Бір мерген бозша құсты атып алды, (Қоймады өлтіріп-ақ жалғыз жанды). Басында бір ағаштың үш баласы Шырылдап ұясында жетім қалды. Ана жоқ таситұғын тағам-жемді .....
Түлкіге тамақ іздеп сапар шеккен Жолығып, айтты бір күн Қарашекпен: «Күнің аз тауық жемей жай жүретін, Ұрлыққа құмар жансың мұнша неткен? Сыр ашып сөйлеселік оңашада .....
Бар еді бір зеңгір тау асқан биік, Әр түрлі мекен еткен аңдар сүйіп. Жол шеккен тамақ іздеп аш Арыстан Сол таудың арасынан қуды Киік. Жақындап жүрді Арыстан жетемін деп .....
Бөлімі: Көркем әдебиет Мақсаты: ертегінің мазмұнын түсіндіру, ауызекі сөйлеулерін дамыту; сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту; балаларды батырлыққа, өжеттілікке, достыққа тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі ге сай безендіру, қоян, түлкі, сәбіз суреттері. Сөздік жұмыс: айлакер, қорқақ. Пән аралық байланыс: ұзын - қысқа. Сенсорика
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ қойғым келіп тұр. Жұмбақтың жауабын суретте көрсетілген. Суреттің көмегі арқылы жұмбақтың жауабын табайық. Жұмбақ 1. Құйрығымен бұлаңдап, Қандай аң ол алдайтын? 2. Көзі тостақ, өзі қорқақ. Балалар жұмбақты тыңдап, жауабын айтады. - Түлкі. - Қоян. Түлкі мен Қоянға сипаттама беру. - Балалар, түлкіні жыртқыш аң десек, ал қоян жыртқыш аң емес. Қоян – өте қорқақ аң, қоянды үйде де асырауға болады. Қазір осы қоян мен түлкі туралы орыс халқының ертегісімен танысамыз. Түлкі мен Қоян. Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Қасқырмен тату тұрмаған соң үнемі қашып жүреді екен. Жүрген ізін жасыра алмай қиналыпты. Сол үшін қасқыр түлкінің артынан еріп, аңдып жүріп, оның ініне түсіпті. .....
Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістінгіне интеграциялау мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерінде төмендегі мәселелер баса айтылады: «Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәскеге қабілеттілігін арттыру; Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге ....
Бір түлкі жортып келе жатып, қаңғып бара жатқан бір түйеге кездеседі. — Түйем, түйем, қайда барасың? — дейді. Түйе: — Оты мол, суы мол жер іздеп барамын, — дейді. Түлкі: — Ендеше, екеуміз жолдас болайық! — дейді. Түйе: — Болсақ болайық, - дейді. Екеуі келе жатса, бір қасқыр келіп жолығады. — Е, қайда барасыңдар? — дейді. Түйе мен түлкі: — Оты мол, суы мол жерге барамыз, — дейді. Қасқыр: — Ендеше, үшеуміз жолдас болайық! — дейді. Бұл үшеуі жолдас болып, жүріп келе жатса, бір арыстан келіп кездеседі.......
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім.......
Арыстан қартаяды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болады. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді. Өзі үңгірде жатады да: — Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп, барлық аңдарға хабар таратады. Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болады. Бір күні түлкі келеді. Ол үңгірден алысырақ тұрады да......