелеріне және ұлттық юрисдикция әрекетінен тыс жердегі қоршаған орта жүйелеріне түрлі сипаттағы және түрлі қайнар көздерден келтірілетін залалдардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттердің әрекеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығын көрсетеді. Түрлі сипаттағы ластанулар экологияға зиянды әсерін тигізеді. Халықаралық экологиялық құқықтың нормалары зиянды салдардың болмауын, оны шектеуді немесе алдын алуды қамтамасыз етеді. Бір табиғат объектісінің өзі бір мезгілде түрлі әсерге ұшырауы мүмкін. Ол жеке-жеке зиянсыз болғанымен, жиынтығында зиянды нәтижелерге әкеп соқтыруы ықтимал. Түрлі кезеңдерде, түрлі авторлар қүқықтың осы саласының мазмұнын белгілеу үшін әр түрлі терминология қолданып келді. Олардың ішінде кең таралғаны "табиғатты халықаралық-құқықтық қорғау", "қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғау", "халықаралық табиғат қорғау құқығы", "қоршаған ортаның халықаралық құқығы", "халықаралық экологиялық құқық" сияқты атаулар. Соңғы ұғым құқықтың осы саласының мазмұнын толық көлемде белгілеп береді. Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың негізгі объектілеріне: - құрлық, жер қойнауы, Дүниежүзілік мұхит, аспан денелері, әуе кеңістігі, ғарыш кеңістігі, жердің өсімдіктер және жануарлар дүниесі; - негізгі ластау көздері: а) өнеркәсіптік химиялық қалдықтар, ядролық қару, мұнай және газ, көлік құралдары; б) адамның құқыққа сай және құқыққа қайшы әрекеттері жатады. Халықаралық қауымдастық қоғамдық қатынастардың осы саласын арнайы құқықтық реттеуге мүдделі болып отыр. Оған экологиялық мәселелері бойынша екіжақты және көпжақты шарттардың өсуі дәлел бола алады. Халықаралық өкілдік ұйымдар күн тәртібіне табиғатты пайдалану мәселелерін қойып отыр. Халықаралық экологиялық құқық осы заманғы халықаралық құқықтың салыстырмалы түрде алғанда жас салаларының бірі. Қоршаған ортаны корғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті алғышарттардың барлығын жасайды. Халықаралық қауымдастық табиғатқа әскери немесе басқа да қастандық жасау құралдарын қолданып, ықпал етуге ұмтылмауға шақырады. ....
Халықаралық теңіз құқығы - бұл сауда саласында, сондай-ақ әскери теңіз жүзулерінде, әлемдік мұхитта минералдық ресурстарды өндіру, зерттеу, игеру қатынастарында және басқа да қызмет түрлерінде қалыптасатын құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.
Конференция ғылыми-техникалық революцияның басталған кезінде өтіп жатты, ол мемлекеттердің теңіздегі қызметі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып берді, бостандық алған елдерге конференция жүмысына белсенді түрде қатысуға мүмкіндік берген отарсыздандыру процесінің жеделдетілуіне жол ашты. Конференцияда ашық теңіз туралы Конвенция, аумақтық теңіз және іргелес аймақ, континенттік қайраң, балық аулау және ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау туралы конвенция қабылданды. Бұдан басқа, осы конвенцияларды қолдану және түсіндіруге байланысты пайда болатын дауларды міндетгі реттеуге қатысты факультативтік хаттама, сондай-ақ 9 қарар қабылданды. Қабылданған конвенциялар теңіз қызметінің негізгі жақтарын қамтып, мемлекеттердің Дүниежүзілік мүхиттағы бейбіт достастығын дамытуға бағытталды, Жоғарыда аталған конвенциялар қолданыстағы халықаралык теңіз құқығының негізгі қайнар көздері болды. БҰҰ-ның I конференциясы халықаралық қүқықтың үдемелі дамуына және жүйеленуіне тарихи үлес қосты. Конференция нәтижелерінің жақсы бағалануы, онын қабылдаған конвенцияларымен халықаралық теніз қүқығының барлық мәселелері шешіледі немесе олардың барлық ережелері мәңгілік және өзгермес дегенді білдірмейді. Халықаралық теңіз құқығның негізгі қағидалары Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары халықаралық құқықтың басқа да көпшілік мойындаған қағидаларымен өзара байланысты. Мұндай байланыс халықаралық құқықтық тәртіптің тиімділігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік мұхитта құқықтық тәртіптің үлкен маңызға ие болуына байланысты. Ашық теңіз еркіндігі қагидасы Бұл қағидаға сәйкес аумақтық теңіздің сыртқы шегіндегі теңіз кеңістіктері ашық теңіз болып саналады, Ол іс жүзіндегі халықаралык. құқықта анықталған жағдайлар бойынша барлық мемлекеттердің еркін және тең пайдалануына ашық. Ешқандай мемлекеттің ашық теқіздің бір бөлігін өзінің нелігіне алуға, бағындыруға құқығы жоқ. Бұл ереже 1958 ж. ашық теңіз туралы Женева Конвенция-сында бекітілген. ....
«Халықаралық тасымалдау жол-көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік кірістер департаменттері мен кедендер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша жол берілетін уақыты – 30 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 30 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) халықаралық тасымалдау жол-көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру; 2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген. 9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: жеке тәртіппен: 1) еркін нысанда жазылған өтініш және халықаралық тасымалдау көлік құралын қарап тексеруге бос күйінде әкелу; 2) Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 676 шешімімен (бұдан әрі - Шешім) белгіленген нысан бойынша жіберу туралы куәліктің бланкісі; 3) автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің конструкциясының сызбалары, фотосуреттері және егжей-тегжейлі сипаттамасы; 4) автомобиль көлік құралына, тіркемеге, жартылай тіркемеге қатысты жеке меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару немесе иелік ету құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен ксерокөшірмелері; 5) автомобиль көлік құралын, тіркемені, жартылай тіркемені тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі. Өтінішке қоса берілетін фотосуреттер мен сызбаларда автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің алдыңғы жағынан, артқы жағынан, сол жағынан, оң жағынан түрлері, сондай-ақ кедендік пломбалар мен мөрлерді салу үшін орындар көрсетілуі тиіс. Бір фотосуретте немесе сызбада бір мезгілде автомобиль көлік құралының, тіркеменің, жартылай тіркеменің көп дегенде екі түрін көрсетуге жол беріледі. Тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарылады. Көлік құралдарының конструкциясының (сериясының) типі бойынша: ....
Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына – сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды. Американ ғалымы Дис Сакстың пікірінше: «қандай да бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ». Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі. Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалын экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады. Сыртқы сауда да «фритретерствоны» (еркін сауда) немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) талдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті. «Фритретерство» саясатын ең алғаш А.Смитт өзінің «Салыстырмалы артықшылқтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады»- деп жазған. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады. Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті: 1. халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалданудың дамуы; 2. экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізетін ғылыми-техникалық революция; 3. дүниежүзілік нарықтағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі; 4. тарифтер мен сауда туралы келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі; 5. көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кеден бағасы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы; 6. сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей нарықтың қалыптасуы; 7. сыртқы нарыққа бейімделген, экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы, тағы басқа да жағдайлар. Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі байқала бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізді. АҚШ дүниежүзілік нарықтағы басымдығынан айырыла бастады. Егер 1950 жылы АҚШ үлесіне дүниежүзілік экспорттың 1/3 тиген болса, өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ деңгейіне жақындады. Сөйтіп, 90-шы жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауда-саттықта Испания едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтарды экспорттауда Испания дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңдерде өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады. Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы төрт жүзге жуық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандарда басқа қазба байлықтар, инфрақұралым, байланыс құрал-жабдықтар тағы басқа факторлар ескеріледі. ....
Егер халықаралық құқықтың негізін қалаушысы ретінде Г. Гроций саналса, ал қазіргі әлемдік саясаттағы этикалық бастауларын салған тұлға И. Кант болып саналады. Әлемдік саясатта мораль белгілі бір іс-әрекеттің қаншалықты дұрыс немесе бұрыс екендігін көрсететін түсінік. Мораль латын тілінің mores сөзінен шығып қоғамда жалпыға алынған ортақ құндылықтар мен дәстүрді білдіреді. Дегенмен бұл түсінік жайлы көптеген даулы мәселелер көтерілуде, себебі мемлекеттердің, ұлттардың мораль императивтерін тусінуі әртүрлі деңгейде, дәрежеде. Бұған тарихи, діни және уақыт факторлары тікелей әрі жанама әсерін тигізеді. Мәселен бұрыңғы қоғам мен қазіргі қоғамның моральдық сұраныстары өзгерді. Қазіргі заман талаптарына сай адам құқығы, гендерлік теңсіздік, демократия мәселелері бұрын көтерілмейтін де. Керісінше сол кездерде мораль түсінігі күшпен тікелей байланысатын. Бұл реалистік дәстүрге тән концепция. Моральдың интерпретациясы, оны түсіну әртүрлі болғанымен дегенмен оған ортақ, универсалды түсінік бар ма, әлде ол тек дәстурлі түсінік шеңберінде ғана ма деген сұрақтар тууда. ....