Ж.Молдағалиев „Мен қазақпын” поэмасын бүгінгі кезеңде жазса, қай шумақтарын өзгертер еді?

Е.Құдайбергенов орындайтын әнде айтылғандай „Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген”. Иә, қазақ екенімізге қарсылық жоқ. Алайда атымыз ғана қазақ, іс-әрекеттеріміздің біршамасы ұлтымыздың беделін түсіріп жүргені белгілі. Бұл өлеңде қазақ халқының XX ғасырдағы бейне-келбеті сипатталады.......
Шығармалар
Толық

Экономика | Коммерциялық банктің рейтингін талдаудың ақпараттық жүйесі

Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.
Кез-келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің негізіне өзара бір-бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп, нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Мысалы, егер нарықты жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның әр түрлі ортадағы элементтеріне мыналар жатуы мүмкін: тауарды өңдеушілер, сатып алушылар, маркетологтар, тауарлар, бағалар, сұраныс, бәсекелестік, жарнама және т.б.
Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайда болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Коммерциялық банк рейтінгін талдаудың ақпараттық жүйесі бізге сол банктің жүргізетін операцияларын, оның қызметтері жайлы білуге көмектеседі. Банктің рейтингі негізінен Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті қызметі арқылы жасалып отырады. Сол арқылы банктің капитал жағдайын, өтімділігін, тәуекелге бара алу-алмауын айқындауға болады.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айрбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтанда банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Медальдарынан айырылған Илья Ильин әйелімен ажырасып кетті

Қазақстандық зілтемірші, ауыр атлетикадан Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин өзінің жұбайы, гандболдан Қазақстан құрамасының мүшесі Натальямен ажырасып кеткенін ресми мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Президенттің інісін "жемқор" деп түрмеге жаптырған прокурор әйел кім? (фото)

Румыниялық прокурор қыз бір жылда 1200 жемқор шенеунікті қылмыстық жауапқа тартқан. Бір ғана жалақымен жан бағып, жұмысына адал бола білген шенді бойжеткен Лаура Ковеши еуропалықтардың аңызына айналған деп хабарлайды currenttime.tv сайтына сілтеме жасған NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Құстар

Тал басында түндіксіз отау.
Ұя

Құрықсыз тұлпар ұстадым,
Кеште құр-құрлап.
Кеште тауықты ұясына қамау

Қырық қылыш, найзалы қай жануар,
Асынған және он екі қанжары бар.
Көңіл жер мен көктің арасында,
Жігіттер, мұны байқап аңғарыңдар.
Болады бұған әуес көп адамзат,
Шежіре көкірегі жазылған хат.
Қолына шынжыр арқан ұстап жүріп,
Астына мініп отыр алтыннан тақ.
Басында құрулы тұр алтын шатыр,
Ғайыптан қызығы бар бұл бір батыр.
Барғанын тіпті аман жібермейді,
Адамзатсыз болмайды әуел ақыр.
Бүркіт, қырық қылыш-жиырмадан екі қанаты, он екі қанжар-он екі тал ұзын құйрығы, сегіз найза- тұяқтары, шынжыр арқан-аяқ бауы, алтыннан тақ-тұғыры, алтын шатыр-томағасы
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Отбасы, отбасы мүшелері, бала, көңіл, көлеңке

Көтеріліп қампияр қиыстырсаң,
Майдаланар қимылсыз жиыстырсаң.
Мұның да шешімі бар келісімді,
Ойланып ақылыңа сиыстырсаң.
Адамның ойы

Атқа мінбейді, жаяу жүрмейді.
Күніне мың шақырым жерге,
Барып қайтып келеді.
Көңіл
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Тамыры терең алты алаш

Жоқ нәрседен пайда болмас,
Бар нәрсе ғайып болмас.
Тамыры терең алты алаш,
Келеді әлі адамзатпен қарбалас...

Бір мың да төрт жүз алпыс бес,
Керей-Жәнібек билік....
Өлеңдер
Толық