Текті әулеттің құлыны (Еске алу)
Әсет Батырханұлы Алматы облысы Райымбек ауданында (ол кезде Талдықорған облысы Нарынқол ауданы) таудан төмен жарыса аққан Қос Шибұт өзенінің тоғысқан жерінде орналасқан Шәлкөде ауылында 1972 жылы 2 қарашада.....
Қазақ - тойшыл қауым. Онымен таласымыз жоқ. Әйткенмен шешен бабаларының ұрпақтары бүгінде қуанышқа жиналса, ауыздарына сөз түспей біраз қысылып қалып жатады. "Өмірлік тілектер" болып сақталған "Көлдей көңіл, өзендей өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат" тілеу, әрине, артықтық етпейді. Бірақ бұл тілектердің заман тоздырғанына да біраз болды. Жас жұбайларға арналған тілектерді жаңартатын кез келді. Біз сіздерге жастардың неке тойында айтуға болатын біршама тілектер шоғырын ұсынбақпыз. Бастысы – тілегіңіз жүрегіңізді жарып шыққай!
Менің алтындарым, сендер өз еңбектеріңмен және адал терлеріңмен осы үйдің кілтін қолдарыңа алып, оң аяқпен аттап отырсыңдар. Бұл үшін біз тек қана қуанамыз. Бүгін жаққан ошақтарыңның оты ешқашан сөнбесін. Екеу болып аттаған жаңа қоныстарың үбірлі-шүбірлі болған кезде, үлкен қара шаңыраққа айналсын! Біздей жас жұбайларға осындай пәтер жұғысты болсын.
Жаңа қоныстан қуаныш арылмасын. Осы үйдің табалдырығын жақсылықта ғана аттайық. Осы үйдің дастарханы қуанышқа ғана жайылсын! Қоныс құтты болсын!