Кіріспе Мемлекеттік басқару дағдарысы- мемлекеттік басқару құрылымының тұрақсыздануымен, саяси институттардың ықпалының теңгермелуімен, саяси қақтығыстардың ұшығуымен, көпшіліктің белсенділігінің артуымен сипатталатын қоғамның саяси жүйесінің өркендеуі мен қызмет көрсетуінің ерекше өзгерген түрі. Мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың негізгі белгілері болып мыналар табылады. - саяси және әлеуметтік қақтығыстардың ұшығуы, оның ашық саяси сипат алуы немесе талап пен сұраныс билік құрылысының саяси бағытын, басқарудың стратегиясы мен әдістерін өзгертуге бағытталады. - Қақтығыстардың өсуін мемлекеттік биліктің басқара алмауы, саяси-экономикалық процесстер мен дәстүрлі әдістердің қатынастарын реттеу мемлекеттің ішкі және сыртқы саясат “зигзаг” түрінде көрінеді. - Басқарудың құрылымдық-функционалдық жүйесінің және саяси билік институттарының теңестірілмеуі, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастың үзілуі, мемлекеттік биліктің легитимділігінің жойылуы, қоғамның саяси қауіпті және ұшыққан күйі. Мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың барлық белгілері кезеңдермен дамиды.....
Кіріспе Білім мен тәрбие тұғыры тіл болғандықтан, тілдерді оқыту жайы қашан да басты назарда тұрады. Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін, жетілдіретін байланыс құралы ретінде тілдің басты қызмет атқаруы табиғи құбылыс. Сондықтан да болар, шет тілін үйренуге деген талап пен көзқарастың жаңа бағыттарда өзгеруі жаһандану процессімен, еліміздің басқа елдермен экономикалық тұрғыда, мәдени тұрғыда қарым-қатынасының кеңейуі салдарына байланысты. Шетел тілі біздің қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени прогресінің іс жүзіндегі факторына айналып, бүкіл дүние жүзінде интеграциялық процестер бел алып келе жатқан кезде ендігі жана буын, жас ұрпақтың мемлекеттік тілді, сонымен бірге шетел тілдерін жақсы білуі — уақыт талабы болып отыр. Осыған байланысты шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты оқып жатқан шетел тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде қолдана білуге үйрету. Оқушыларды сөйлеуге, тілдік қарым-қатынасқа екі немесе бірнеше адамның өзара іс-әрекеті ретінде қарауға тәрбтелеу пәнді оқытуды түбегейлі түрде өзгерту, жаңарту арқылы іске асады. Шетел тілін оқытудағы бұл мақсат әдіскерлердің, шетел тілі мұғалімдерінен әрдайым тиімді әдіс-тәсілдерді іздеуді, сонымен қатар оқыту мазмұнына көңіл бөлуді талап етеді. ....
Кіріспе Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты — халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілер каржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.....
Кіріспе Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері,ережелері мен қағидалары белгіленген,онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына,олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған. Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы,құндық өлшемдері,ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс.Басқаша айтқанда,есептік саясат-бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі. Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген. Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн: -кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы; -толассыз қызметі; -есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі; -шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы.....
Кіріспе Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты — халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілер каржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.....
Кіріспе Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түсуі саяси-әлеуметтік өміріміздің басты буыны - білім саласына да көптеген өзгерістер алып келді. Бүгінгі заман талаптары білім мекемелері мен ұстаздар алдына орасан зор міндеттер жүктейді. Сондықтан қазіргі таңда ауыл мектебіне, оның ішінде шағын комплектілі мектепке ерекше көңіл бөлініп, оның мәселелері мемлекеттік деңгейде көтерілуде. Ауыл мектебі - қашанда дана мен даралар шыққан білім ордасы, тәрбие мен білімнің сарқылмас кәусар бұлағы. Сондықтан да болар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен 3 жылымызды «Ауыл жылы» атағаны, яғни сондықтан ғылыми жұмысты «Шағын комплектілі бастауыш мектепте математикадан өз бетінше жұмысты ұйымдастыру» атты курстық жұмыс жазудан бастадым. Зерттеу әдісі — педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерден тақырыпқа сай материалдар жинақтау, озат тәжірибелі мұғалімдер сабағына қатысу, бақылау ізденушілік және зерттеушілік жұмыстары. Зерттеу объектісі - шағын комплектілі мектепте оқушыларға математиканы оқыту процесі. ....
Кіріспе Кәсіпкерлік күрделі де, көп жақты әлеуметтік-экономикалық даму процестерінің ұзақ мерзімді тарихи кезеңінен өтіп келеді. Жүздеген жылдар ішінде кәсіпкерлік қызметтің негізгі нысандары мен көп жақты типтері өңделіп шықты. Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлікті “Азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершіліктеріне алынып жүзеге асырылатын азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі” деп қарастырылған. Кәсіпкерлік – бұл нарықтық экономикада адамдардың меншігіне негізделген, несиеге алынған және басқа да мүдделерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шығармашылық және басқа да қызметтердің кәсіби түрі, яғни, кәсіпкер өз қызметінің нәтижесіне толық жауапкершілікпен қарай отырып, экономикалық басқару шешімдерін дербес қабылдайды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты табыс табуға бағытталған коммерциялық жетістік болып саналады, ал кәсіпкерлік қызмет тәуекелді қажет етеді. Кәсіпкерлік класс мемлекеттің өтпелі кезеңдегі экономикалық ахуалын жақсартуда қоғамның әлеуметтік қарама-қайшылықтарын және экономикалық реформалардың табысты шешілуіне кепілдік бере алады.....
Кіріспе Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі – бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды. Фразеологизмдердің тек өзіне ғана тән өзгеше белгілері бар. Осы белгілер тілдің бұл категориясын өз алдына жеке сала ретінде қарастыруға итермелейді. Әрі тілдің басқа единицалардан айырмасын айқындайтын негізгі ерекшелік болып табылады. Бұл белгілердің түрі мына төменгідей: а) лексикалық мәні. ә) копаненттік құрамы. б) грамматикалық категориялардың түрі. Бұл белгілердің тек фразеологизмдерге қатысты екенін дәлелдеу үшін сол фразеологизмдерді тілдік единица сөзбен жәй сөз тіркесімен салыстыру қажет. Екеуінің де фразеологизмдермен ортақтасып кететін белгілері бар. Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тіліміздегі фразеологизмдерді тіл білімінің синтаксис саласында зерттеу де оның ашылмаған сан қырының бірі.Фразеологизмдерді зерттеу арқылы тек тілдің өткенін,түп-тамырын ғана емес,сол тілді қолданушы мәдениетін терең білуге болады.Осыдан келіп фразеологизмдерді зерттеушілер синтаксисте оның ішкі байланысына ғана тоқталады.Сөз тіркесі негізінде іштей берік жымдасқан фразеологизмдердің сөйлем ішінде қалай байланысқа түсетіні жайлы зерттеу-тақырыптың өзектілігі болып танылады.....