Тынышбай Рақым (1946 - 1999)

Тынышбай Рахимов (12 қыркүйек 1946, Өзбекстан, Ташкент облысы Жоғарғы Шыршық ауданы бұрынғы Свердлов атындағы ұжымшар – 3 тамыз 1999, Алматы) – ақын, сазгер.

Өмірбаяны
Сарысу ауданы Байқадам (қазіргі Саудакент) ауылындағы ауыл шаруашылығы механикаландыру училищесін (1961), Жамбыл (Тараз) қаласындағы мәдени-ағарту училищесін (1966), Киров атындағы ҚазМУ-ді (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) (1979) бітірген. 1966 – 71 жылы Жаңатас қаласында М.Әуезов атындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі, 1971 – 72 жылы Жамбыл ауданы «Шұғыла» газетінде жауапты хатшы, 1972 – 74 жылы Жамбыл облысы «Еңбек туы» газетінде (қазіргі «Ақ жол») әдеби қызметкер болды. 1975 – 82 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1983 – 87 жылы «Жазушы» баспасының көркем сын, қазақ поэзиясы редакцияларында аға редактор, 1989 жылы Қазақстан жазушылар одағы жанынан ашылған көркем аударма алқасында редактор, 1990 жылы «Жалын» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, 1990 – 94 жылы Республикалық Қазақ теледидарының музыка бөлімінде редактор, бас редактор қызметін атқарды....
Өмірбаяндар (биография)
Толық