Төлем жүйелерінің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының төлем жүйелері

Қазақстан Республикасы аумағында келесідей төлем жүйелері жұмыс істейді:
нақтылы уақыт режиміндегі бүтіндей (жалпы) есеп айрысу жүйесі (ақша аударымдарының банкаралық жүйесі);
клирингтік жүйе (бөлшек төлемдер жүйесі).

1. Ақша аударымдарының банкаралық жүйесі (ААБЖ)

Қазақстан Республикасы аумағында нақтылы уақыт режимінде жұмыс істейтін бүтіндей (жалпы негіздегі) төлемдер жүйесі Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) негізінде 1996 жылдың тамызынан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл жүйе бұрын Ірі төлемдер жүйесі деп аталған болатын (ІТЖ).

ІТЖ жетілдіру және оны дамыған шет елдердің жұмыс істеп тұрған жалпы негіздегі есеп айрысу жүйелеріне жақындату мақсатында Ұлттық Банк тарапынан жұмыстар жүргізілді. 2000 жылдың соңында ІТЖ жүйе қатысушыларының есепшотындағы ақша қаражаттары шегінде нақтылы уақыт режимінде есеп айрысуларды жүргізетін (RTGS – нақтылы уақыт режиміндегі есеп айрысулар) және халықаралық қаржы ұйымдарының жалпы негіздегі төлемдер жүйесіне қойылатын барлық негізгі талаптарға жауап беретін ақша аударымдарының банкаралық жүйесі болып кайта құрылды. Кез-келген ел үшін RTGS жүйесін құру қаржы сферасында ең жоғары басымдыққа ие. Мұндай жүйенің болуы мемлекеттің банк жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін сипаттайды. ААБЖ-ң мақсаты осы жүйе пайдаланушыларының Ұлттық Банктегі шотындағы ақша қаражаттарын қолдана отырып, және осы қаражаттардың шегінде операциялық күн ішінде ұлттық валютада қайтарымсыз және түпкілікті есеп айрысуларды қамтамасыз етуден тұрады. ААБЖ-де ірі және үлкен басымдыққа ие төлемдер жасалады.....
Рефераттар
Толық