Тұрсын Құралиев Байтайұлы (1950 - 2018)

Тұрсын Байтайұлы Құралиев (6.01.1950 жыл, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Құлақшын бекеті - 01.10.2018, Алматы) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Құрмет орденінің иегері (2010).
Тұрсын Байтайұлы 1950 жылы 6 қаңтарда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Құлақшын бекетінде дүниеге келген.
Әкесі - Құралиев Байтай (1898-1966), теміржолшы болған. Анасы - Құралиева Рақыш (1928-1996), ұжымшарда жұмыс жасаған.
1968 - 1972 жылдары М.Щепкин атындағы театр жоғары училищесінің актер мамандығы бойынша тәмамдады.
1973 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
1975 - 1977 жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етті.
1977 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
Шығырмашылығы....
Өмірбаяндар (биография)
Толық