Факторинг Форфейтинг операциялары Траст операциясы

Коммерциялық банктердің ең көп тараған делдалдық қызметінің бір түрі – факторинг. Факторинг алғашқы кезде АҚШ – та пайда болып, кейіннен өнеркәсібі жағынан дамыған Батыс Еуропада қолданылды. Әсіресе коммерциялық банктер факторингті соңғы 25-30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастады.
Факторинг 80 жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдеріндегі тұрақты экономикалық өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90 – шы жылдардың басында факторингтік компанялар 3,6 есе өсті. Факторинг операцияларының бүгінгі көлемі мынадай: Еуропа – 56%, Америка – 30%, Азия және Тынық мұхит жағалауындағы елдер – 13%, Африка – 1%.
Шетелде факторинг – бұл ұсақ және орта компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді.
Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретінтауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды.
Факторинг клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда – комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90% - ға дейін төлеу шартымен сатып алады.
Факторинг – бұл тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді.
Факторингтің мақсаты – кез келген енсиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру. Нарық экономикасы дамыған елдерде төлемдердің сақталу мерзімдеріне басты көңіл аударылады. Ендеше факторинг компаниялар мен банктердік фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.
Фактор сөзі ағылшын тілінен “factor” , аударғанда “ маклер, делдал’’ деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда – бұл делдалдық операция.
Факторинг – жабдықтаушы – клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын банкке сатумен байланысты комиссиондық – делдалдық операция.
Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қаблетін тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тәуекелге барады.
Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды. Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1. Факторингтік компания ( банктің факторинг бөлімі ) - өздерінің клиенттерінен шот – фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2. Клиент ( тауарды жабдықтаушы, несие беруші ) – факторинг компаниясымен келісім – шарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
3. Кәсіпорын ( қарыз алушы ) – тауарды сатып алушы фирма ....
Рефераттар
Толық