Тәуелсіздік - тәңір сыйы

Әлемдегі жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды иеленген қазақтың көңіліндей кең-байтақ жер – менің туған өлкем, қазақ жері. Атыраудан Алтайға дейінгі, Есіл мен Алатауға дейінгі шексіз жерді аталарымыз қызғыштай қорғап, бізге тарту еткен үлкен сый. Келер ұрпағына «асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешкен еді. Туған жер туралы ойларымыз дәлелді болуы үшін Елбасымыздың сөзінен мысал келтіре кетейін: «Құдай қазаққа қырын қаратпаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, астын-үстін толтырып кен берген, мейірбан, ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген». Елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай тарландарының, ержүрек, ел бірлігін ойлаған би - шешендерінің бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан Елбасымыздың нұрлы шапағатына» дейін ұласып отырғаны айғақ. Екі жүз жыл бойы қазақ халқына тыныштық бермей, бейбіт елге көз алартқан жоңғар басқыншыларына қарсы елін бастап, ерлікпен жерін қорғаған – Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бастаған батырлардың, әз Тәуке, Абылай хан, Кенесары тәрізді хандардың ел үшін бастарын бәйгеге тіккен ерліктерін бүгінгі таңда ұрпақтары ұран қылып, мақтан етеміз. Иә, айта берсе кім менің байтақ далама көңілі ауып қызықпады десеңізші?! Сол қиын-қыстау кезінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға үндеген Абылай сияқты хандарымыз батырларын, елін сүйген ерлерін, қарапайым халықын достық, бірлікте ұстаған. Жағадан алған жауды тарыдай шашып, қоқаңдап қыр көрсеткен Қохан хандығымен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқаны бабамыздың даналығының арқасында. Сол бабаларымыздың сары майдай сақтап қалдырған асыл мұрасы, өмір сүріп отырған аяулы Отанымыз – Қазақстан....
Шығармалар
Толық