Алғашқы неке түні (видео +18)

Отбасын құруды ойлаған әрбір жасты алғышқы түн немесе алғашқы қосылу жайлы сұрақтар жиі мазалайды. Алғашқы түн қалай өту керек? Алғашқы түнге дайындық? Алғашқы түн ауыр өте ме, деген сұрақтардың астында қалатыны сөзсіз. Бұл тақырыпта үлкендер немесе достырыңмен ашып сөйлесу қиын. Себебі, біздің менталитет бұл сұрақты ашық талқылауға дайын емес…
Алғашқы түн— ең алдымен қыз бала үшін өте маңызды. Себебі қыздың ары да, ұяты да сол бір тамшы қанға тікелей байланысты. Сондықтан да, алғашқы түніңіз жігітіңізді көлігінде, құрбыңыздың үйінде өткен кеште, жалдамалы квартирада болмауы керек. Алғашқы түн, некеңіз қиылған адал жарыңыздың ақ төсегінде өтуі керек.

Алғашқы неке түні алған әсеріңіз болашақ өміріңіздегі жұбайлық міндет пен неке бақытының қалай боларын да айқындап беруі мүмкін. Алғашқы түнге сіз психологиялық жағынан да дайын болғаныңыз дұрыс. Алғашқы неке түні- қыз бала үшін балалығымен қоштасып жаңа бейтаныс әлемнің есігін ашу болып саналады. Некелескен жарының алдында адалдығын.....
Кеңестер
Толық

РАМАЗАН: ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРГЕ КЕҢЕС

Пайғамбарымыз ﷺ Рамазанның соңғы он күнінде Мәсжидун-нәбәуиде иътикафқа отыратын-ды. Тіпті деректерде мешіттің ішінде шатыр тігіп парыздан соң зікір, құлшылық және Құран оқу үшін осы шатырға кіретіндігі риуаят етіледі. Мінекей осы сәттерде мынадай бір жағдай болағанын Әбу Зәрр жеткізеді: «Рамазанның соңғы он күні болғанда Алла елшісі мешітте иътикафқа отырды. (Рамазанның) 22-сіне сәйкес келетін дүйсенбі күні екінті намазын өткізіп сосын былай деп хабарлама...
Кеңестер
Толық

Таң күн кеш түн

Шағын орталық тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: Таң, күн, кеш, түн
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: ҚМҰҚ
Мақсаты: Тәулік бөліктеріне түсінік беру. 2 - 3 сандарын салыстыру, теңдік – теңсіздік таныс заттарды пішіні бойынша салыстыруды үйрету. (үлкен, азырақ, аз) Геометриялық пішіндер туралы (текше, шар, үшбұрыш) білімдерін бекіту.

Дәлелдеу - ояту
Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері жасалды
Өткен сабақта
Өзіне қатысты кеңістікте жаттығу.
Қазір қыстың нешінші айы?.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Күн мен түн теңелген кездің денсаулыққа әсері

Күн мен түн теңелген сәтте солтүстік шығыстан көтеріліп, солтүстік батысты бетке айнала қозғалған Күннің энергиясынан Жер бетіндегі тіршілікке жаңа тыныс беріледі.

Қар ызғары топырақтан түгел ажырайды. Кейде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Ағаш діңі ісініп, босаңсып, бүршік жаруға дайындала бас тайды. Жер дегі көктің қалдығы қайтадан нәр алып, тіріледі.

Табиғаттағы өзгерістің бәрі тіршілікке оң әсер етпеуі мүмкін. Бұл шақта қыстан шыққан адамның ағзасы әлсірейді, созылмалы аурулар асқынып жатады. Жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілетін шаққа халқымыз ертеден қамданып, соғымынан, басқа да жылы-жұмс ғынан қалдыратыны содан. Әсіресе бүйрегі, бауыры ауыратын адамдарға бұл кез ауыр соғады. Дегенмен бұл – өтпелі кезең. ......
Кеңестер
Толық

Түнімен телефоннан көз алмайтындар назарына

Британдық дәрігерлер смартфонды қараңғыда қолдану уақытша көруден айыратынын айтты. 22 және 40 жастағы екі келіншек көз жанарларының кейде 15 минут көлемінде көрмей қалатынын айтып шағымданған. Аурудың белгісі туралы New England Journal of Medicine журналында жарияланды.

Мұндай жағдайда бір көз жарыққа, екіншісі қараңғыға үйреніп қалады. Смартфонды сөндірген кезде жарыққа үйреніп қалған көз біраз қараңғыны қабылдай алмай қалады. Уақытша көрмей қалудың басты себебі – осы.

Көз жанардың әр түрлі адаптациясынан болатын жайсыздықтан сақтану үшін, дәрігерлер қараңғыда смартфонға екі көзбен бірдей қарауға кеңес береді. ......
Кеңестер
Толық

Бейімбет Майлин | Бір түн


Іңір әлетінде "кеш жарық" деп кіріп келсең, келген үйің кешкі тамағын жаңа ғана алдына алып жатқан болса, үй иесі үйде жоқ боп, боқташақ балалардың арасындағы бас көтерері жалғыз ғана жас әйел болса — олар да ыңғайсызданып қалады, сол үйге сыймағандай солбырайып сен де тұрасың. Дегенмен, декабрь ішінің тымырсық аязы — осы үйден шықсаң-ақ шап беріп ала түсетіндей боп, сені еріксіз аялдатады. Жылынғаныңмен тұрмай, сол үйдің тұрмысына сын тағып кеткелі келген адамнан жаман көзіңді анаған да қадайсың, мынаған да қадайсың.

Жас келіншек салманы ұрғылай түсіп:

— Биыл салған үйіміз еді... Жөндейтін жері көп әлі, дейді.

Шын таңырқау осы жерден басталады. Екі бөлмелі үй, асты-үсті тақтайлы, жинақы ғана бұйым; төргі бөлмеде темір керует, керует тұсында мәнерлі кілем... Тағы-тағыларды көзіңмен бір шолып өтіп, кішкене ойлансаң, қаладағы кеуде қызметкерлердің бірі боп жүрген Абалақтың пәтері көзіңе келіп елестейді. Соғыстан шыққандай қирап жатқан бұйым, шашылып жатқан дүние болады оның үйінде. Үсті-бастары дал-дұл, танауларының асты нелеу боп, тәртіпсіз өскен балалары болады. Осының бәрінің ортасында тұлданып Абалақтың әйелі отырады: "Қараң қалғырдың қайсы бірін жинайсың?!" — деп. Сонда сол әйелдің бар бітіретіні — күнде базарға бір шығып, қаланың күнделікті өсегін теру ғана болады-ay... .....
Әңгімелер
Толық

Константин Паустовский | Ақ түн

Ескі пароход Вознесеньедегі айлақтан ырғалып әрең шықты да Онега көліне келіп түсті.

Айналада ақ түн созылып жатыр. Мен бұл түнді алғаш рет Нева мен Ленинград сарайлары үстінен емес, солтүстіктің орманды кеңістігі мен көлдері арасында жүргенде көрдім.

Шығыста жүзі жүдеу ай қуарып, төмендеп тұрды. Ол мүлде жарық шығармайтын сияқты.

Пароходтан тараған толқындар қарағай қабығы бөлшектерін тербетіп, алысқа маңып барады. Жағада, ежелгі бір қыстақ шетіндегі шіркеуде ме қалай, күзетші мұнарадағы қоңырау сағатты - он екі рет соқты. Жағалау алыс болса да, оның әуезді үні бізге жетіп, пароходты жанап, су айдыны үстімен ай салбырап, ілініп тұрған мөлдір сапаққа сіңіп жатты.

Мен ақ түннің кісі жанын қажытатын жарығын не деп атайтынымды өзім де білмеймін. Жұмбақ дейім бе? Әлде дуалы дейім бе?

Осынау түндер маған әманда табиғаттың әсіре сыйы сияқтанып көрінеді. Оларда аппақ ауаның және фольга мен күміс жарқылының тұнық мөлдірлігі бар. .....
Әңгімелер
Толық

Константин Паустовский | Түнделеткен күйме


Мен қиялдың күші туралы, оның біздің өмірімізге тигізетін әсері туралы жеке бір тарауды жазғым келіп еді. Бірақ, біраз ойланғансын, мен со тараудың орнына ақын Андерсен туралы әңгімені жаздым. Меніңше, бұл әңгіме сол тараудың орнын басады және қиял тақырыбы туралы айтылатын жалпы сөзден гөрі, оған айқынырақ мәлімет береді.

Венецияның "Чартоза" атты ыбырсыған ескі мейманханасынан сия іздеп табу қиын. Сияның қажеті қанша мұнда? Келімді-кетімді қонақтар есебіне бұрқыратып ақша жазу үшін керек пе?

Рас, Христиан Андерсен "Чартозаға" келіп жайғасқанда, қола сауыт түбінде жылтырап болар-болмас сия қалған екен. Ол со сиямен ертек жаза бастады. Бірақ, сағат сайын ертегісі сұйылып, жібі босаңси берді, өйткені, Андерсен әлденеше рет сия үстіне су құйып еді. Бірақ ертекті аяқтай алмады. Көңілді аяқталатын ертектің соңы сауыт түбінде бұғып қалғандай.

Андерсен мырс етіп, келесі ертегімнің атын: "Қаңсыған сия сауыттың түбінде қалған тарих" деп атармын деп ойлады. .....
Әңгімелер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Түнгі қонақ

Бекәділ дәлізде тұрып, өз бөлмелерінде сабақ дайындап отырған екі баласына:

— Ау, Әли, Мұхтар, сағат он боп қалды. Аяқтарыңды жуып, жата берсеңдер де болады, — деді.

— Жат, жатыңдар. Таңертең тұрмай әлек қыласыңдар! — деп, Ләззат күйеуінен гөрі қаттырақ ескертті.

Кіші ұлы Мұхтар күндегі әдетімен:

— Сендер қайда барасыңдар?

— Қайда барушы ек. Алаңда біраз сейілдеп, жүріп қайтамыз.

Үш бөлмелi кем үйде Әли, Мұхтар оңаша қалды. Әли алтыншы, Мұхтар бесінші оқиды. Жоқ, ата-анасын тыңдамайтын немесе жүре тыңдап, бір айтқанды он қайтара айтқызып, әке менен шешенің ашу - шамына тиетін қыңыр-қисық балалар бұлар емес. Әр нәрсенің шөгін білетін тәрбиелі балалар екеуі де. Сабақты жақсы оқиды. Мұғалімдеріне де, таныс көрші-қолаңға да жағымды.

Кітап - қағаздарын жиыстырып, столдан бірінші боп тұра берген Мұхтар кішілік шолжаңдау мінезі ұстап, Әлидің қалқиған құлағына шертіп келіп қалды. Әли тек осыны

күтіп отырғандай сақ еді. Зыта жөнелмек болған Мұхтарды ол екі аттатпай-ақ ұстап алды. Екеуі сол арада, еденге төселген қызыл ала кілемнің үстінде, таласқан иттерше апыр-топыр болды...

Стол басында көбірек отырыңқырап қалғанда, әсіресе, үйде әке, шеше жоқта, бойдың құрыс-тырысын осылайша жазып алу олардың қашаннан бергі әдеті. .....
Әңгімелер
Толық