60 жас мерейтойға құттықтау тілектер. Алпыс жас құтты болсын!

Адам баласының ұзақ өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе-дағы кемел жасы 60-тың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге көтерілер бұл шақтың тал түс аталуы бекер емес-ау....

Құттықтау, тілектер
Толық

50 жасқа мерейтойына құттықтаулар, тілектер

Құрметті отағасы! Ердің жасы – 50 жасқа келген мерейлі сәтің құтты болсын!

Өмір көшін біз бірге бастап едік, қалыпсың сен де 50 жасқа келіп, - ұл-қыз тәрбиелеп, жарыңды аялап, ата-анаңды қастерлеп, әкелік, жұбайлық, перзенттік парызыңды адал атқарып....

Құттықтау, тілектер
Толық

Туған күн (Әке - Мерейтой 70 Жас)

Туған күнге Қазақша Құттықтау Тілектер жинағы, Туган кунге казакша Куттыктау Тилектер жинагы, 70 жас Қазақша Құттықтау - Тілек, 70 жас казакша куттыктау тилек,Асқар таудай әкем – бақытымсың, бағымсың,
Өмірдегі, төрімдегі тағымсың!
Құтты болсын ......... жасың, жан әке,
Сағынышым, қуанышым, асқар шың.

Тілейміз біз таусылмайтын төзімді,
Тілейміз біз сарқылмайтын сезімді.
Денсаулығың мықты болсын, жан әке,
Құттықтайды ұл-қыздарың өзіңді.

Өмір-өзен жақсылығын жалғасын,
Тіршілікте сәттіліктер қолдасын,
Жанұямен мақтанамыз қашанда,
Арамызда Сіздей әке болғасын.
Құттықтау, тілектер
Толық

Туған күн (Бастық)

Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, бұралаң ұзақ жолында таңдаған мамандығыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде Астананың ірі кәсіпорын басшысы....
Құттықтау, тілектер
Толық

Туған күн (жігітіме, жаныма, сүйгеніме, ғашығыма)

Бүгін сенің туған күнің жарығым! Сені туған күніңмен мен емес, жүрегім құттықтайды. Өйткені осы жүрегім күні-түні үздіксіз сенің атыңды айтып соғады. Мен сенімен мәңгі бірге болғым келеді. Сен секілді серінің ханшайымы болғаным үшін бақыттымын!
Жаным! Бүгін сен үшін де, мен үшін де ерекше күн. Бүгін сенің туған күнің! Бұл күнді ұзақ күттім, өйткені көз алдымда бір жасқа есейесің. Саған мәнді ғұмыр тілеймін!

Құттықтау, тілектер
Толық

8 наурызға қыздарға, әйелдерге құттықтаулар, тілектер


Мазмұны:



Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:
 
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

Құттықтау, тілектер
Толық