Экономика | ХІХ ғ-ХХсоңындағы Батыс Еуропа елдері Әлеуметтік экономикалық дамуы

1815-1848 жылдары герман мемлекеттерінде капиталистік қатынастар қарқынды дамыды. Пруссияда помещиктік шаруашылық буржуазиялық –юнкерлік шаруашылыққа айнала бастады. Батыс және Оңтүстік-батыс Германияда ірі шаруашылықтардың пайда болуы және шаруалардың кедейленуі кең ауқым алды.
Жеке мемлекеттердің экономикалық бірігуінде 1834 жылы Пруссияның ынтасы бойынша құрылған Неміс кеден одағының зор маңызы болды. Неміс мемлекеттерінде өнеркәсіптік төңкеріс кең орын алып, темір-жолдар салынды, тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп өсті. Машина жасау және тоқыма өнеркәсібі дамыды.
Германияның бірігуі. Пруссия Сардиния корольдігіне қарағанда, ХІХ ғасырдың ортасына қараай ұлы дәрежесі бойынша соңында болды. ХІХ ғасырдың басындағы әскери реформаның нәтижесінде күшті әскер құрылып, Пруссия ұлы державалар қатарына қосыла алды және басқа герман мемлекеттерінің есебінен өз аумағын ұлғайтты. Пруссияның құрамына табиғи ресурстары бай Германияның дамыған аумақтары кірді. Пруссия аумағына өзге герман мемлекеттері сыналай кіріп жатқандықтан, Пруссия жалпыгермандық істерге араласуға мәжбүр болды.
Пруссия неміс тұрғындары мекен еткен протестанттық мемлекет болды. Неміс ұлттық қозғалысын жақтаушылар Пруссияның Германияны біріктіру әрекеттеріне үлкен үміт артты.
Король ІV Фридрих Вильгельм науқастанып, өз өкілеттігін ағасы І Вильгельмге бергеннен кейін Пруссия ішкі германдық істермен айналыса бастады. Оны толғандырған басты мәселе Австрияны әлсірету және барлық герман мемлекеттерін Пруссия маңына біріктіру болды. 1862 жылы жаңа король өзінің бірінші министрі етіп 47 жастағы Отто фон Бисмаркті тағайындады.
ХІХ ғасыр басындағы реформалар пруссия әскерін жалпыхалықтық әскерге айналдырды. Бисмарк әскерге баса көңіл бөлді. Бисмарктің және оның көмекшілері - әскери министр Альбрехт фон Роонның және Бас штаб басшысы гельмут фон Мольткенің арқасында пруссиялық әскер Еуропадағы ең күшті әскердің біріне айналды.
1864 жылғы Пруссия мен Австрияның Данияға қарсы соғысы Австрияның талқандалуына бастама болды. Дания мемлекетінің құрамында немістер тұратын екі провинция –Шлезвиг және Гольштейн болатын. Дания бұл соғыста жеңіліске ұшырағаннан кейін Пруссия Шлезвигті, ал Австрия Гольштейнді басқару билігін иемденді.
Даниямен соғыс аяқталғаннан кейін, Бисмарк провинцияларды басқару жөніндегі келісімді бұзды деп Австрияны айыптай бастады. Пруссия Герман одағының қарауына Одақты қайта ұйымдастыру жоспарын ұсынды. Жоспарға сәйкес, Австрия одақтан шығарылатын болды. Герман одағының жалпы әскері және жалпы дауыс беру негізінде сайланатын парламент – рехстаг құрылды. Австрия Пруссияның әрекеттерін айыптады. Жауап ретінде Пруссия Герман одағынан өз еркімен шықты және герман мемлекеттерінің өз жағына шығуын талап етті. 1866 жылы сәуірде Пруссия Италиямен австрияға қарсы әскери одақ құру туралы шарт жасасты.....
Рефераттар
Толық