Қадыр Мырза Әли (Көктем)

Қарайып жарқабақтар күн ыстаған,
Қырдан қар төмен қарай жылыстаған.
Тосады жалпақ дала күнге жонын,
Денесін жазайық деп құрыстаған.

Жөнкіген көшпелі бұлт бір де тынбай
Ақырын төмендейді.....
Өлеңдер
Толық

Абай жолы (роман)

«Абай жолы» — Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы — қазақтың тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты. Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді. «Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40-50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені «Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес». «Бұл да аз,- деді француз жазушысы Луи Арагон,- әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі». Ең талғампаз суреткерлердің......
Рефераттар
Толық

Демалыссыз жұмыс

АҚШ-тың презигі ауыр аптадан шаршап, кешкі бейресми жиналыста нөкерлерін шақырып алып әңгіме айтады.
Барак Обама: — Тәәк, ертеңгі демалыста Паф Дедиді, Ноториус Бигті тыңдап, чунга-чанга билесем …
Нөкерлері: – Жоқ, Бәке сіз сенбі күні демалмайсыз!
— Қоо, нәғылдид құрсын, онда жексенбі күні ұйқыны.....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

14 наурыз – Көрісу күні

- Ата, бір жасыңызбен!

- Бар бол, қарағым... Айналайын...


14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен.....
kz
Толық

Ару-сезім қарсы алар гүл көктемін

Бақыт пен арманнан қол үзбеген қыз,
Сұлулықтың шырайын жүзге кіргіз.
Тағы да көктеміңді қарсы алдың ба,
Өмірден Төлегенін іздеген қыз.
Жыр деген жүрекке сыр қосатын үн,
Бермей жүр ме жанға арман аса тыным.
Қозы Көрпеш жолықсын бұл көктемде,
Қыз жүректің құлыбын.....
Өлеңдер
Толық

Халықаралық отбасы күні (Отбасы - өмір аясы)

Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы – өмір аясы
Тәрбие сағат мақсаты:
1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру;
2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу.
3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.
Жабдықтандыру: компьютер, мультимедиалық жабдықтар, оқушылардың бірігіп жасаған шығармашылық газеталары.
Тәрбие сағатының барысы.
Серік Арайлым «Аққу» биі

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-Жүргізуші: Отбасы күніне арналған «Отбасы - өмір аясы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді
1-жүргізуші: Әке деген - биік шыңы адамның,
Әке деген - тірегі ғой ғаламның,
Әке деген – бойыңда аққан қаныі да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Тәрбие сағаттар
Толық